Сабақ тақырыбы Заттарды санау



бет1/3
Дата10.03.2020
өлшемі0,61 Mb.
#59831
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
КМЖ Кабдыкова Салтанат


Пән: Математика Мектеп: Аль-Фараби атындағы орта мектеп

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Сандар мен шамалар

Бөлімше:«1.1. Натурал сандар және 0 саны.Бөлшектер»

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Кабдыкова Салтанат

Сынып: 1 сынып Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Заттарды санау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.1.1 Натурал сандар және нөл санының құрылу жолын түсіну. 10 көлемінде тура және кері санау; натурал сандар қатарындағы орнын анықтау.




Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: натурал сандар және нөл санының құрылуын түсіну, 10 көлемінде тура және кері санауды білу.

Басым бөлігі: 10 көлеміндегі заттарды санау дағдыларын, тура және кері санауды есте сақтау, жазу.

Кейбір оқушылар: Заттардың санын сурет арқылы цифрмен сәйкестендіру.

Бағалау критерийлері


  1. Натурал сандар және нөл санының құрылуын түсініп, заттарды 10 көлемінде тура және кері санайды .

  2. 10 көлеміндегі заттарды тура және кері санап, есте сақтау арқылы жазады.

  3. Заттардың санын цифрмен сурет арқылы сәйкестендіреді.

Тілдік мақсаттар



10 дейін тура және кері санайды.

Пәнге тән лексика мен терминология:

1-ден 10-ға дейінгі сандардың атауы; санау; санап шығу, барлығы;

Қанша? Саны бойынша нешінші? сан және цифр, алдыңғы сан, келесі сан

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Талқылау:


  • Қалай ойлайсыз, менде қанша ..........бар?

  • Мұны қалай біле аламыз?

  • Неліктен… екенін айта аласыз ба?

Бұл санды алдыңғы/келесі сан деп атаймыз.


Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы білім алу. Өмір бойы білімін арттыруға, жаңаны тануға және шығармашылыққа деген ынтаны қалыптастыру. Өзін –өзі оқыту мен өз бетінше білңм алу дағдыларын қалыптастыру.Сабақ барысында оқушылардың бір-бірін тыңдау, көмектесу бірлесіп тапсырма орындату, диалогтық сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Пән аралық байланыстар

Сауат ашу (диалог, оқу) , Музыка (шаттық шеңбері, ширату жаттығуы кезінде қолдану)

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Бастапқы білім


Күнделікті өмірде сандар ретімен санауды үйрену тәжірибесі бар

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут


Ұ) Психологиялық дайындық

Оқушылардың бүгінгі сабақтарына сәттілік тілеу.



(Оқушылардың санай алу қабілетін байқау)

1-10-ға дейін санау («Санамақ» айту)



Топтарға бөлу.

Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.



1-топ «Сары кәмпиттер»

2-топ «Көк кәмпиттер»

3-топ «Қызыл кәмпиттер»
Оқу мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерімен таныстыру.


Шаттық шеңбері, музыкалық әуен



Сабақтың ортасы

10 минут

10 минут


10

минут



(Ұ) Саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі. «Ой қозғау» әдісі

Тапсырма. Суретке қарап, әр топтағы заттарды сана.

- дәптерден нешеу санаңдар? (3)

- қанша альбом бар? (1)

-түрлі түсті қарындаштар нешеу көріп тұрсыңдар? (10)

- қанша кітап бар? (5)

-қалам нешеу көріп тұрсыңдар, қалам бар ма? (0)

Балалар 0 деген сан ол жоқ деген сөз. Бұл санға біз қоса да, азайта да алмаймыз.

-құрылған сандық қатарды тура және кері санап көрейік?





Бағалау критерийі:

  1. Натурал сандар және нөл санының құрылуын түсініп, заттарды 10 көлемінде тура және кері санайды .


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет