Сабақ тапсырмалары Тақырып. Диалектология туралы жалпы түсінік



бет16/52
Дата19.12.2021
өлшемі246 Kb.
#103449
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   52
Байланысты:
Қазақ диалектологиясы Практикалық сабақ тапсырмалары

6 – жаттығу. Метатеза құбылысы кездесетін 5 диалект сөз теріп жаз және сол сөздерді қатыстырып мәтін құраңыз.
7 – жаттығу. Қай дыбыстардың алмасуынан жасалған диалект сөздер екенін табыңыздар. Диалект сөздерді қатыстырып мәтін құраңыздар.

Үлгі: Қысынбау-қысылмау – н/л

Тәреңке-тәрелке. Байда – пайда Бейіл – пейіл. Салбақтау-салпақтау. Бәле – пәле. Бәтуасыз – пәтуасыз. Зұрқия – сұрқия Гүмбез – күмбез Кәперіне – қаперіне Зарар−залал Бірінчі – бірінші Хәл – қал
8 – жаттығу. Сөйлемдерді дәптерлеріңе көшіріп жазып, диалект сөздерді дыбыстық ерекшеліктеріне талдаңыздар. Диалект сөздердің мағынасын ашып, қай аймақта жиі қолданылатынын табыңыздар.

1. Ақсақалдар өздеріне белкүрек сұрады. («Жүздесу», №33, 14-21 тамыз, 2007ж,3-бет.) Белкүрек - күрек 2. Ол менен шүйінші сұрап кеп еді.( «Ана тілі» 2006жыл) шүйінші – сүйінші 3. Балаларымыз Отан қорғауға әшкерге бармақшы. («Қаз тілі мен әдеб. 1998ж) Әшкерге-әскерге 4. Бүгінгі күні жеке серіктестіктер арасында өз өнімдерін өзге өнімдерге айырбаштау жақсы жолға қойылған. («Ақ босаға», қараша,2004 №11) Айырбаш – айырбас 5. Бірақ сайтан түртті ме, періште түртті ме, «не сұрасаң орындаймын» дегенді айтып қалды ғой. (Қадыр Мырза Әлі «Иірім») Сайтан – шайтан 6. Үлкен ілтифат, ізет көрсетті. (Қадыр Мырза Әлі «Иірім») Ілтифат- ілтипат 7. Бірақ екіншідей ұйқың сергек болсын. (Д. Исабеков. «Шойынқұлақ») Екіншідей – екіншілей. 8. Ол адамдардың аты – жөндерін дүзетіп алармын деп жүріп тарс ұмытып кетіппін. (Д.Исабеков. « Социализм зәулімі » ) Дүзетіп – түзетіп. 9. Сіріңке шағып қарасам, қан! (Д. Исабеков. « Шойынқұлақ ») Шағу – жағу. 10.Бірнеше рет жақсы араласатын достарыма сырымды айтып, кейін олар оны бәріне әшкерелеп мені келемеш еткен соң, жан баласына жуыспайтын болды. (―Қазақстан әйелдері‖ №11.қараша. 2008.) Келемеш – Келемеж 11.Баланың шашын қырпып таста. («Өлке тағдыры»газеті) Қырпу-қырқу 12.Кешегі баламның қалған жалғыз көзім-бұл жылаған соң, бізде не тақат болады? (М.Әуезов «Қорғансыздың күні») тақат-тағат 13.Қолына бір буда қағаз ұстатады. (Д.Исабеков «Мінездер») буда – бума 14.Көктемде ағаш пұтақтары жасарып, әдемі әсерге бөленді. («Сенбілік науқаны басталарда...»//Қала мен дала газ.№4 ) Пұтақтары-бұтақтары


5. Тақырып Қазақ диалектілеріндегі лексикалық ерекшеліктер

Талқыланатын сұрақтар:)

1. Зат, құбылыс атауларын білдіретін сөздер.

2. Заттың сынын, қимыл, әрекетін білдіретін сөздер.

3. Әдеби тілде баламасы бар доминанттар.

4. Сәйкесті, сәйкессіз диалектілік ерекшеліктер

Әдебиеттер: 1-10

.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет