Сабақ тапсырмалары Тақырып. Диалектология туралы жалпы түсінік



бет4/52
Дата19.12.2021
өлшемі246 Kb.
#103449
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Байланысты:
Қазақ диалектологиясы Практикалық сабақ тапсырмалары

6 – жаттығу. Берілген сөздердің мағынасын ашып түсіндіріңдер Сым, азан, атыз, бәдірен, жарын, есім қосу, тұқай, кемпірауыз, пияла.
7 – жаттығу. «Әр кәлләда бір қиял» мақалының мағынасын түсіндір және диалект сөздер қатысқан 10 мақал тауып жазыңыз.
8 – жаттығу. Мына сөйлемдердегі диалектілердің әдеби баламасын жазып, қай облыста, қай ауданда қолданылатынын табыңыздар.

Үлгі:

Сұрасаң арғы түбі аға сойдан, Негізі беріш ұлы ағатайдан. (Х.Ерғалиев). Сой – тұқым, тек. (Батыс Қазақстан, Орал, Чапаев). Жағын таянып, шам жарығынан жарға түскен өз басының көлеңкесіне қарап ұзақ отырды. Ызбайлы жас доктор кемпірге әдептілігімен ғана ұнаған жоқ, мырзалығымен де ұнады (Х.Есенжанов «Ақ жайық» романы). Иттерге құнтын сілтеп, өшіктіріп, кейбіреуін тартып жіберіп қыңсылатты. Қаңылтыр шәйнекті алды да, босағадағы ләгөнге қолын тосқан Асқарға су құйды. Қызмет тәртібін қатты ұстайтын Рахмет қажетті жұмысы бар адамды болмаса жай келгендерді қабылдамайды. Төрдегі екі терезенің аралығындағы қабырғада жаннат қаптан ішік, қара құлынжарғақ ілулі тұр. Сасқан Асқар жүгіріп келе жатыр еді, маңдайы ашаға тарс ете түсті, есі ауып қала жаздады, көзінің оты жарқ ете түсті. Аңызғаққа шыжыған Асқардың да аңқасы кеуіп, ақ таңдай бола бастағасын ауылға беттеді (С.Мұқанов. «Ботагөз» романы).


2. Тақырып. Жергілікті диалектілер, әлеуметтік диалектілер мен ұлттық тіл

Талқыланатын сұрақтар:

1. Жергілікті диалектілер мен ұлттық тіл

2. Әлеуметтік диалектіле туралы түсінік

3. Жаргон, арго, кәсіби сөздер

4. Әлеуметтік диалектілер және ұлттық тіл

Әдебиеттер: 1-10



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет