Дүниетану ________________
Тақырыбы: Су. Табиғаттағы су айналымы. Мақсаты: Жаңа сабақты түсіндіру.
Ойлау,есте сақтау,қабілеттерін,тіл байлығын дамыту.
Табиғатты қорғауға, суды үнемді жұмсауға тәрбиелеу.
Сабақ типі:Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер.
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: «Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар» тақырыбының мазмұнын сұрау.Дәптерлерін тексеру.
ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: -Ас тұзын қайдан алады? -Фосфориттің қандай пайдасы бар?
-Асбесттің қандай ерекшелігі бар?Қайда қолданылады?
IV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлауСу. Табиғаттағы су айналымы.
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Мұғалімнің түсіндірмесі: Су ғажайып зат. Табиғаттағы су үш түрлі: сұйық, қатты және газ тәріздес бу күйінде кездеседі.Су-табиғатта ең көп таралған зат.Жер бетінің үштен бір бөлігін су қабаты алып жатыр.Қалған үштен бір бөлігін ғана құрлық.
Сусыз тіршілік жоқ дегенді қалай түсінесің?
Оқулық пен суреттер бойынша табиғаттағы су айналымы туралы ұғындыру.
«Су –тіршілік көзі»тақырыбындағы фильмді көрсету.
Оқулықпен жұмыс. Тізбектей оқыту.
Дәптермен жұмыс. Күн ретін,ауа райын жазу. Судың қандай күйде кездесетінін жазу.
Дүние жүзі бойынша ішуге жарамды су тек 1-ақ %. Сондықтан оны үнемді пайдалану керек. Суды үнемдеуде өзің қандай үлес қосасың?