1864 жылы Торғай қаласында Ыбырай Алтынсарин ашқан тұңғыш мектеп 1879 жылы Қостанай қаласы облыс орталығы болып құрылғаннан кейін мектеп үшін тастан ғимарат салу мәселесі шешілді. Мектеп ғимаратының құрылысы 1882 жылы басталды, ал 1884 жылы Троицк орыс-қазақ мектебі жаңа тас ғимаратқа көшіріліп, «Қостанай екі сыныптық орыс-қазақ училищесі» деп атала басталды. Жабылу шегінде тұрған мектептің жаңа ғимаратқа көшірілуі — Ыбырай Алтынсаринның тікелей еңбегі. Ыбырай Алтынсарин өзінің педагогикалық қызметінде оқушылардың тәрбие мәселесіне ғана емес, еңбек білімінің мәселелеріне де үлкен назар аударып отырған, сондықтан ол Торғайда қолөнер училищесін ашты, кейін ол Яковлев училищесі деп аталды. Ол басынан бастап облыстың уездік қалаларының барлығында бір-бірден орталық училищеден ашуды көздеген еді. Торғай облысы аумағындағы ауылдарды аралап жүріп, халықтан қаражат жинады. Илецк, Николаев, Торғай, Ырғыз уездерінде бір-екі сыныптық орыс-қазақ училищеден ашты. Бұл оқу шаңырақтарын мұғалімдермен қамтып, шәкірттермен толтырды. Мектептерді ашпас бұрын Алтынсарин елді мекендердің аумақтық орналасуын, халықтың жиілігін алдын-ала зерттеп отырды, содан кейін ғана мектептерді ашуға кірісті. Қазақстан жерінде әйелдерді оқыту ісінің басталуы да Алтынсаринның есімімен байланысты. Бұл маңызды бастаманы іске асыру кезінде де ол патша өкіметі тарапынан жасалған кедергілерге тап болды. Ырғызда қазақ қыздарына арналған интернаты бар арнайы мектеп ашылғанда оның қуанышында шек болған жоқ. Уездік, болыстық, ауыл мектептерінің ашылуымен бірге Алтынсариннің басты еңбектерінің бірі — 1883 жылы Орск қаласында тұңғыш қазақ Мұғалімдер мектебінің ашылуы. Онда қазақ мектептері үшін мұғалімдер даярланды. 1887 жылы 10 желтоқсанда көрнекті ұстаз Қостанай уезінде Обаған бір сыныптық болыс мектебінде жеке алғашқы сабақтарын берді. Бұл мектеп кейіннен орыс-қазақ училищесі болып өзгертілді және 1940 жылы 7 шілдеде 2 курс құрамымен Меңдіқара қазақ педагогикалық училищесі ашылды. 1949 жылы училищеге қазақ халқының ұлы перзенті, оның негізін қалаушы - Ыбырай Алтынсариннің есімі берілді. 25 жыл өткеннен соң училище Рудный қаласына көшірілді, ал 1992 жылы Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі болып ауыстырды. Алтынсарин жастардың, бүкіл қазақ халқының сүйікті адамы болды. «Біз, яғни көшпенділер үшін Ы.Алтынсаринның өзі де және оның шығармалары да өте қымбат. Мұны Ресейдің алғашқы зайырлы әдебиетінің маңызын білетіндер түсіне алады. Біз Алтынсаринның тұлғасынан бүкіл халықтың рухы, ойы, пейілі, мінезі және түм өмірінің бейнесіне