8 сынып Химия пәнінен ашық сабақ Тақырып:Су және сулы ерінтілердің маңызы Мақсаты: «Су және ерітінділер» тарауы бойынша оқушылардың алған білімін бір жүйеге келтіріп, пысықтау.судын халық шаруашылығындағы, адам өміріндегі маңызына тоқтап өту. Оқушылардың судың сандық, сапалық құрамын анықтау жолдарын қолдану, химиялық формула, теңдеу құру дағдыларын, есеп шығару шеберліктерін шыңдап, ойлау қабілетін дамыту. Химияның биология, экология, география, математика, физика және әдебиет пәнаралық байланысын көрсете отырып,оқушының танымдық белсенділігн арттырып, тілін дамытуға тәрбиелеу. Сабақ түрі:Кіріктірілген сабақ, МОТ-тың «Аквариум» тәсілі,СТО технология. Көрнекіліктер:Д.И.Менделеев жүйесі,қышқылдардың, негіздердің, тұздардың ерігіштік таблицасы.Топтастыру кестесі. Карточкалар, жетондар, сөзжұмбақтар. Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша білімін тексеру. «Сергіту сәті» өзгерістердің қандай құбылыстарға, қай пәнге қатысы барын анықтаңдар.
«Кім жылдам?» Су тақырыбы бойынша сұрақтар қойылады, кім бірінші болып жауап берсе сол ұпай алады.
«Ойлан тап!» Валенттілік бойынша тапсырмалар.
« Жеті жұрттың тілін біл». Жұмбақ жасырылады, тапқан химиялық элементтің үш тілде атау керек (қазақша, орысша, латынша)
ІІІ. Жаңа тақырып: Су және сулы ерітінділердің маңызы.
Ғалымдар - су маңызы туралы. «Су тіршілік көзі». Судың биологиялық, экологиялық және халық шаруашылығындағы маңызын ашатын мақал-мәтелдер.
«Су ерекше зат», «Судың адам өміріндегі маңызы», «Судың маңызы» - осы тақырыптар бойынша кесте толтыру Пысықтау: «Сандарды сөйлетейік». Сандық есептер шығару ІУ. Жетондар арқылы бағалау. У. Үйге тапсырма: §41 б.107-109 есеп №1,2 Ұйымдастыру кезеңі. Сынып оқушылары екі топқа бөлу. Сабақ кезеңдерімен, мақсатымен және ережесімен таныстыру.
«Сергіту сәті».Сұраққа жауап беріп, өзгерістердің қандай құбылыстарға, қай пәнге қатысы барын анықтаңдар. Судың булану жағдайы (температура) физика
Судың салыстырмалы молекулалық массасы (18) химия,физика
Судың газ күйі (бу) физика
Суы мол Қазақстандағы өзен (Ертіс) география
Су молекуласындағы оттектің дәрежесі (-2) химия
Судың қайнау температурасы (100о) физика
Жер шарындағы судың пайызы (2%-2,5%) география
Адам денесіндегі судың үлесі (65-70%) биология
Мидағы судың мөлшері (81%) биология
Судың қатты күйі (мұз) физика
Сутек жанғанда алынатын зат (су) химия
Жердің су қабаты (гидросфера) география
Астана қаласы қай өзеннің жағасында орналасқан? (Есіл) география
Бір тәулікте адамға судың қажет мөлшері (2-2,5л) биология2.«Кім жылдам?» Су тақырыбы бойынша сұрақтар қойылады, кім бірінші болып жауап берсе сол ұпай алады.
Ерітінді дегеніміз не?
кг тас ауыр ма, 1 кг су ауыр ма?
Синтез дегеніміз не?
Судың агрегат күйлерін ата.
Анализ дегеніміз не?
Коэффициент дегеніміз не?
Ерітінділердің жіктелуі.
Құрамында екі атом сутек, бір атом оттегі бар қосылыстың формуласы.
Газдардың ерігіштігі температура мен қысымда қалай өзгереді?
Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін қалай табамыз?
Индикатор дегеніміз не?
Табиғатта ең көп тарлған зат.
3.«Ойлан тап!» Валенттілік бойынша тапсырмалар Мына қосылыстардағы элементтердің валенттілігін көрсетіңдер.
Н2О, НҒ, NH3, H2S, CH4. Мына қосылыстардағы элементтердің валенттілігін көрсетіңдер.
СаО, СО2, Р2О5, Н2О, AL2O3
Мына қосылыстардағы элементтердің валенттілігін көрсетіңдер.
P2S5, CrO, FrCL3, CuO, В2О3
4.« Жеті жұрттың тілін біл». Жұмбақ жасырылады, тапқан химиялық элементтің үш тілде атау керек (қазақша, орысша, латынша)
Шыдасаңдаалтыкүнассызмүлде Шыдамайсыңбұлзатсызекікүнде Сужүргізертіршіліктіңтамырын, Сужоқболса, тіршіліктәмамбауырым. Судыңбіздербілетұрамаңызын Көпболғансоңұмытамыз 2.«Сутіршіліккөзі». Судың биологиялық, экологиялық және халық шаруашылығындағы маңызын ашатын мақал-мәтелдер.
Мақал-мәтелдерді аяқтаңдар:
Су – ырыстың көзі, ... еңбек-кірістіңкөзі
Егер жерді әке десек, ... онда суды ана дейміз
Су тасыған жердің ... көгі тасыр
Су ішетін арығы жоқ елдің ... сүзіп алатын балығы жоқ