П әрпінің түсіп қалуы:
Бірігіп иін тіресе ығы – жығы тігілген басын бұған жапа тіккен үйлермен мал – жанға лық толы. («Қазақ әдебиеті» 2008жыл)
Жапа – жаппа
Ғ әрпінің түсіп қалуы:
Жалпы бір сөзбен айтқанда, бұл тек ажап мұраның аймақтық бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан игі істердің бастамасы ғана. (―Қазақстан әйелдері‖ №12.желтоқсан. 2005 ж.)
Ажап – ғажап
4 – жаттығу. Берілген сөйлемдерден диалектілерді тауып, олардың қандай дыбыстық ерекшелікке түсіп тұрғандығын анықтаңыздар.
Үлгі: Кәседегі шайдың буы Шәймерденнің есіне ескі кездерді түсіріп жіберді. (Ақиқат жур.№1 «Жас өренге өсиет»)
ә/е: кәседегі – кеседегі
Бұл қымыз бесінші кәседен соң Жайбасардың маңдайын тершітті. Атасы балуан болмаған,бірақ өзі зембілдей. Көрші апайдың ләгенін сындырғаным әлі есімде. Бірақ былтыр да, биыл да жазда көгі көз туындырып, жайқалып өсіп тұрған мақта су тапшылығы салдарынан әрінен айрылып, күзге әрең-әрең ілдалап ілініп, екі-үш жылдан бері өнімге кеселін келтіріп жүргені Қаршығаны кәдіктендіре бастады. Жарты ақшасын кепілге беріп, үйге мәз-мейрам болып оралды. Біздің байырғы атамыз – адамзаттың бесігі, жарық дүниенің жаратылған жері – Шығыс жұртының көзі қашан ашылып,оянар екен? Ондағы өркениет қашан гүлдемек? («Қазақ тілі мен әдебиеті», 1997 ж. «Қазақ – кімнің елі?»). Алайда, ескі мемлекеттік апппаратты қиратып, жаңасын іске қосу аралығындағы кеңістікті тым далитып, аласапыранға айналдырып алдық білем. («Қазақ тілі мен әдебиеті», 1997 ж. «Қазақ – кімнің елі?»). Жарайды, полигон жабылды, халық қасіреті де бірте – бірте ұмыт болар. Енді келесі бір мәселені талдап көрелік. («Қазақ тілі мен әдебиеті», 1997ж. «Қазақ – кімнің елі?»). Бүгін де Жириновский сияқты «жын» жайлаған Ресей мен Пушкин Ресейін біз екі бөлек бағалауға қайыра көшелік. («Қазақ тілі мен әдебиеті», 1997 ж. «Қазақ – кімнің елі?»). Амантай қолбағын жоғалтып алғанын кеште ғана байқады. (С.Мұқанов. «Ботагөз»). Қайғыру мағынасындағы тіркестерді бірінің орнына бірін қолдана алмайды. Себебі, синонимдер топтарында кейіпкердің әлеуметтік белгісі, жас ерекшеліктері мен жағдаяттық ерекшеліктері әсер етеді. («Қазақ тілі мен әдебиеті», 8/2010). Содан кейін ғана тарихымыз жаңғұра бастады. («Қазақ тілі мен әдебиеті», 1997 ж. «Қазақ – кімнің елі?»). Ештеңкеге түсінбеген ол қайта – қайта сұрай беруге де қысылды. («Таңшолпан» журналы, 5/2005 « Бала қылығы»). Ат басын ауылға тіреген жолайшылар кейін қарай кетіп йатыр. («Тұмар» журналы, 1/2007).
5 – жаттығу. Берілген сәйкестіктерді оқып шығып, алмасуларға мысал келтіріңіздер. Е/і : Керпіш-кірпіш Зембер – зембіл Ү/ө : Дүнен-дөнен Ө/ү: Төнеріп- түнеріп Ы/І: Сықылды-секілді. Пысты-пісті. Ұ/ы: Жаңғұра – жаңғыра О/ұ: Орпақ-ұрпақ. Ы/ұ: мұнда – мында. Ә/е : Кәсе-кесе Е/ә : Зембіл-зәмбіл
Достарыңызбен бөлісу: |