1 – жаттығу. С.Мұқановтың «Өмір мектебі» атты шығармасынан алынған сөйлемдерден диалект сөздерді теріп, мағынасымен дәптерге жазыңыздар.
1) Кедейлер бір-бір арық «кершолақтарын» не тозығы жеткен трантастарға, немесе екі доңғалақты «қазақ арбаларға» жегеді. (12 бет)
2) Бұл- қартаң адамдарға әзірлеп жатқан ылау. (16 бет)
3) Үйінде аяғына киер лыпасы жоқ кейбір балалар, күртік үстіндегі шуға дембесі қонған кезде, тысқа жалаң аяқ та жүгіре шығады... (22 бет)
4) Осы қызыл- түннің сілемінен әлі арылып болмаған қоңыр түсті бұлтқа араласа, қызыл түс күреңденіп, жоғарырақ бір қабаты қызыл- күрең, одан жоғарырақ бір қабаты күрең боп, қызылдың өзі әлденеше түске боялады. (32 бет)
5) Осы дөңгелек көлдің күнгей жақ жарымы жалтыр және жалтырақ түбі аттың тұяғы батпайтын құм қайраң. (35 бет)
6) Сүйрік суырылып болғанша, сүліктің кейбіреуі баланың қанына тойып боп, домалап түсіп те қалады. (37 бет)
7) Жадидті бұл арада еске түсірудегі мақсатымыз- оның қазақ ауылына қалай келуін көрсету. (75 бет)
8) Әлі есімде: жаз кигіз үйінде, қос жылы шым үйінде. (77 бет)
9) Төргі бөлмеде Шақанды жағалай отырған көпшіліктің ішінде: үстінде көк кителі бар, бұтында қызыл лампасты көк шұға шалбары бар, аяғында кигіз байпақты қазақы етігі бар. (111- бет)
Достарыңызбен бөлісу: |