2 – жаттығу. Тест жұмысын орындаңыз.
1. Синонимдес сөздерді табыңыз
А) жуа, сарымсақ; С) қызамық, кекіре; В) қаңылтыр, сым; Д) сым, леген; Е) бал, әсел
2. Диалект сөзден болған кәсіби сөзді көрсетіңіз
А) шемішке; В) полюс; С) глобус; Д) кернеу; Е) тарих
3. Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөздерді не дейді?
А) көнерген сөз; В) диалект сөз; С) кірме сөз; Д) термин сөз; Е) кәсіби сөз
4. «Тырық», «көтерем» диалектілерінің әдеби тілдегі баламасы
А) зәулім; В) шалғай; С) арық; Д) ескі-құсқы; Е) кішкентай
5. Сөйлемдегі диалект сөзді табыңыз
А) Табалдырықта отырма; В) Бидайға орақ түскелі тұр; С) Бау-бақшадан жеміс тердік.
Д) Бүгін азанда ояндым; Е) Оның нағашысы әскерден келді
6. Синоним болатын диалектілерді табыңыз
А) түбек, шүмек; С) былғары, тері; В) ауқат, тамақ; Д) кебеже, сандық; Е) қоржын, қалта
7. Қазір әдеби сөзге айналған диалект сөзді табыңыз
А) полат; В) кеден; С) бережақ Д) жар; Е) дуал
8. Мақта шаруашылығына қатысты диалект сөзді көрсетіңіз
А) ақыр; В) пәшік; С) жәмше; Д) қоза; Е) жом
9. Жозы, жуазы дегеніміз не?
А) үй қабырғасы; В) қысқаш; С) дөңгелек үстел; Д) түйенің түрі; Е) шұлық
10. Киім-кешекке қатысты диалектілер қатары
А) жалбай, зодық; В) желауыз, қышын; С) дәп, асар; Д) бодық, ұша; Е) әттік, морда
Достарыңызбен бөлісу: |