Сабақ тапсырмалары Тақырып. Диалектология туралы жалпы түсінік



бет17/52
Дата19.12.2021
өлшемі246 Kb.
#103449
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   52
Байланысты:
Қазақ диалектологиясы Практикалық сабақ тапсырмалары

1 – жаттығу. Берілген сөйлемдерді көшіріп жазып, диалект сөздердің мағыналарын ажыратыңыздар.

1. Бұрын үнемі жарқылдап жалын атып жүретін аржайы барлаушының қапелімде бүйтіп көңілсіздене қалуы комсоргты қатты таң қалдырды. ( Ә.Нұрпейісов «Курляндия») 2. Пісірген асым қайдағы бір қиякелді түгіл, өз адамдарыма да жетер емес. (Ә.Нұрпейісов «Курляндия») 4. Ә, ә, таптық, таптық... Біз «осы не бітіріп жүр» деп құстаналасақ, корректіровщик екен ғой. (Ә.Нұрпейісов «Курляндия») 5. Ексім жел. Ызғарлы, суық жел. Ысқырған ексімді жел арбиған қу қаңбақты домалатып, ескі апандарға, сай жырасына малша иіріп, тыға түседі. (Б.Майлин. Шығармалары, Алматы,1962) 6. Әбілқайыр осы бей-берекет кездегі әбеқоңыр дастарқанның басындағы мөлтек мәжілістен тоғайып тұрды. (Ә.Кекілбаев «Үркер», 1981) 7. Жетіқабат жердің астында қараңғы үңгірейген үңгір забой, есебі, көрдің ішіндей десе болады. (С.Сейфуллин. Әңгімелер мен повестер, 1958) 8. Лүктен басымды көтерсем, қос желкенді бір дәу келіп-ақ қалған екен. (Ә. Сәрсенбаев «Толқында туғандар») 9. Таласов мырза істен шыққан лабазына өрт салғызып, жаласын жұмысшыларға жапты. (Ә. Сәрсенбаев «Толқында туғандар») 10. Үлкен қыстауда жалғыз өзі елегізитін сияқты. (Ж. Нәжімеденов «Кішкентай»)



2 – жаттығу. Меттаграмманың жауабын тауып, қай елді мекенге жататын диалект сөз екенін айтыңыз.

Оңтүстікте бар,

Батыста жоқ.

Алматыда бар,

Ақтөбеде жоқ. (...)

3 – жаттығу. Көркем әдебиеттен туыстық атауларға байланысты 10 диалект тауып жазыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет