4 – жаттығу. Дұрыс нұсқасын табыңыз.
1) Ақша жілік
|
1) (Әдемі)
|
2) Әйеш
|
2) (Жарамсақтану)
|
3) Жақат
|
3) (Бытыстыру)
|
4) Көдек
|
4) (Соқыр)
|
5) Кәри
|
5) (Кәрі жілік)
|
6) Ламайлау
|
6) (Ұятсыз)
|
7) Дәйіс
|
7) (Икемсіз)
|
5 – жаттығу. Мына сұрақтарға жауап тауып, дәптерлеріңізге жазыңыздар.
1) «Диалект» сөзі грекше аударғанда қандай мағына береді? 2) Белгілі бір жердегі жергілікті тұрғындардың сөйлеу тілінде қолданылатын сөздер қалай аталады? 3) Диалектілік сөздер тілдің әр түрлі деңгейіне қатысты нешеге және қалай бөлінеді? 4) Белгілі бір аймақ көлеміндегі кәсіпке қатысты, негізінен сол жердің тұрғындары қолданатын сөздер... 5) Диалектілік лексика өзінің құрамы жағынан өзара, біріңғай емес. Осыған байланысты олар қалай бөлінеді?
6 – жаттығу. Берілген диалект сөздерден сөйлем құра.
Шырпы, малақай, биялай, пияла, іңкәл, кәсе, бестақа.
7 – жаттығу. Берілген диалектілік тұрақты сөз тіркестердің мағынасын ашыңдар, сөйлем құрастырыңыздар.
1.Лоққыға түсу- \Сөзге еру\ 2.Мәтел қылу- \кесел жасау\ 3.Ауаны ұшу- \зәресі үшу\ 4.Машурат жасау- \ ұйғару\ 5.Жері құсау- \жердің ылғалдануы\ 6.Ләпай таптырмау- \қоныс таптырмау\ 7.Жоқ тапсыру- \сұрау салу,жоқ іздеу\ 8.Ит бұйда ету- \ұрсу, сөгу\ 9.Төрт аяқ жегілу- \түгелдей іске қосылу\ 10.Серпіні сегіз болу- \беделі арту, айтқаны болу\ 11.Бет қаратпайтын туу- \қыз туу\ 12.Елік ауыз болу- \қисыны кету, ұйқаспау\ 13.Ақылы там- \ақылды\
8 – жаттығу. Берілген диалектілерді оқып, есте сақтаңдар, мысалдарды дәптерлеріңе көшіріп жазып алыңыздар. 1. Жүдә (Жамбыл, Сар, Тал, Шымк, Шиелі; Торғ. Маңғ) тіпті, тым, аса М.Әуезов. «Білекке білек»: Осыларға шыли сөз қатып жүретінім не екен? Мәмілеге келетіндей,жүдә! 2. Көрсебағар -(Жамбыл, Шу, Гур, Маң) көрсе қызар, көрсе құмар. Ә.Кекілбаев. «Үркер»: Қазақтың ғой ондай- ондай көрсебағар тұлынан тұтып шығады. 3. Дәмбілше//жәмбәлше -(Қ.орда, Сыр, Жам) ерте пісетін кішкене сары қауын. Н.Серәлиев. «Әңгелек»:Таудың тасындай жыпырлап жатқан тостағандай дәмбілшелер көкпеңбек. 4. Ища - көңіл күйді білдіретін одағай (Алм, Орал, Ақт) Ә.Сәрсенбаев. «Толқында туғандар»: Ища! Мен жиренген болар едім. 5. Шалан-Үйдің ішке кіріп келе жатқандағы бөлмесі Ә.Сәрсенбаев. «Толқында туғандар»: Шаланда қабырғасында тіркеулі тұрған қайық кемелерде бір топ жігіт үлкен сүзгілерін толтыра носилькаға балық құйып жатыр. 6. Барың-(Маңғ,Ақт.Ақт)-бару, барып келу, барды, барыңдар. Ә.Сәрсенбаев. «Толқында туғандар»: Раушанды біздің үйге алып барың. 7. Кеуіл - көңіл, ой. (Жамб,Қорд,Сыр,Гур,Маң,Ақт;) Қ.Әбдіқадыров. «Тәтті қауын»: Жоқ жерден пайда түскен соң, мен де елдің кеуілін қайтармай :бұл әулие мені бақ деп айтты деп, өтірік айтатын болдым. 8. Жалпақ қылу -бүлдіру (Алматы,Орт.Қаз) Қ.Әбдәқадыров «Тәтті қауын»: Жаңылып жалпақ қылыппын! 9. Һамма- барлығы (Түрк,Шымк,Қ.орда) Қ.Әбдіқадыров «Тәтті қауын»: һамма базарға қара!
4. Тақырып. Қазақ диалектілеріндегі фонетикалық ерекшеліктер
Талқыланатын сұрақтар:
1. Дауысты дыбыстарға байланысты ерекшеліктер
2. Дауыссыз дыбыстарға байланысты ерекшеліктер
3. Кейбір дыбыстардың тұрақсыздығы
Әдебиеттер: 1-10
1 – жаттығу. Дыбыстық өзгерістерге ұшырап, ш/ч, л/д, а/ ә, е /ә, д/ т, с/ щ, д/ п, б/ п, к/ г, ж/ й, с/ т, р/ қ дыбыстарының алмасуынан болатын диалект сөздерге мысал келтір және олардың қандай аймақта қолданылатындығын айт. Мысалы: с/ш: мысық – мышық, есек – ешек, масқара – машқара. д/ л: маңдай – маңлай, теңдік – теңлік, тыңда – тыңла т.б.
2 – жаттығу. Дауысты дыбыстардың алмасуынан болған диалект сөздерге көркем шығармалардан мысалдар келтіріңіздер. а/ә: қәзір-қазір. а/ә: ажым-әжім. а/ә: шәйнек – шайнек, шәй – шай а/ә: абыржулы - әбіржулі. а/ә:Жәртісі - жартысы а/ә:Жәудіреп – жаудырау а/ә: панде – пенде, пәнде а/ә: Жәутеңдеп-жаутаңдап. а/ә:Жәңәгі – жаңағы ә/а дәне – дана ә/а: Кәтер-қатер ә/а: Кәрекет-қаракет ә/а: Кәсиет-қасиет ә/а: Кәте-қате
3 – жаттығу. Дыбыстардың түсіп қалуына байланысты сөйлемдер берілген, дәптерлеріңізге көшіріп жазып, фонетикалық ерекшеліктерге мән беріңіздер.
Достарыңызбен бөлісу: |