Ақуа адам ел үркітеді
2. Жүдәлі жерде қалмайды
Сыпатты адам сырын жасырмайды
3. Арманы жоқ жігіттің пәрмені жоқ
4. Жақсы лебез – жарым ырыс
5. Қарау адам – күншіл,
Менер адам – меншіл
6. Жалтсыз бұйырмағаннан татар
7. Алапатты олжа үшін өледі
Күншіл күндеумен өледі
8. Түйе шудасын,
Жылқы жалын, Пада мүйізін төсейді
3 – жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, Әбіш Кекілбаев шығармаларында кездесетін диалектизмдердің әдеби баламасын табыңыз.
Үлгі: Елеместің Шайхатты көп мошқайтыны да – оның тұтымының жоқтығы. Содан болар, талай жерде оның тапсырмасын орындаймын деп жаны көзіне көрінсе де, титекендей түйткіл қашса не дейсің. Аштан өлмес. Әйтеуір, ешкім насырына тимейді ғой. Жақан ондай-ондайға көп қыңбайтын боп барады («Автомобиль»).
Оның өзі де ұзатылған қыздың отын жинайтын шошаласында иесіз қалды («Құс қанаты»). Қуғыншыдан үркіп жөңкіле қашқан тағы үйір жолында не тұрса да қарамапты. Айдалада жалғыз жайылып тұрған бурыл байталды да қақпайлап әкеп, өздерімен бірге аранға жығыпты («Үркер»). Іштерінде Есетжан мінетіндей біреуі жоқ, өңшең тұғжым! Сол тұғжым бурылдың көлеңке бетінде төсі жылтырап Самат ағам тұрады («Үркер»). Қойыртпақ ішіп, күпке түсіп, солардың көңілін көтереді («Үркер»). Тұманның арты жібіскі жаңбырға айналды («Үркер»). Миы зеңитіндей күн бүгін әдеттегісінен әлдеқайда қағу («Ақырғы аялдама»). Тұсында әуел бастағы қарағай лашықтардың орнына осындай тәпене сыламалар салына бастағанына Петр патша қандай қуанып еді! Үйлерінің көбі – сол баяғы бір қабат сылама («Ақырғы аялдама»). Шәйдың дәмі ұнай ма, айтыңыз. Сізге шәйді басқа дүмшеден құйсын («Үркер»). Қараш, тіккені күрке, асқаны бақыраш, иті үрегеш, қызы күлегеш, ақ боз үйге кіре алмас, шоңқайма етік кие алмас, шөккен түйе міне алмас!... («Шыңырау»). Балалары қақшаңдаған әкесіне тартпай, балағын жинай алмай жүрген шешесіне тартып туған. Ӛңшең бір аузынан сөзі түскен бозым («Тасбақаның шөбі»).
4 – жаттығу. Берілген диалектілерді оқып шығып, сөйлем құрастыр. Олардың әдеби баламасын есте сақтаңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |