Сабақ тақырыбы Зат мөлшері. Моль. Авогадро саны Мақсаты



Дата23.08.2017
өлшемі85,18 Kb.
#24998
түріСабақ
САБАҚ ЖОСПАРЫ


Пән

Химия



Мұғалім

Асанова Ардақ

Мектеп, сынып

Павлодар қаласы, Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектеп, 8-сынып

Сабақ тақырыбы

Зат мөлшері. Моль. Авогадро саны




Мақсаты

Білімділік: Оқушыларды зат мөлшері, моль, молярлық масса ұғымдарымен таныстыру және заттардың мөлшерін есептеу машықтарын қалыптастыру.

Дамытушылық: Математикалық білімдерін пайдалана отырып, зат мөлшерін, молярлық массаны есептеуде ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Химиялық есептеулерді пайдалана отырып, өмірде орынды қолдана білу.


Сабақтың типі

Аралас


Сабақта қолданылатын құралдар

Интербелсенді тақта,

http://bilimland.kz/index.php/kz/catalog/lesson/11294-mol сайтының бейне роликтері, 10-сынып электронды оқулығы, есептер жинағы және жұмыс дәптері.


Қолданылған ресурстар



Химия 8-сынып оқулығы, Н.Н. Нурахметов «Мектеп», 2012 ж.

Интернет ресурстар


1. http://www.nontoxicprint.com/electroetching.htm
2.http://dic.academic.ru/dic.nsf/enc_colier/3192/ХИМИЧЕСКИЕ
3. http://atecom.ru/ru/hydrogen/
4. http://bilimland.kz/index.php/kz/




Сабақ құрылымы




  1. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру. Сабақтың ұстанымымен таныстыру.

  2. Өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында:

- Химияда қолданылатын стехиометриялық заңдылықтарды еске түсіру. Зат құрамының тұрақтылық заңының тұжырымдамасы және оны кім ашты?

- Заттар массасының сақталу заңына М.В. Ломоносовтың берген тұжырымдамасы қандай?

- Химиялық реакцияның теңдеуін құрастырудың басты шарттарын қолдана отырып, тақырып соңындағы тапсырмалардың орындалуын тексеру:


  1. Na+S→ ; K+P→ ; Mg +O2




  1. … + O2→ ZnO; … + O2→ CaO ; … + O2 → Cr2O3



  1. Үйде пайдаланылатын табиғи жанғыш газдың құрамына кіретін пропанның С3Н8 жануы оттегі қатысында жүретінін ескеріп, химиялық реакция теңдеуін құрастырыңдар.



  1. http://learningapps.org/display?v=p5ecsg79501 тапсырмаларды орындау.




Жаңа сабақ


Химиялық теңдеуді құрастырыңдар:
4Na + О2 → 2Na2О

4атом 1 молекула 2 молекула

натрий оксиді

m(Nа): m(О) (4·23): (32) 92:32 23:8

Реагенттердің санын білу қажет болса, оларды жеке-жеке есептеу қиындық туғызады. Сондықтан физикалық шама зат мөлшері қолданылады.
Моль ұғымын дүкен сөрелеріндегі тауарлармен салыстыру арқылы түсіндіру:

http://bilimland.kz/index.php/kz/catalog/lesson/11294-mol сайтында берілген бейне түсіндіру пайдаланылады.

Моль – зат мөлшерін білдіретін бірлік, құрамында 12 г көміртекте болатын атомдар санына тең құрылымдық бөлшектер (атомдар, молекулалар, т.б.) болады. 12г 6 12С құрамында 6,02·1023 атом болады. Ол Авогадро саны NА (итальяндық ғалым А. Авогадро құрметіне қойылған) кез келген заттың 10 23молінде болатын құрылымдық бөлшек саны.

Авогадро саны бейне түсіндіру http://bilimland.kz/index.php/kz/catalog/lesson/11294-mol пайдаланылды.

Химияда заттың әрбір молінің массасы молярлық масса деп аталады. М әрпімен белгіленеді, өлшем бірлігі г/моль .

Зат мөлшерінің массаға, көлемге және бөлшек сандарына қатынасын төмендегі формулалармен өрнектейді:

=m/М = N/ NА =V/Vm

Мысалы: Массасы 112 г темір қанша зат мөлшеріне сай келеді?




Берілгені:
m(Ғе)= 112г

Т/к: -?


N-?

Шешуі:
=m/М

= 112г/ 56г/моль= 2моль

= N/ NА  N=NА

N= 2моль· 6,02·1023=12,04·1023






Бекіту


Жұмыс дәптерінен: 1.9 Зат мөлшері. Моль.Молярлық масса тақырыптарына берілген тапсырмалар.

http://bilimland.kz/index.php/kz/catalog/lesson/11294-mol Моль, Авогадро саны тақырыптарының соңындағы тапсырмалар

Кім жылдам:

http://learningapps.org/413762 зат мөлшеріне есептер




Рефлексия

Мен ..... білдім.

Маған ..... қызық болды.

Мен .... қиналдым.



Мен .... үйренсем деп талпынамын.
Үйге тапсырма: §18 тақырыпты оқып, түсіну. Тақырып соңындағы №5,6,7,9 тапсырмаларды жазбаша орындау.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет