Мектеп:Құмкешу жалпы білім беретін орта мектебі
Мерзiм: 24.02.2017ж.
№ 23сабақ
Тақырып:«Табиғат-тал бесігің, аялай біл!» Құндылық:Сүйіспеншілік Қасиеттер: табиғатты аялау, сүю, қадірлеу.
Мұғалiм:Жүнісова Қуаныш
Сынып: 8
Оқушылар саны: 13
Сабақ мақсаты: оқушыларды табиғатпен үйлесімділік, табиғатты аялау туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
Оқушылардың табиғат тіршілік бастауы, адам табиғаттың бір бөлшегі екендігі, табиғат заңдылықтарын сақтау туралы түсініктерін кеңейту;
Оқушыларды табиғат тазалығын сақтауға, табиғаттан үндестік таба білуге үйрету;
Ізгілікті, жауапкершілікті, ұқыпты болуға тәрбиелеу.
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңi. Сәлеметсіздер ме оқушылар! Керемет көңіл – күймен қауышып отырғаныма қуаныштымын. Сабақты бастар алдында «Өзін - өзі тану» сабағының «5 - Т» ережесін еске түсіреміз. Бұл – тәртіп, талап, тыныштық, татулық, тазалық..
Тыныштық сәті (Нұрға бөлену) Баяу әуенмен айтылады.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын, таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды ата - аналарыңызға, туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын.»
Осындай Нұр, Махаббат және тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашыңыз. Рахмет.
Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.