Пән/Сынып:
|
Қазақ тілі, 5-сынып
|
Қай аптаның нешінші сабағы
|
ІҮ тоқсан, 1-апта, №5 сабақ
|
Тарау немесе бөлім атауы:
|
ІХ бөлім. Аспан әлемінің құпиялары
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Ғарыш әлемі
|
Оқу мақсаттары:
|
5.3.5.1. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу;
5.ӘТН4. сан есімнің мағыналық түрлерін ажырата білу. (топтау сан есім)
|
Сабақ мақсаты:
|
Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу;
Сан есімнің мағыналық түрлерін ажырату.
Мәтін барысында топтау сан есімдерін қатыстыру.
|
Бағалау критериі:
|
Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды анықтайды;
Жинақы мәтін құрады;
Сан есімнің мағыналық түрлерін ажыратады.
|
Саралап оқыту тапсырмалары
|
Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
|
Бірлескен жұмыс (1,2,3 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету
|
Уақыт
|
Кезеңдері
|
Сабақтың мазмұны
|
Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?
|
Ресурстар
|
2 минут
|
Ұйымдастыру
|
Сәлеметсіздер ме, балалар, қазақ тілі пәні сабағына қош келдіңіздер!
Психологиялық ахуал орнату.
Сабақтың тақырыбы: «Ғарыш әлемі»
Бүгінгі сабақта:
Сіздің меңгеретініңіз:
Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды анықтайсыз;
Жинақы мәтін құрайсыз;
Сан есімнің мағыналық түрлерін ажыратасыз.
|
|
Видео-аудио суреттер, кесте, презентация, электронды құралдар, т.б.
|
|
Жаңа сабақ
Ой шақыру
|
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсіл:
«Суреттер сөйлейді » әдісімен ой шақыру
Бірнеше суреттер ұсына отырып, сол бойынша бүгінгі тақырыпты ашу.
|
|
|
3мин
10 мин
|
Тапсырмалар
|
1-тапсырма. « Түймедағы » әдісі. Мәтінді оқып, негізгі ақпараттарды түймедаққа топтастыр.
Ғарышқа саяхат
Ғарыш әлемі кең байтақ!Оны адамзат әлі толығымен зерттеп болған жоқ.Ғарыштың әлі де ашылмаған сырлары қызықты.Ерте кезден-ақ грек ғалымдары ғарыш туралы түрлі болжамдар жасаған.Олардың ғарышқа саяхат жасағысы келгендерін осыдай байқауға болады.
Ең алғаш ғарышқа саяхатты 1969 жылы ағылшындар бастаған болатын.Міне,содан бері ғарыш кеңістігі ғалымдармен игеріліп келеді. Біздің елімізде «Байқоңыр» ғарыш станциясы бар.Мен оны Қазақстанды ғарыш әлемімен байланыстыратын көпір санаймын.Өйткені,барлық зымыран ұшақтар осы жерде саяхатының бастауын алады.
Тоқтар Әубәкіров,Талғат Мұсабаев-осы адамдар Қазақстаннан ең алғаш ғарыш есігін ашқан ұшқыштар.Біз осы екі ержүрек тұлғаларымыздың арқасында.ғарыш туралы түсінігімізді арттырдық.
Ғарыш кеңістігінде 9 ғаламшар бар. «Жер » планетасы үшінші орында тұр.Біздің планетамыз тоғыз ғаламшардың ішіндегі өмірге қолайлы ауа қабаттары бар ғаламшар.
Дескрипторы:
Байқоңыр айлағы
Өзіңді тексер !
1969ж алғашқы ғарыш
9 ғаламшар
Негізгі ақпарат
Талғат Мұсабаев
Тоқтар Әубәкіров
2-тапсырма. «Адасқан әріптер» әдісі
Адасқан әріптерді жинақтап, табылған сөздерді қатыстыра отырып мәтін құрастыр.
КҒРЕАШЫР
ПНАСА
РЗЫАНМЫ
АШРҒАМЛА
ҢОБЙАҚРЫ
Дескриптор:
- Адасқан әріптерден сөздерді табады;
- Сол сөздерді қатыстырып мәтін құрастырады.
Өзіңді тексер!
Ғарышкер
Аспан
Зымыран
Ғаламшар
Байқоңыр
Мәтін үлгісі :
Қазақстанда «Байқоңыр» ғарыш айлағы бар. Барлық ғарышкерлер сол жерден аспан әлеміне жол тартады. Зымырандардың гүрілдеген даусы алыстан естіледі. Жер үлкен ғаламшар тәріздес. Ғарышкерлер аспан әлеміндегі барлық ғаламшарларды зерттейді....
3-тапсырма. «Шығармашылық аймақ » әдісі
Суретке қарап топтау сан есімдерін қатыстыра отырып, 3 сөйлем құрастыру
Дескрипторы:
Суретке қарап сөйлем құрастырады;
Сөйлемге топтау сан есімдерін қатыстырады.
Cабақты бекіту: INSERT әдісі арқылы сабақты бекіту
Білемін
|
Білдім
|
Білгім келеді
|
|
|
|
|
|
|