Сабақ тақырыбы Зертханалық жұмыс «Тағамдық заттар құрамынан с дәруменді анықтау»


«Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісі арқылы бағалаймын



бет3/7
Дата22.10.2022
өлшемі267,06 Kb.
#154546
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1542205519 (1)
ынтымақ- достық кепілі тәрб сағ
«Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісі арқылы бағалаймын.
Оқушылар ішкі және сыртқы екі шеңбер құрады. Балалар бір-біріне қарама-қарсы тұрып, үй тапсырмасы бір-бірлеріне сұрақтар қояды. Сыртқы шеңберде тұрған оқушылар ауысып өздеріне жаңа жұптар құрады. Сөйтіп сұрақтар қою істері әрі қарай жалғаса береді. Қарапайымдылық қағидатына негізделген бағалау түрі.

Кеспе қағаздар

Жемістер мен көкөністердің суреттері




Сабақтың ортасы


2 мин

2 мин


3 мин

2 мин

2 мин

8 мин

5 мин

2 мин

Жаңа сабақ. Тақырыбы мен оқу мақсаты түсіндіріледі.
Неліктен С дәрумені «басты дәрумен» деп аталады? деген сұраққа жауап ала отырып жаңа сабақты бастаймын.
«Санаттау» әдісі. Ромб суреті салынған үлестірмені таратамын. Ромб іші төрт немесе сегіз ұяшықтарға бөлінген. Белгілі бір ұғымдарды маңыздылығына немесе пайдасына қарай орналастыру керек.
1-тапсырма. Топтық жұмыс. Зертханалық жұмыстың жүргізілу қадамдары мен тапсырмаларын дайындап нұсқаулық тастаймын.
Оқушылар өз кеспе қағаздарындағы дәрумендердің маңыздылығына немесе пайдасына қарай жоғарыдан төмен қарай орналастырыңыздар. Орналасуына қарай түсінік беріңіздер.
Тапсырманың тиімділігі мен ерекшелігі: Бұл тапсырма алдағы өткізгелі тұрған сабақта қандай жайттарға көбірек назар аудару керектігін, яғни зейіндерін шоғырландыруға арналған.
«Қытайша десерт» әдісі арқылы «Азық-түліктің құрамындағы С дәруменінің мөлшерін анықтау» зертханалық жұмысын орындау тапсырмасы ұсынылады.
Жұмыс барысын мұқият оқып шығу тапсырылады.
Сыныптағы барлық оқушылар бір уақытта бірдей тапсырмаларды орындайды (есеп шығарады; сұрақтар, тест тапсырмаларын, жадынама, ұсыныстар, ереже, мәтін құрастырады; кесте, диаграмма толтырады т.с.с.). Келесі қадам: Тапсырманың күрделілігіне байланысты орындауға уақыт беріледі. Тапсырманы орындағаннан кейін әрбір оқушы тізбекпен өз жұмысын келесі оқушыға береді. Көршісінің жұмысын алған оқушы алдымен оны тексереді: тапсырма толық орындалған ба, қате жоқ па, нені орындай алмаған немесе қате орындаған. Осыдан кейін қателерді түзетеді және түсініктеме жазады (неге осылай болуы керек). Сонымен қатар жұмысты толықтырады: шығарылмаған есептерді шығарады, аяқталмаған тапсырманы орындайды (сұрақтарға жауап береді, тест тапсырмасын орындайды, сөзді, сөйлемді, абзацты толықтырады т.с.с.). Тағы да жұмысты тізбек бойынша ары қарай келесі оқушыға жібереді.Бірақ осындай жұмысты тек алдында осы тапсырмаларды өзі орындай алған оқушылар ғана, яғни оқу материалын жақсы меңгерген оқушылар атқара алады. Ал тапсырманы дұрыс орындағанына сенімсіз, немесе қате орындаған, жартылай ғана орындаған немесе мүлде орындай алмаған оқушылар не істейді? Олар да жұмысты қарап шығады және тым болмаса 1-2 тапсырманың орындалу тәртібін есте сақтап қалуға тырысады: осы есепті қалай шығаруға болады екен, қандай сұрақ қоюға болады екен, берілген мәселеге қатысты қандай идеялар айтуға болады екен т.с.с.Осы интерактивті жұмыс әрбір оқушы өз жұмысын қайтадан қолына алғанша жалғаса береді. Әрбір оқушы өз жұмысын қолына алған бетте ондағы басқа оқушылар жасаған жазбаларды талдайды: жасаған ескертулер, түзетулер, түсініктемелер, толықтырулар әділ ме әлде жоқ па. Осыларға қатысты қорытындылар жасайды да, жалпысыныптық талқылауда өз пікірін айтады. 
Мұғалім оқушыларға қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау жөнінде нұсқаулықтар береді.
Зертханалық жұмысты бастамас бұрын оқушылардан қолданылатын құрал-жабдықтармен танысу сұралады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет