Сабақ тапсырмалары Тақырып. Диалектология туралы жалпы түсінік



бет5/52
Дата19.12.2021
өлшемі246 Kb.
#103449
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Байланысты:
Қазақ диалектологиясы Практикалық сабақ тапсырмалары
62298, 62298, ТП каз (2), 12-14, байланыстыра, Титулки-Тесты, 1444200650275, Отбасы және қазіргі заман, Смайлы А3, Смайлы А3, Смайлики Кері байланыс, шапка ктп, 12 101945 1 90173, силлабус ҚМТҚ Жәниет Н.Б.
1 – жаттығу. Берілген сөйлемдердің ішінен диалект сөз болып тұрған сөздерді анықтаңыздар, мағынасын түсіндіріп жазыңыздар.

Үлгі:

Көк мұз бен қыз жамылған тон алаңғыт тартып қалды (Т.Ахтанов «Дала сыры»). Алаңғыт – күңгірт (Қызылорда, Арал)

Бұрын үнемі жарқылдап жалын атып жүретін аржайы барлаушының қапелімде бүйтіп көңілсіздене қалуы комсоргты қатты таң қалдырды (Ә. Нұрпейісов «Курляндия»). Көйлек тігем деп бес метр бескөз алып едім, тігілмей әлі жатыр (Б. Майлин. Шығармалары). Қолының бөртігі бар, сол ісейін десе керек (Д.Досжанов «Жібек жолы»). Құранды молда теріс оқыр Дағарадай болып сәлдесі, Мал құмар көңілі бек соқыр Бүркіттен кем бе жем жесі (Абай) Шынында да, ашу үстінде төре тұқымының төлін зақымдап алар болса, қазаққа тағы да бір таусылмас далаба табылатын еді ғой (Ә.Кекілбаев «Үркер»). Шұға жәй сөйлескені болмаса, Әбдірахманмен онша ежіл – қожыл бола алмады (Б.Майлин «Шұғаның белгісі»). Жетіқабат жердің астында қараңғы, үңірейген үңгір забой, есебі, көрдің ішіндей десе болады (С.Сейфуллин. Әңгімелері). Үстіндегі жеңсізі желбірей-желбірей әуелі оң қолынан, сосын сол қолынан сыпырылып түсе бастады (Ә.Кекілбаев «Үркер»).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет