1 – жаттығу. Қос сөздердің жұптарын дұрыс табыңдар:
Бәкін-тоғай Бәкін-шүкің
Шыған-қоқай Некен-нұқан
Абай-нұқан Шыған-тоғай
Некен-шүкін Абай-қоқай
2-жаттығу. Жұмбақтардың шешуін тауып, диалект сыңарларын жазыңыздар.
Алыстан қарасам аппақ
Татып қарасам тәтті-ақ. (...)
Бір құтыда екі түрлі су жатады,
Қайнатсаң мұз боп қатады. (...)
Судан алады,
Суға салса өледі. (...)
3 – жаттығу. Мына диалект сөздерді оқып шығып, морфологиялық ерекшеліктерін түсіндіріңіздер. Осы сөздерді қолдана отырып, «Арқаның серісі - Ақан» атты шағын мәтін құрастырыңыздар.
Азан – таңертеңгі уақыт
Айтулы – атақты, қадірлі, ардақты
Шаптылап – шауып
Отырғамын, білдірісті – отырған, білдірді
Таңғалысты – таңғаларлықтай
Туылғандай – туғандай
Атсайшы – атшы
Әліге дейін – әлі күнге дейін
Бәкүн-шүкін – маңызды емес
Достарыңызбен бөлісу: |