Бөлім: Сынып сағаты
|
Мектеп: КММ «№65 ЖББМ»
|
Күні: 15.03.22
|
Мұғалімнің аты-жөні: Достан Гүлжаһан
|
Сынып: 7 «г»
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
«8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні» . «ЕЛ ЖАСТАРЫ» Бағдарламасы.
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
7.3.1.8 – Оқушы бойында ізгілік, инабатгылық,биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.
|
Сабақтың мақсаты
|
Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Басы
5 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
а) оқушылардың сабаққа дайындығын пысықтау.
ә) оқушыларды түгендеу
|
Жаңа сабаққа дайындалады
|
|
|
Негізгі бөлім
Тақырыпты ашу
15 минут
|
Халықаралық әйелдер күні әлемнің көптеген елдерінде тойланады. Тіпті кейбір жерлерде ол ұлттық мереке болып табылады. Бұл күні жер бетінің әйелдері ұлтына, тіліне, этникалық жағдайына қарамастан бірігіп, өздерінің қаншалықты құрмет пен сыйға лайық екендіктерін іс жүзінде мойындатады. Түрлі экономикалық, әлеуметтік жағдайларда өмір сүріп жатқан нәзік жандар қазіргі кезде өздерінің білімімен, мәдениетімен, жасампаздығымен, мықты күш- жігерлерімен әлемді мойындатып отырғандықтары ақиқат. Олар теңдік пен бауырмалдықты, достық пен сүйіспеншілікті, бейбітшілік пен өзара түсіністікті ту етіп ұстауда.
Халықаралық әйелдер мерекесінің негізін қалағандар - Нью-Йорктегі фабрика мен мақта-мата өндірісінің жұмысшы әйелдері. Олар 1857 жылы тұңғыш рет бас көтеріп, өз құқықтарын қорғап, ереуілге шыққан болатын.
1908 жылдың 8 наурызында Нью-Йорктың социал-демократиялық көзқарастағы әйелдер ұйымы әйел теңдігі жөнінде ұран көтеріп, митингке шыққан-ды. Оған 15 мыңнан астам әйел қатысты, олар өздеріне еркектермен бірдей жағдай жасауды талап етті. Сонымен қатар, әйелдер сайлауға қатысуға құқылы екендіктерін де жеткізді.
1909 жылы Американың Социалистік партия сы әйелдер күнін жариялады. Ол 1913 жылға дейін аталып келді. 1909 жылы Копенгагенде өткен әйелдер жиынына АҚШ-тан делегаттар келді, олардың арасында Клара Цеткин де болды. Ол Екінші Халықаралық социалист әйелдер конференциясының делегаты еді.
1910 жылы беделді неміс социалист әйелі Клара Цеткин Екінші Халықаралық конференция делегаттарына әйел теңдігі туралы күрес күнін белгілеуді ұсынды. Бұл Копенгагенде 27 тамызда жүзеге асты. Мұнда Екінші Интернациона дың 8-інші Конгресі өткен болатын.
Бірінші Халықаралық әйелдер күні Германияда, Австрияда, Данияда, Швейцарияда 1911 жылы 19 наурызда аталып өтті. Көп адам қатысқан митинг те болды. 1912 жылы ол 12 мамырда осы елдерде аталды. 1913 жылы 12 наурызда Германияның, 9 наурызда Австрия, Чехия, Венгрия, Швейцария, Голландияның әйелдері, 2 наурызда Франция мен Ресейдің әйелдері бас көтерді.
1914 жылғы 8 наурызда көптеген елдер Халықаралық әйелдер күнін атап өтті. 1975 жылдан бастап БҰҰ-ның ұйғарымымен 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні ретінде аталып өтуде.
Бұл мерекеде барлық мектептерде ұстаздарды, аналарды, қыз балаларды құттықтау, құрметтеу мақсатында көптеген іс-шаралар өтіледі. Атап айтсақ әртүрлі тақырыптағы тәрбие сағаттары, қыз сыны байқаулары және мерекелік кештер. Аналар күніне арналған «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған...» атты мерекелік кештің өтілу барысына келсек «Сәбидің дүниеге келуі» (сахнада ана мен сәби), «Найман ана» көріністері қойылады. 8-9 сынып оқушылары аналарды өлеңдермен құттықтай отырып «Кешір ана», ару қыздарға арналған «Арулар асыл жандар...» бейнеклиптері көрсетіледі, күйлер орындалады. Сонымен қатар 8-наурыз мерекелік кешінің шығу тарихы жайлы да мағлұматтар береді.
|
|
|
Презентация
|
Сабақты бекіту
20 минут
|
Қорытынды
Балалар ата-анасына алғысын білдіреді.
|
|
|
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Саралау іріктелген тапсырмалар, бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету жұмыстары.
|
Тапсырманы толық дұрыс орындаған оқушыларды марапаттау
|
Нұсқаулықпен жүргізіледі.
|
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
|
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
|
Достарыңызбен бөлісу: |