Сабақ тапсырмалары Тақырып. Диалектология туралы жалпы түсінік



бет14/52
Дата19.12.2021
өлшемі246 Kb.
#103449
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   52
Байланысты:
Қазақ диалектологиясы Практикалық сабақ тапсырмалары
62298, 62298, ТП каз (2), 12-14, байланыстыра, Титулки-Тесты, 1444200650275, Отбасы және қазіргі заман, Смайлы А3, Смайлы А3, Смайлики Кері байланыс, шапка ктп, 12 101945 1 90173, силлабус ҚМТҚ Жәниет Н.Б.
Д әрпінің түсіп қалуы:

Бір кезде ел-сал болған бойын жиып алғандай шіміркене қозғалып, Нұрлыбеккке қарай бұрыла түсті. (Б.Майлин Шығармалары, Алматы, 1962)

Ел-сал – дел-сал

Бір итке жегізіп ет табанда өлді, Қан кетіп мұрынынан дірек-дірек. (Т.Ізтілеуов, Рүстем дастан)

Дірек-дірек – дірдек-дірдек

Ғ әрпінің түсіп қалуы:

Бүгінгі күні жастарымызды жұмға күнгі намаздан көп көретін болдық. («Ислам және өркениет »)

Жұмға-жұма

Й әрпінің түсіп қалуы:

Нұргүл апам бақуат па, маған сәлем айтты ма? Былай қарай аттанарда Танакөзді көрмеп пе ең? (М.Шаханов«Танакөз» )

Бақуат-байқуат

Ш әрпінің түсіп қалуы:

Өндіріс малдарына үстеп құнарлы азық, жақсы жоңыршқа береміз. (Ж.Нәжімеденов «Ақ шағыл»)

Жоңыршқа – жоңышқа

Л әрпінің түсіп қалуы:

Үшеуі бірдей «бұ кім?» десіп есікке қарағанда, бұлар отырған үйдің есігі ашылып, үйге түлкі тымақ, жақсы киінген екі қонақ кіріп келді. ( М.Әуезов «Қорғансыздың күні»)

бұ кім-бұл кім?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет