Ертеңгілік жиын
Қайырлы күн, әрқашан күн сөнбесін,
Күн нұрындай жылуын төге берсін!
Күндей жарық көңілді күн кешейік,
Бәріміз дос болып бөлісейік.
Тәрбиеші:«Наурыз – жыл басы» көктем мейрамы:оны тойлап жатқанда айнала тегіс көгеріп, ағаштар бүршік жарып, құстар сайрап, жер беті құлпырып, адам жүрегінде ғажайып сезім оянады.Наурыз мерекесінде наурыз көже дайындалады, дастарқан жайылып, адамдар ұлттық киімдер киеді.Бір-бірінің үйлеріне қыдырып барады. Наурызда алтыбақан құрылып, ән салады, би билейді. Әртүрлі ұлттық ойындар ойналады. Наурыз күні ағаш егіледі. «Наурызда бір тал ексең, жер көгерер», «Атаңнан мал қалғанша тал қалсын» - деген мақал содан қалған».
Сурет бойынша әңгіме
- Суретте не бейнеленген? Кімдерді көріп тұрсыңдар?
- Әже қазанға не пісіріп жатыр?
- Балалар не істеп жатыр?
- Алтыбақан айналасында кімдер бар?
- Алыстан қандай үйлер көрінеді?
- Ауа-райы қандай?
- Айналаның көрінісі қандай?
- Енді «Наурыз» ертегісін тыңдайық.
Сергіту сәті
Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап дем алам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам
«Наурыз» ертегісі
Әңгіме бойынша сұрақтар:
-Қазақша жыл басы қалай аталады?
-Наурызда балалар не істейді?
-Әжесі наурыз туралы қандай ұлағатты сөздер айтты?
Бекіту.
Дидактикалық ойын: «Күлтелі гүл»
Мынау гүл – ғажайып сиқырлы гүл. Әр күлтесінде тапсырмалар бар екен. Ол тапсырмаларды орындаған балалар Наурыз мерекесіне барады.
-Наурыз күні не пісіріледі?
-Наурыз көжеге қандай дән салынады?
-Ұлттық тағамды атаңдар?
-Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?
-Наурыз туралы қандай өлең, тақпақтар білесіңдер?
-Наурыз мерекесінде адамдар қалай киінеді?
-Наурыз мерекесінде қандай тілектер айтылады?
Сабақ соңында Наурыз туралы ән айтылады.
|