Тақырыбы:Отбасы-қоғамның құрамдас бөлігі. «Жанұя бюджеті,кіріс пен шығыс» Мақсаты: Отбасы –шағын қоғам екенін , өзінің сол қоғамның бір мүшесі екенін түсіндіру. Ой-өрісін, сөйлеу тілін,сөздік қорын дамыту.Отбасында әдепті болуға, үлкендерді құрметтеуге, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас сабақ Көрнекілігі: суреттер.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу,талдау, жинақтау, көрнекілік.
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық . Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.