Сабақ тақырыбы: XIV людовик және Ұлы Петр: кімнің билігі айтарлықтай шексіз болды?


Сабақтың тақырыбына байланысты қосымша теориялық материал



бет3/3
Дата07.02.2022
өлшемі27,79 Kb.
#95387
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Дүниежүзі тарихы Абсолютизм Батыс пен Шығыс Әдістемелік нұсқаулық 6.18.1

Сабақтың тақырыбына байланысты қосымша теориялық материал

Мәтін «Құдай берген мұрагер»

XIV Людовик де Бурбон, туған кездегі есімі Луи-Дьёдонне («Құдай берген»), 1638 жылдың 5 қыркүйегінде дүниеге келді. XIV Людовик корольдің билік құрған жылдары Франция тарихында «Ұлы ғасыр» деп аталды.


«Құдай берген» деген есім бір себептен пайда болды. Австрия ханшайымы Анна 37 жасқа келгенде некеде тұрғаннан кейін 20-дан астам жылдан соң болашақ тақ мұрагерін дүниеге әкелді.
5 жасында әкесі XIII Людовик қайтыс болғаннан кейін король атанды. Мемлекетті басқару ісі корольдің жасына байланысты анасы Австрия ханшайымы Анна мен бірінші министр - кардинал Мазариниге берілді.
Людовик 10 жасқа келген кезде, Францияда азаматтық соғыс басталды. Оппозициялық Фронда билікке қарсы қарсылық көрсетті. Жас король Луврда қоршауда қалып, астанадан жасырын қашып кетуге мәжбүр болды.
Осы жылдар ішінде оның өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасты. Балалық шағын еске түсіре отырып, XIV Людовик елде тыныштық пен мықты корольдің билігі болғанда ғана Франция өркендей алатынына сенімді болды.
Ол Францияның корольдерінің арасындағы жарқын жұлдызына айналды. Ол мемлекетті 72 жыл басқарып, тіпті 1952 жылы таққа келген қазіргі ағылшын патшайымы Елизаветадан да көбірек билік құрды. Әлі күнге дейін ешкім Күн-Патшадан озып кете алмады. XIV Людовик өзін еліне Құдайдың берген сыйы деп есептеді.
1661 жылы кардинал Мазарини қайтыс болғаннан кейін, жас король Мемлекеттік Кеңесті жинап, онда ол бұдан әрі бірінші министрді тағайындамайтынын жариялады. Билікті өз бетінше басқаруға ниетті екенін айтты. Король сенімсіздік танытатын Луврға қайта оралмау үшін Версальда жаңа үлкен резиденция салу туралы шешім қабылдады.
XIV Людовик өз билігін сипаттайтын сол кезеңде қарқынды дамып жатқан ғылым, өнер, әдебиет салаларының өркендеуіне ұлес қосты. Ғылым, өнер және қолөнерді король тарапынан қолдауы Францияның мәдени үстемдігін нығайтты. XIV Людовик билік құраған жылдарында Парижде Ғылым академиясы, Париж обсерваториясы және Корольдік музыка академиясы құрылды. Дипломаттардың тілі латын тілінен француз тіліне ауысты.
1661 жылдан бастап 1673 жылға дейінгі кезеңде монарх Франция үшін ең маңызды реформаларды жүргізді. XIV Людовик барлық мемлекеттік институттарды қайта құрды, әлеуметтік-экономикалық салаларда тиімді реформалар жүргізді. Елде әдебиет пен өнердің гүлденуі басталды.
Шексіз соғыстар, корольдік сарайының үлкен көлемдегі шығыстары француз қазынасын ойран қылды. Абсолютизмнің жарқырауы діни төзімсіздікке, халықтың салықтық қысымына және оның кедейленуіне себеп болды. «XIV Людовиктің ғасырының» соңғы жылдарында Франция терең экономикалық құлдырауды бастан кешті.


(Дерек көз: http://obshe.net/posts/id805.html)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет