Сабақ тапсырмалары Тақырып. Диалектология туралы жалпы түсінік



бет19/52
Дата19.12.2021
өлшемі246 Kb.
#103449
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   52
Байланысты:
Қазақ диалектологиясы Практикалық сабақ тапсырмалары

6 – жаттығу. Берілген диалект сөздерден сөйлем құра.

Шырпы, малақай, биялай, пияла, іңкәл, кәсе, бестақа.


7 – жаттығу. Берілген диалектілік тұрақты сөз тіркестердің мағынасын ашыңдар, сөйлем құрастырыңыздар.

1.Лоққыға түсу- \Сөзге еру\ 2.Мәтел қылу- \кесел жасау\ 3.Ауаны ұшу- \зәресі үшу\ 4.Машурат жасау- \ ұйғару\ 5.Жері құсау- \жердің ылғалдануы\ 6.Ләпай таптырмау- \қоныс таптырмау\ 7.Жоқ тапсыру- \сұрау салу,жоқ іздеу\ 8.Ит бұйда ету- \ұрсу, сөгу\ 9.Төрт аяқ жегілу- \түгелдей іске қосылу\ 10.Серпіні сегіз болу- \беделі арту, айтқаны болу\ 11.Бет қаратпайтын туу- \қыз туу\ 12.Елік ауыз болу- \қисыны кету, ұйқаспау\ 13.Ақылы там- \ақылды\


8 – жаттығу. Берілген диалектілерді оқып, есте сақтаңдар, мысалдарды дәптерлеріңе көшіріп жазып алыңыздар.

1. Жүдә (Жамбыл, Сар, Тал, Шымк, Шиелі; Торғ. Маңғ) тіпті, тым, аса М.Әуезов. «Білекке білек»: Осыларға шыли сөз қатып жүретінім не екен? Мәмілеге келетіндей,жүдә!

2. Көрсебағар -(Жамбыл, Шу, Гур, Маң) көрсе қызар, көрсе құмар. Ә.Кекілбаев. «Үркер»: Қазақтың ғой ондай- ондай көрсебағар тұлынан тұтып шығады.

3. Дәмбілше//жәмбәлше -(Қ.орда, Сыр, Жам) ерте пісетін кішкене сары қауын. Н.Серәлиев. «Әңгелек»:Таудың тасындай жыпырлап жатқан тостағандай дәмбілшелер көкпеңбек.

4. Ища - көңіл күйді білдіретін одағай (Алм, Орал, Ақт) Ә.Сәрсенбаев. «Толқында туғандар»: Ища! Мен жиренген болар едім.

5. Шалан-Үйдің ішке кіріп келе жатқандағы бөлмесі Ә.Сәрсенбаев. «Толқында туғандар»: Шаланда қабырғасында тіркеулі тұрған қайық кемелерде бір топ жігіт үлкен сүзгілерін толтыра носилькаға балық құйып жатыр.

6. Барың-(Маңғ,Ақт.Ақт)-бару, барып келу, барды, барыңдар. Ә.Сәрсенбаев. «Толқында туғандар»: Раушанды біздің үйге алып барың.

7. Кеуіл - көңіл, ой. (Жамб,Қорд,Сыр,Гур,Маң,Ақт;) Қ.Әбдіқадыров. «Тәтті қауын»: Жоқ жерден пайда түскен соң, мен де елдің кеуілін қайтармай :бұл әулие мені бақ деп айтты деп, өтірік айтатын болдым.

8. Жалпақ қылу -бүлдіру (Алматы,Орт.Қаз) Қ.Әбдәқадыров «Тәтті қауын»: Жаңылып жалпақ қылыппын!

9. Һамма- барлығы (Түрк,Шымк,Қ.орда) Қ.Әбдіқадыров «Тәтті қауын»: һамма базарға қара!


6 Тақырып. Диалектілік сипаттағы лексика

Талқыланатын сұрақтар:

1. Омонимдер

2. Көп мағыналы сөздер

3. Неологизмдер

4. Архаизмдер

Әдебиеттер: 1-10
1 – жаттығу. Сөйлемдерді дәптерлеріңізге көшіріп жазып, диалект сөдердің мағыналарын қарастырыңыздар, есте сақтаңыздар.

1. Көшені шаңдатып мана көнек сиырлар келе жатқанда өзінің туып-өскен деревнясы есіне түсіп, Галяның көңілі бір селт етті. (Т.Ахтанов «Дәрігер Галя»)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет