Негізгі бөлім
Тақырыпты ашу
15 минут
|
Қазақ даласына үлкен қасірет әкелген – Семей полигонының жабылғанына 30 жылға жуықтады. Бірақ, сынақтар тоқтаса да, зардабын адамзат осы уақытқа дейін тартып келеді. Кейбір дереккөздерге сенсек, ядролық сынақ аумағында тұрған 1,5 млн азамат полигонның қасіретін көрген. Ауаға тараған радиоктивті жауын 304 мың шаршы шақырымға жайылған. Ал, Семей экологиялық апат аймағына айналды. Бірақ, тәуелсіздік алысымен елдің бірінші мақсаты ядролық қарудан бас тарту болды. Алайда, ол шешім оңайға соққан жоқ.
Совет одағының басшылығы АҚШ атом бомбасын пайдалану арқылы соғысқа дайындалып жатыр деген күдікпен, 1947 жылы Қорғаныс министрлігі №2 оқу полигонын құру туралы құпия қаулыға қол қойды. Оның мақсаты ядролық қаруды сынақтан өткізу еді. Қауіпті аймақ Ертіс өзенінің сол жағалауында, Семей қаласынан 130 шақырым жерге салынды. Тек 1949-1963 жылдары жалғыз Семей полигонында сынақтан өткізілген жарылыстардың күші Хиросимаға тасталған ядролық бомбадан 2500 есе жоғары болған екен.
Совет заманында барлық жарылыстар аса құпия ұсталды. Десе де ашық дерек көздердің мәліметінше, Семей полигоны аймағында 40 жыл ішінде 460 ірілі-ұсақты сынақтар өткізілген. Ядролық қарудың зардабын білген сол кездегі Компартияның бірінші хатшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен полигон есігіне құлып салынды.
Талай жанға қасірет әкелген Семей полигонындағы соңғы сынақ 1989 жылдың қазанында болған. Бірақ, арада аттай 30 жылға жуық уақыт өтсе де радиацияның уыты әлі күнге дейін шашылып келеді. Аймақта радиация қаупі жоғары. Ал, жыл сайын алғаш ядролық сынақ өткізілген 29 тамыз күні «Халықаралық ядролық қарудан бас тарту күні» болып атап өтіліп келеді.
|
|
|
Презентация
|