1. Оқушылар жұптасып төмендегі сұрақтарды талқылайды.
Мысалы:
1.Меншікті балқу жылуы дегеніміз не?
2.Меншікті балқу жылуын қалай есептейді және өлшем бірлігі қандай?
3. Суретте температураның уақыттан тәуелді графигі көрсетілген.
a) 0-1 мин аралығы қай процесті сипаттайды?
b) 1-4 мин аралығы қай процесті сипаттайды?
c) Қандай температурада дене балқи бастады?
d) Дененің балқуына қанша уақыт қажет болды?
Мұғалім сырттай бақылайды, әрбір оқушының жауабына кері байланыс жасайды.
2. Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады:
меншікті балқу жылуы терминінің физикалық мағынасын түсіну;
мұздың меншікті балқуын анықтау және кестелік мәнімен салыстыру.
меншікті балқу жылуын анықтаған жұмысқа талдау жасау.
= қауіпсіздікті сақтау бойынша кеңес
Физика сабағында ыстық сулармен және шыны ыдыстармен жұмыс жасау кезінде міндетті түрде орындалуға қажетті «Техника қауіпсіздігінің ережелерін» еске түсіру.
|