4 – жаттығу. Өлең жолдарын оқып, морфологиялық ерекшелікке түскен сөздерді табыңыздар.
О, махаббат, сен отсың жалындаған,
Алаулап, мыжғырылып жанып барам.
Сен қыссың қаталданып қабақ шытқан,
Қаһарыңнан қорқып мен батылданғам.
О, махаббат, сен сусың сылдырлаған,
Жүрекке терең бойлап сырыңды ұғам.
Г.Көлбаева «Махаббат»
5 – жаттығу. «Менің Қазақстаным» атты шағын шығарма жазыңыздар. Шығармада міндетті түрде мына диалект сөздерді қолданыңыздар:
дамылдаған, машайық, абажадай, бұ йақта түзең, ақбалық, жақса, жұтпа, жам, ақбасшөп, жүдә көрім, әйдік, тақыл, дембе-дем, жұмыс жасау, елкі, сірә, тымсалы, жайбар, аманғы, дағарадай, орпағына, еміл, алапатты, ірә басқа.
6 – жаттығу. Морфологиялық ерекшеліктеріне қарай талдап, берілген диалектілерге сөйлем құрастырыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |