Сабақ Тексерілді Оқу ісінің орынбасары: А. Байғараев Бөлім: Тіл және сөйлеу Педагогтің аты-жөні: Башеева К



бет38/38
Дата01.05.2022
өлшемі1,33 Mb.
#141595
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
Ана тілі қмж толық
Анатомия, Инкар Информатика , Педиатрия, Педиатрия, ПӘННІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БІЛІМ БАСТАУЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ БОЙЫНША ЕМТИХАНҒА ДАЙЫНДАЛУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР
Шығармашылық тапсырма
орындалады.
«Ең әдемі элемент»
Жұптық жұмыс. Бағанның сол жағында жазылған сөздер мен оң жағындағы буындарды анықтап, буындардан сөздер құрайды.
Берілген суреттегі жемістерді буынға бөліп, буын санын анықтайды.
Бір, екі буыннан тұратын сөздер тауып, олардың суретін
салады.



ҚБ. Мадақтау.
«Жарайсың!»,
«Бәрекелді!»




Соңы

Саяхаттан алған әсерлерімен бөліседі.







Постерге арнал- ған үлкен қағаз

Кері байланыс

Бүгінгі сабаққа «Бағдаршам» арқылы кері байланыс береді.
Жасыл түс – барлығын түсіндім. Сары түс – маған көмек керек. Қызыл түс – ешнәрсе түсінбедім.











83


Тексерілді
Оқу ісінің орынбасары: А.Байғараев



84
21-сабақ



Бөлім:

Буын және тасымал

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Алматы метросы. Буын

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

1.2.7.1 мұғалімнің қолдауымен дереккөздерден (сөздік, анықтамалық, суретті кітапша, энциклопедия) ақпарат табу;
1.2.9.1 дауысты дыбыстардың буын құрайтынын білу, буын санын анықтау;
1.4.1.1 айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді есту, есте сақтау арқылы жазу

Сабақтың мақсаты

Мұғалімнің көмегімен дереккөздерден ақпарат табады.
Дауысты дыбыстардың буын құрайтынын, сөздегі буын санын анықтайды. Айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді есту, есте сақтау арқылы жазады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт



Педагогтің әрекеті



Оқушының әрекеті



Бағалау



Ресурстар

Басы

Ширату
Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз. Көзді салып қараңыз, Былай қанат қағамыз.
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Психологиялық ахуалға берілген тапсырманы бірге орындайды. Жақсы көңіл күй қалыптастырады.

ҚБ.
«Бас бармақ» арқылы бағалайды.




Ортасы

– Балалар, қандай көлік түрлерін білесіңдер? Оқушы жауаптарын құптай отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбы «Алматы метросы» деп аталатынын хабарлап, метро жайлы қосымша ақпарат беріледі.

  • Жеңіл көлік.

  • Жүк көлігі.

  • Пойыз.

  • Кеме, ұшақ, тікұшақ.

  • Метро.

ҚБ.
«Бас бармақ» арқылы бағалайды.







– Алматыдағы метро 2011 жылдан бастап пайдалануға берілді. «Мәскеу», «Сайран»,
«Алатау», «Байқоңыр», «Абай», «Алмалы»,
«Жібек жолы», «Райымбек батыр», «Мұхтар Әуезов атындағы драма театры» бекеттері бір- бірінен өзгеше. Күту алаңдары кең, жарық, таза. 9 бекеттің 8-інің атауы ұлттық тарихи даму дәстүріне сай қойылған.
Дәптермен жұмыс

Оқушылар метроны көрген болса, ең алғаш метроға отырғандағы сезімдері мен көңіл күйлерін айтады.
Көркем жазу.
О О О О О О О
о о о о о о о

  1. жаттығуда берілген өлеңді көшіріп жазады.

Алматы, метро, мекен сөздерін буынға бөліп айтады. Сөзде қанша буын, неше дауысты және дауыссыз дыбыс бар екенін айта отырып, өткен ережелерді естеріне түсіреді.

  1. жаттығу. Берілген буындардан сөздер құрап жазады.

Кірпі, балық, аққу, торғай, күшік.
Еліміздің бас қаласы – Нұр- Сұлтан.
Артикуляциялық жаттығу. А-порт, ал-ма, қа-ла, жа-лау, а-ғаш.



ҚБ.
«Отшашу»
арқылы бағалау.

Тақтадағы жазу үлгісі



2-жаттығу жазбаша орындалады.
Өткен ережелерді естеріне түсіру үшін сөздерді буынға бөлгізіп, талдату.







3-жаттығу ауызша орындалады. Буындардан сөз құрайды.









Сергіту сәті







Соңы

Үстел үстіндегі қима қағаздарды түсіне қарай бөліп алып, буындарды дұрыс құраса, Алматыдағы бірнеше метро бекетінің атауы шығады.

Берілген буындарды дұрыс құрастыра отырып, төмендегі бекет атауларын оқиды: Алмалы, Абай, Байқоңыр, Сайран, Мәскеу.








85



86



Кері байланыс

Кері байланыс. «Үш түсті вагондар» Саяхат картасы жазылған парақшаға өз аттарын жазып, жапсырады.
Жасыл – барлығын түсіндім.
Сары – түсінемін. Бірақ барлығын емес. Қызыл – маған бәрі түсініксіз. Қиындықтар көп болды.
Қосымша мәліметтер. Саралау. Оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлай- сыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түсіндіресіз? Қабілетті оқушыларға жұппен
жұмысты қалай ұйымдастырасыз?




Кері байланыс.
«Үш түсті вагондар»

Кері байланыс тақтасы



22-сабақ



Бөлім:

Буын және тасымал

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Алматы. Буын

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

1.2.3.1 ауыстырылып берілген мәтін бөліктерін мұғалімнің қолдауымен орнына қоя білу;
1.4.1.1 айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді есту, есте сақтау арқылы жазу;
1.2.9.1 дауысты дыбыстардың буын құрайтынын білу, буын санын анықтау

Сабақтың мақсаты

Ауыстырылып берілген мәтін бөліктерін мұғалімнің көмегімен орнына қояды. Айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді есте сақтай отырып, жатқа жазады.
Дауысты дыбыстардың буын құрайтынын біледі. Сөздердегі буын санын анықтайды.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт



Педагогтің әрекеті



Оқушының әрекеті



Бағалау



Ресурстар

Басы

Ой қозғау

  • Балалар, «Ерте, ерте, ертеде ...» деп не басталушы еді? Ертегі тыңдайық.

  • Ертегілер елінде ақылды, сұлу ханшайым өмір сүріпті. Ол өте білімді қыз болып бойжетіпті. Елінің барлық тұрғындарын оқытып, өз білімімен бөлісіпті. Халқы сауаттанып, барлығын үйреніп алыпты. Енді ханшайым бұл білімін басқаларға, көрші мемлекеттерге үйретпекке бел буып, жолға шығыпты. Ол барлық кітаптарын, қалам- қарындаштарын өз сандықшасына салыпты. Келе жатып, алыстан жарқыраған нәрсеге көзі түсіпті. Жақындап барып қараса, ол басқа ғаламшардан келген өзгеғаламшарлықтар екен. Өзгеғаламшарлық Жер бетіне бірінші рет келгендіктен, мұндағы заттар туралы, олардың не үшін қажет екенін және жергілікті адамдардың тілін мүлде білмепті. Ақылды ханшайым оған қазақ жерін таныстырып, қазақ тілін үйретуге кірісіпті. Қатты қуанған өзгеғаламшарлық пен ханшайым саяхатын жалғастырыпты.

Ханшайым алдымен ең әдемі қаланы таныстырыпты.
Ханшайым: – Бұл – біздің еліміздің ең әдемі, жасыл желекті, тау баурайындағы әсем қаласы. Әлемдегі ең биік мұнараның бірі
осы қалада орналасқан. Жерасты жолы бар, субұрқақтар қаласы. Себебі 125-тен астам субұрқақ бар. Тұрғындар бір уақытта екі жыл мезгілін көре алады. Тау басында қалың қар, мәңгі мұз жатса, етегінде жарқыраған жаз болып тұрады. Бұл қай қала, балалар?
Өзгеғаламшарлыққа көмектесеміз бе?

Психологиялық ахуалға берілген тапсырманы бірге орындайды. Жақсы көңіл күй қалыптастырады.

ҚБ.
«Бас бармақ» арқылы бағалайды.

Таныстырылым. Алматының көрікті суреттері


87



88






  • Иә. Бұл – Алматы қаласы.

  • Сендер қала туралы не білесіңдер? Алматы қаласының суреттерін көрсетеді.

  • Ханшайымның жұмбағын бірге шешейік.

Бұл не?

Балалардың жауаптары тыңдалады.
Жұмбақ:
Бұтақта ілініп тұрамын, Піскенде себетке құладым.




Апорт алмасының суреті

Ортасы

Мәтінмен жұмыс. Мұғалім балалардың назарын оқулыққа аударады. Тақырыбына тоқталады. Мәтінді өзі оқиды. Мәтіннің мазмұнына байланысты сұрақтар қояды. Жетекші сұрақтар қоя отырып, мәтін бөліктерін жүйелейді. Балаларға тізбектей оқытады.
Дәптермен жұмыс
Мұнда мұғалім ө дыбысының сөздің басында, ортасында келетінін айтады.
Артикуляциялық жаттығу
Апорт туралы білетін мағлұматтарынан топтастыру жасайды. Балалар алма туралы білетіндерін айтады, мұғалім тақтаға жазады. Апорт қандай жеміс?
2-жаттығу. Өлеңді оқып, жатқа айтады. Ханшайымның дайындаған слайдтары ашылады.
№1 слайд. «Жұбын тап». А – ә, о – .., ы – і, ...
– ү. Бұл қандай дыбыстар?
№2 слайд. «Кім жылдам?» Бұл слайдта буындар шашылып жатыр. Осы буындардан сөз құраңдар: ма, та, па, на, қа, ла, са, ба, ақ, па, қа, уа.

Балаларға тізбектей оқиды.
Көркем жазу
Ө Ө Ө Ө Ө Ө Ө
ө ө ө ө ө ө ө
Тәтті, шырынды, үлкен Бақта өседі.
Алматы символы


Жұптық жұмыс
2-жаттығу ауызша орында- лады. Өлеңді бірнеше оқушы дауыстап оқиды. Тыныс белгілерге назар аударады. Сөздік жұмыс жүргізіледі.
Хормен оқиды. Мәнерлеп оқиды. Өлеңді жаттайды. Дәптерлеріне жазады.
Дұрыс нұсқасын оқулықпен салыстырады. Өзін-өзі тексереді.



ҚБ.
«Бас бармақ» арқылы бағалайды.

Тақтадағы жазу үлгісі






Сергіту сәті
Ханшайым бізге 3-жаттығуды орындауға көмектеседі. Ол үшін жаттығуға назар аударайық. Берілген буындардан 5–6 сөз құрап айтады.

Артикуляциялық жаттығу. 3-жаттығуды ауызша орындайды. Мысалы: қайық,
қасық, қатық, қамал, қалам,
қалақ. қала.











Шығармашылық тапсырма. Суреттердің алғашқы буындарынан сөз құрап жазады.

Бақа, бала, батыр, бата, баға, балық. Берілген сөздерді оқып отырып, буынға бөледі. Неше буынды сөз екенін айтады. Сөздердегі буын санын анықтайды. Балалар бір буынды сөз болса, өзгеғаламшарлықтың ұшатын тәрелкесіне, ал екі буынды сөз болса, ханшайымның сандықшасына салады. Буын саны осындай басқа сөздерді табады.


Шығармашылық тапсырма
орындалады.

ҚБ.
«Отшашу»
арқылы бағалау.




Соңы

№3 слайд. – Міне, балалар, біз ханшайыммен және өзгеғаламшарлықпен бірге білім алдық. Оларды өз еліне шығарып салып, білімімізді бекітейік. Сабағымызды қорытындылайық.

«Адасқан әріптер» ойыны Аоғтйр (торғай), рүткіб (бүркіт), қуақ (аққу)




Таныстырылым

Кері байланыс

«Отшашу» арқылы бүгінгі жасаған жұмыстары үшін бір-біріне шапалақ ұрып, баға береді.




Кері байланыс.
«Отшашу»

Кері байланыс тақтасы


89


23-сабақ



Бөлім:

Буын және тасымал

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Отаным. Буын

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

1.1.3.1 тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;
1.4.1.1 айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді есту, есте сақтау арқылы жазу;
1.2.9.1 дауысты дыбыстардың буын құрайтынын білу, буын санын анықтау


90



Сабақтың мақсаты

Тақырыбы бойынша өлең мазмұнын болжайды.
Айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді есту арқылы жазады.
Дауысты дыбыстардың буын құрайтынын біледі, сөздердегі буын санын анықтай алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Ширату. «Сақина салмақ» ойыны
– Балалар, біз «Сақина салмақ» ойынын ойнаймыз. Бұл ойынның ерекшелігі – кімнің қолында сақина қалса, менің сұрағыма жауап береді.

  1. Қанша дауысты дыбыс бар?

  2. Дыбыс дегеніміз не?

  3. Дыбыстың қандай түрлері бар?

  4. Дауысты және дауыссыз дыбыс дегеніміз не?

  5. Жуан және жіңішке дыбыстарды қандай деп ойлайсың?

  6. Не себепті ... деп аталады?

  7. Әріптер бізге не үшін қажет?

  8. Дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстар- ды қалай ажыратамыз?

Мадақтау. Топтарға бөлу. Оқушыларға қызыл, көк түсті шаршыларды алуды тапсыру.
Шаршының түсіне қарай 2 топқа бөлу. 1-топ. «Көк шаршы».
2-топ. «Қызыл шаршы».
– Балалар, осы түстерді тағы қай жерден кездестіресіңдер? Ана тілі сабағында қызыл түспен нені белгілейміз? Көк түспен ше?
Жұптық жұмыс. Конверттегі текшелерден Отан сөзін құрап, ауызша дыбыстық талдау жасаңдар. Отан сөзін тағы қалай айтуға болады? Балалардың ойын тыңдау. Толықтыру (туған ел, туған өлке, туған жер, атамекен, атажұрт, Қазақстан).

Психологиялық ахуалға берілген тапсырманы бірге орындайды. Жақсы көңіл күй қалыптастырады.

ҚБ.
«Бас бармақ» арқылы бағалайды.

Нұр-Сұлтан қаласының суреттері






– Қазақстан қандай мемлекет? Қазақстан туралы не білесіңдер?










Ортасы

Оқулықпен жұмыс

  1. жаттығу. Өлеңнің тақырыбы бойынша мазмұнын болжау. Өлеңді тыңдап, өлең не туралы екенін айтады. Өлеңнің мазмұнына байланысты жүргізілетін жұмыстар:

а) мұғалім өлеңді тыңдатады; ә) сөздік жұмысы жүргізіледі; б) жеке оқушыларға оқытады;
в) мазмұнына байланысты сұрақтар қояды; г) топқа өлең шумақтарын бөліп береді;
ғ) мәнерлеп оқытады.


Дәптермен жұмыс

  1. жаттығу. Жұптық жұмыс.

«Мен қазақпын!»
Қ. Рақымның әнінен үзінді тыңдату. Бұл ән кім туралы? Қазақ халқы қандай халық?

«Мен қазақпын!» деп өз бойыңдағы қандай қасиеттерге байланысты айта аласыңдар? Яғни нағыз қазақ азаматына тән қандай қасиеттерді атар едіңдер?


Сергіту сәті. «Мен қазақпын»

  1. жаттығу. Шығармашылық тапсырма ретінде орындалады. Алатау сөзіндегі әріптерден бірнеше сөз жасап жазады.




  1. жаттығу. Тақырыбы бойынша өлеңнің мазмұнын болжайды. Содан кейін тыңдайды.

Сөздік жұмысы жүргізіледі.
Шапақ – Күн сәулесі. Жекелеген оқушылар дауыстап оқиды. Мазмұнына байланысты сұрақтарға жауап береді. Өлеңнің алғашқы екі жолын көшіріп жазады.
Көркем жазу
П П П П П П
п п п п п п

  1. жаттығуды орындайды. Жұптық жұмыс. Буындардан сөз құрап оқиды. Сөздерден жұмбақ құрап жазады.

Көк жүзінде көп жолақ.
Шешуі: кемпірқосақ.
– Нағыз қазақ азаматы бауырмал, батыр, ақылды, білімді, дос, қонақжай, ана тілінде таза сөйлейді, еліне адал қызмет етеді, туған жерін сүйеді, салт-дәстүрін біледі,
ар-намысты биік қояды, ұлтжанды, Отан қорғауға әзір, рухы мықты.


3-жаттығуда Алатау сөзінен бірнеше сөз жасап жазады.

ҚБ.
«Бас бармақ» арқылы бағалайды.

ҚБ.
«Отшашу»
арқылы бағалау.

Таныстырылым

Тақтадағы жазу үлгісі




91



92









Мысалы: Ала, тау, ау, ата. Сөздер жазылған жұлдызша- ларды (көк жұлдызша қызылдың оң жағында
және жасылдан жоғары орналасатындай етіп) бояйды.







Соңы

«Жұптас, ойлас, бөліс»
Мақсаты: Топтық білімді жинақтау. Ынтымақтаса жұмыс жасай отырып, өз ойларын еркін, дәл жеткізе білуге ықпал ету. Парталасымен ақылдасады. Топта айтады.
Сынып алдында оқып береді.
Нейрогимнастикалық жаттығу

Нейрогимнастикалық жаттығу жасатуға болады.




https://youtu. be/gSc7aUeQOvE Нейрогимнасти- калық жаттығу

Кері байланыс

Кері байланыс. «Үш түсті вагондар»
Саяхат картасы жазылған парақшаға өз атта- рын жазып, жапсырады.
Жасыл – барлығын түсіндім.
Сары – түсінемін, бірақ барлығын емес. Қызыл – маған бәрі түсініксіз. Қиындықтар көп болды.




Кері байланыс.
«Үш түсті вагондар»

Кері байланыс тақтасы



24-сабақ



Бөлім:

Буын және тасымал

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Туған жер. Буын

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

1.3.1.2 мәтін бөліктерін анықтап, жоспар құру;
1.2.9.1 дауысты дыбыстардың буын құрайтынын білу, буын санын анықтау;
1.4.1.1 айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп жазу және есту, есте сақтау арқылы жазу

Сабақтың мақсаты

Жоспар бойынша мәтін бөліктерін анықтайды.
Дауысты дыбыстардың буын құрайтынын біледі, сөздегі буын санын анықтайды.
Айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп жазу және есту, есте сақтау арқылы жазады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Туған жер ұғымын қалай түсінесіңдер? Туған жерлерің жайлы әңгімелеп көріңдерші.

Сұрақтарға жауап береді. Бірнеше оқушыға өз туған жері туралы айтқызу.

ҚБ. «Бас
бармақ» арқылы бағалайды.




Ортасы

1-жаттығу. Мәтінмен жұмыс.

  1. Мұғалім мәтінді оқып береді.

  2. Оқушылармен бірге мәтін бөліктерін анықтайды.

  3. Сұрақтар қояды.

  • Дархан қайда барды?

  • Қалада қанша уақыт болды?

Дәптермен жұмыс
Дәптер көлбеулігін сақтау. Партада дұрыс отыруын қадағалау.
Тек дауысты дыбыстар ғана буын құрайтынын ұғынады және сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болатыны туралы білімдері бекиді.

  1. жаттығуды жазбаша орындайды.

Сергіту сәті

  1. жаттығу ауызша орындалады.

Жұмыс дәптеріндегі тапсырма орындалады. Берілген кестеге тиісті сөздерді жазу.



Оқушылар мәтінді түсініп оқиды. Сұрақтарға жауап береді. Жоспар бойынша мәтін бөліктерін анықтайды.


Көркем жазу
Р Р Р Р Р Р Р
р р р р р р р


2-жаттығуда берілген өлеңді оқушылар жеке оқиды. Тыныс белгілеріне назар аударады.
Көшіріп жазады.
«Буыннан сөз құра» ойыны ойнатылады. Көк түспен жазылған буындардан бірнеше сөз құрауға болады. Мысалы: қайық, қала, қара, балық, бала, бата.
Марат: «қайық», – деді. Сәуле: «қала», – деді.
Жандос: «қара», – деді. Кестедегі үлгіге сәйкес бір, екі, үш буынды сөздер
қатарын толықтырып жазады.

ҚБ. «Бас
бармақ» арқылы бағалайды.


ҚБ. «Отшашу»
арқылы бағалау.

Тақтадағы жазу үлгісі


Әли мен Айяның достық туралы әні


93



Соңы

Нәресте, сәби, бөпе, бөбек, бүлдіршін сөздерін буынға бөліп, қалай тасымалданатынын айтады.










Кері байланыс

Кері байланыс: «Бағдаршам»
Сабақтан алған әсерлерін төмендегі түстер арқылы көрсету:
Жасыл түс – барлығын түсіндім.
Сары түс – маған көмек керек.
Қызыл түс – ешнәрсе түсінбедім.




Кері байланыс:
«Бағдаршам»







94
25-сабақ



Бөлім:

Буын және тасымал

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Бесік жыры. Тасымал

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

1.1.3.1 тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;
1.4.1.2 мұғалімнің қолдауымен сөзді дұрыс тасымалдауды, тасымалданбайтын сөздерді білу

Сабақтың мақсаты

Тақырыбы мен сурет бойынша өлең мазмұнын болжайды. Сөзді дұрыс тасымалдауды, тасымалданбайтын сөздерді біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
«Бір қадам алға...»
Мұғалім есіктен кіргеннен өткен сабаққа байланысты сұрақтар қояды. Жауап дұрыс болса, бір қадам алға жылжиды, қате болса, бір қадам артқа шегінеді. Мұғалім үстеліне жеткенше, бірнеше сұрақ қою арқылы оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландырып алады.
Мысалы: алма – 2 буынды сөз, ат – 1 буынды сөз.

Психологиялық ахуалға берілген тапсырманы бірге орындайды. Достық туралы өз ойларымен бөліседі.

«Отшашу» арқылы бағалайды.




Ортасы

  • Буын неден құралады?

  • Сөздегі буын саны неге байланысты болады?

  • Бір буынды сөздерге мысал келтір. (екі, үш) Сұрақтарға жауап бергеннен соң, қима қағаздардан тасымал сөзі құралады.

  • Балалар, өздерің көріп отырғандай, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы қалай аталады? Балалар: «Тасымал» деп аталады.

  • Бұл сөзді естігендерің бар ма?

Жұмбақ шешу:
Ғажап екен кіп-кішкентай Сәнді үй.
Ішінде ұйықтап жатыр Балқып әлди.
Бұл не?

  • Бесікке кімді жатқызады?

  • «Бесік жырын» кім орындайды?

Ән тыңдау. Бесік жырынан үзінді тыңдау.

  • Ән сендерге ұнады ма?

  • Ән қалай орындалады?

  • Балалар, әлемдегі ең қымбат, аяулы адам кім?

  • Аналарың сендерді қалай еркелетеді?

  • Ана сәбиін қалай тербетеді?

Суретпен жұмыс
Суреттен кімдерді көріп тұрсыңдар? Тағы нені байқадыңдар?
Суретке қарап, өлеңнің мазмұнына болжау жасап көріңдерші. Өлең кім жайында болмақ деп ойлайсыңдар?
Өлеңнің мазмұнымен жүргізілетін жұмыстар:

  1. Өлеңді тыңдатады.

  2. Жеке оқушыларға оқытады.

  3. Сөздік жұмысын жүргізеді.

  4. Оқушылар «Бесік жырының» әуенімен қосылып, бірге айтады.

Сұрақтарға жауап береді.

«Бесік жырынан» үзінді тыңдайды.


Сұрақтарға жауап береді.

Суретпен жұмыс жүргізеді. Өлеңді оқушылардың бәрі оқиды.


«Бесік жырының» әуенімен қосылып, оқушылар бірге айтады.

ҚБ.
«Бас бармақ» арқылы бағалайды.

ҚБ.
«Отшашу»
арқылы бағалау.





95



96






– Әнге қосыла отырып, біз де сәбиді тербетейік. Әнді орындағанда аналарыңды еске алып, жылы сезіммен орындау керек.
Бесікке жас сәбиді бөлейді. Ұйқысы тыныш болып әрі тоңып қалмауы үшін бесікке салады. Бесікті тербетіп отырып анасы салатын әнді
«Бесік жыры» дейді.
Мазмұнына байланысты сұрақтар қою. Өлең неліктен «Бесік жыры» деп аталады? «Бесік жыры» кімге арналып айтылады? Бөбекке қандай тілектер айтылуы мүмкін? Өлеңде ана баласын нелерге теңеген?
Құрақ, жұлдыз, бала сөздері жазып келе жатқан жолға сыймаса, қалай жазасың? Балалардың жауабын тыңдау. Балаларға осы сөздерді шапалақпен буынға бөлгізу. Балалармен бірге тұжырымдап, ережемен таныстыру.
Жазу жолына сыймаған сөз буынға бөлініп тасымалданады. Сөздердің тасымалданбаған бөлігінен соң сызықша (дефис) қойылады: ұс-таз, дә-рігер, дәрі-гер.
Дәптермен жұмыс

  1. жаттығу жазбаша орындалады.




  1. жаттығу ауызша орындалады. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмамен жұмыс ұйымдастырылады.


Көркем жазу
С С С С С С С
с с с с с с с

  1. жаттығуда жұптық жұмыс орындалады. Сөздерді буынға бөледі. Тасымалдау белгісін қойып, көшіріп жазады.

  2. жаттығу. Берілген жұмбақты оқиды. Шешуін табады.

Жұмбақтың шешуі: ана. Жұмыс дәптерінде берілген суреттер бойынша сөздерді
тасымалдап жазады.







Соңы

«Жалғасын тап» ойыны арқылы жүргізіледі. Оқушыны жылдам ой қорытуға баулу.
Оқушының логикалық ойлауы дамиды, жылдам ой түйіндейді.













Мұғалім алдын ала «Бесік жырының» шумақтарын қағазға жазып дайындайды. Өлең жолдарының басы жазылған парақшаларды оқушыларға таратады, олар өлең жолдарын толықтырып айтады.
Мысалы: Айналайын шырағым, Көлге біткен ... ,
Жағамдағы құндызым,
Аспандағы ... .

Өлең жолдарының басы жазылған парақшаларды алып, өлең жолдарын толықтырып айтады.







Кері байланыс

«Білім кемесі» арқылы кері байланыс жасайды.

  • Саған сабақ ұнаса және тапсырма- ның барлығын сәтті орындаған болсаң, желкенді жасыл түспен боя.

  • Сабақта белгілі бір қиындықтар кездестірген болсаң, желкенді сары түспен боя.

  • Сабақта тапсырмалар орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, желкенді қызыл түспен боя.











97

7 – 6150


26-сабақ

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет