3 – жаттығу. Бау бақша шаруашылығына байланысты кәсіби сөздерді пайдалана отырып, «Жазғы жұмыс» тақырыбында әңгіме құрастырыңыздар.
4 – жаттығу. Мәтінді оқып, түсіндіріңіздер. Дәптерге көшіріп жазып алыңыздар.
Әке сөзі әдеби тіл мағынасын сақтай отырып, Жетісуда, Семей облысының кейбір аудандарында «шырағым», «қарағым» мағынасында қолданылады. Әдеби тілдегі жағымды мағынада қолданылатын әжептәуір сөзі Орал облысының Орда, Жәнібек аудандарында керісінше «нашар» мағынасында қолданылады. Мысалы: араб-иран тілдерінде «кесе, бокал» мағынасында жұмсалатын пияла сөзі қазақ тіліне еніп, әртүрлі мағынада жұмсалып кеткен. Орталық-солтүстік сөйленістерде керосин шамының шынысын атау үшін, ал оңтүстік сөйленістер тобында бұл сөзді шай ішетін кесені атау үшін қолданады. Әке. Бұл сөз «Қазақ тілінің сөздігінде»: 1. Баласы болған ер адам. 2. Ауыс. Бір нәрсенің ең үлкені, зоры. Мысал: Қуырдақтың әкесін түйе сойғанда көресің (мақал). 3. Жергілікті. Қарағым, қалқам. Арабшаға шорқақ ем, оқып бересің бе, әке, – деп түсіндірілсе, жазушы қолданысында бұл сөз ауыспалы мәнінде, яғни жасы кішіге, балаға қатысты қолданылады. Мысалы: – Әкелерімнің жараса қалғанын қарашы! – деп ақкөңіл Қайырбек төрдегі қонақтарына бір, өз қызы Қатираға бір қарап мәз боп отыр (Қ.Сланов, Шалқар. 4-т. 56-б.).
Достарыңызбен бөлісу: |