Сабақ Тақырып: Торғай өңіріндегі ағартушылықтың даму тарихы, зиялылардың



бет7/7
Дата06.01.2022
өлшемі273,88 Kb.
#110111
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
1972 жылдың 12 сәуірінде ашылды. Институттың материалдық базасының, оқу-әдістемелік қорының, профессор-оқытушылар құрамының қалыптасуына және күшеюіне Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты, Ақмола және Қостанай педагогикалық институты, сонымен қатар Алматы шет тілдері институты баға жетпес көмек көрсетіп, үлкен үлес қосты. Алғашқылардың бірі болып К.Д. Ушинский атындағы Ярослав педагогикалық институты қамқорлыққа алып, ұзақ жылдар бойы қажетті көмек көрсетті. 1979 жылы графика және өнер факультеті, 1980 жылы биология және химия факультеті, 1989 жылы музыка-педагогикалық бөлім, 1992 жылы қазақ тілі және әдебиеті факультеті ашылды. Студенттер саны 200-ден 2500-ге дейін, ал профессор-оқытушылар құрамы 17-ден 210-ға дейін өсті. Олардың ішінде 40 оқытушының ғылыми дәрежесі және атағы болды. С. Рахметова, Ж. Әбдіғалиева, К. Ерғалиева, Ж. Абденова, А. Фациевич, Т. Қайралапова, В. Аксючиц, К. Саканова сынды оқытушылар мен қызметкерлер институт құрылған кезден бастап жемісті еңбек етті. Институттың негізін салушылардың бірі, тұңғыш ректор, техника ғылымдарының докторы Мырзағали Отарұлы Төлегеновтің үлесін ерекше атауға болады.
   Қазіргі таңда Арқалық қаласында М.О. Төлегеновтің құрметіне өзі тұрған көшеге есімі берілді, физика және математика факультетінде М.О. Төлегенов атындағы дәрісхана ашылды, сонымен қатар М.О. Төлегенов атындағы стипендия тағайындалды. Институт студенттері спорттық іс-шараларға, қалалық біріншілік үшін өткізілетін жарыстардан бастап, әлем чемпионатына қатысып, жүлделі орындарды иеленуде. Жеңістің, жүлделі орындардың басым бөлігі күрес және самбомен айналысушы спортшылардың еншісінде. Филология факультетінің студенті Жұлдыз Айтмағанбетова Әлем Кубогінің қола жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы атанса, самбодан және қазақша күрестен (ұлттық күрес) республика чемпионы Мұрат Кентонов, физика-математика факультетінің студенті Айдар Нұрғыметов «Универсиада-91» чемпионы. 1976 жылы қазақтың ұлы ағартушы-педагогы Ы.Алтынсариннің ғылыми-педагогикалық мұражайы ашылды. Осыған орай алғаш рет «Алтынсарин оқулары» салтанатты түрде өткізілді. Алматы, Ақтөбе, Қостанай облыстарынан, Торғай аймағынан ғалымдар, ақындар мен жазушылар шақырылды. Ұлы педагогтың шөбересі, Қазақстанның халық ақыны М.Хакімжанова және Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, белгілі ақын Ғ.Қайырбеков қатысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет