Сабақ типі дәріс Сабақ мақсаты: Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау Тәрбиелік



бет4/8
Дата18.02.2017
өлшемі1,52 Mb.
#10233
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

Заңды тұлға ұғымы

1. Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.

Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиiс.

2. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады.



Заңды тұлғалардың түрлерi мен нысандары

1. Өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде табысын келтiрудi көздейтiн (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретiнде пайда келтiре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестiрмейтiн (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады.

2. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттiк кәсiпорын, шаруашылық серiктестiк, акционерлiк қоғам, өндiрiстiк кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкiн.

3. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бiрлестiк, акционерлiк қоғамдар тұтыну кооперативi, қоғамдық қор, дiни бiрлестiк нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкiн.Коммерциялық емес ұйым кәсiпкерлiк қызметпен өзiнiң жарғылық мақсаттарына сай келуiне қарай ғана айналыса алады.

3-1. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ғана ұсталатын заңды тұлға тек қана мемлекеттiк мекеме нысанында құрылуы мүмкiн.

4. Заңды тұлғалар бiрлестiк құра алады (Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі 110-бабы).

5. Заңды тұлға осы Кодекстiң, заңды тұлғалар нысандарының әрқайсысы туралы Заңның, өзге де заң құжаттары мен құрылтай құжаттарының негiзiнде жұмыс iстейдi.

Бекіту сұрақтары

1.Заңды тұлғаның құрылтай құжаттары

2. Заңды тұлғаның құрылтайшылары

3. Заңды тұлғаны қайта құру

4.Заңды тұлғаны тарату негіздері

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: § 3 лекцияны толықтыру

Сабақ жоспары



Тобы






















Мерзімі























Оқытушы: Серікбаева Рахат Айдарбаевна

Пәні Құқық негіздері

Жалпы тақырып Құқықтық қабілеттілік және құқықтық қабілетсіздік



Сабақ типі аралас сабақ

Сабақ мақсаты:

Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау

Тәрбиелік Оқушыларды білім алуға, құштарлыққа, іскерлікке, байқампаздық

қа, талғампаздыққа тәрбиелеу.

Дамыту Оқушылардың есте сақтау, тез ойлау, дұрыс және толық жауап беру

қабілетін, білімін дамыту.

Көрнекілігі ҚР мемлекеттік атрибуты, оқулықтар.

Пән аралық байланыс ҚР Конституциясы



Сабақ жүрісі

І. Ұйымдастыру моменті

1)Амандасу;

2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;

3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;



ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

Қайталау сұрақтары:

1.Жеке тұлға дегеніміз.

2.ҚР Азаматтық құқығы бойынша жеке тұлға.

3.Азаматтың міндеттері

4.Азаматтық құқық қабілеттілік
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Құқық субъектілерін сипаттайтын негізгі құқық қасиеттері құқық қабілеттілігі болып табылады. Азаматтық құқық қабілеттілігі АК-тің 13-бабында азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті (азаматтық құқық қабілеттілігі) барлық азаматтарға бірдей деп тұжырымдалады. Конституцияның 14-бабына сәйкес заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең, тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсілІне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешкандай кемсітуге болмайды.

Конституцияның аталған тұжырымына орай азаматтардың құқық қабілеттілігі заңда бәріне бірдей және бірыңғай құрылған. Азаматтық кодекстің 13-бабында азаматтардың құқық қабілеттілігі барлық азаматтар үшін тең дәрежеде  екендігі танылған. Дейтұрғанмен, құқық қабілеттілігің теңдік принципі нақты субъективтік құқық шеңберінде жекелеген азаматтарға берілетін міндеттілік теңдікті көрсете қояды деуге болмайды. Азаматтардың бәрінде бірдей кез келген құқықты ала беру (мысалы, тұрғын үйді, машинаны) мүмкіндігі бола бермейді. Құқық қабілеттілігінің теңдігі дегенде, заңда бұл орайда ешкімге артықшылық бермейтіндігі, ешкімге субъективтік құқық алуға тыйым салмайтындығы тұрғысынан түсіну керек. Азаматтық құқық қабілеттілігінің теңдік принципінен жалпы ережеге сәйкес оны шектеуге жол берілмейді. Азаматтық Кодекстің 18-бабы 1-тармағында былай деп жазылған: «Заң құжаттарында көзделген реттер мен тәртіп бойынша болмаса, ешкімнің де құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеуге болмайды».  Қолданылып жүрген заңға сәйкес, құқық қабілеттілігін шектеу азаматтың қылмыс жасау негізінде, сот үкімі арқылы алынған шара бойынша шектелуі мүмкін. Бұл орайда азамат құқық қабілеттілігінен толықтай (тұтастай) айрылмайды. Тек заңда көрсетілген құқықтарға ғана шектеу қойылады. Қазіргі қылмыстық заңда азаматтың құқығын айыру мына жағдайларға:

1. белгілі бір лауазымды иеленуге немесе белгілі бір қызметті жасауға (жүргізуші, дәрігер және т.б.);

2.  елдің аумағында емін-еркін жүріп-тұруға (жер аудару-мен шектелу).

Ескерте кеткен жөн, біздің заң бойынша құқықты жою қашан да уақытша сипатта болады. Сонымен қатар құқық қабілеттілігін шектеуді азаматтық, басқалай субъективтік құқықтарынан айыру жағдайымен шатастыруға болмайды. Құқық қабілеттілігін шектеу дегеніміз — қандай да бір құқықты алу мүмкіндігінен айыру болып табылады.

Азаматтың құқық қабілеттілігі оның туған сәтінен басталады, яғни ана құрсағынан тірі туып, жеке өзі өмірге келгеннен кейін жеке тұлға болып есептеледі. Мысалы, түсік тірі туа тұрса да, тұлға деп саналмайды, өйткені, ол адам бейнесіне әлі келмеген. Бірақ, айтарлықтай дамыған шала туған бала тұлға санатына қосыла алады. Сонымен, егер сәби тірі туып аз күн болса да өмір сүрсе, онда ол азаматтардың хал актілерін тіркеу органдарында кай кезде шетінегеніне қарамастан туғаны жөнінде тіркеледі.

Азаматтық кодекстің 1044-бабы бойынша мұра қалдырушының тірі кезінде іште калған және мұра ашылғаннан кейін тірі туған азаматтар мұрагер бола алады, ондайда сәби небәрі бірнеше минут өмір сүрсе де аталған құқықты иеленеді.



Құқық қабілеттілігі адамның — құқық субъектісінің өлуімен бірге қысқарады. Өлген адамның ие болып келген құқықтары мен міндеттері ішінара (жеке бастың, жеке отбасылық жағынан) қысқарады, ішінара (мүліктік құқықтар) мұрагеріне көшеді. Өлім — бірқатар құқықтық салдар тудырып кететін факт. Сондықтан, адам туғанда тіркелсе, қайтыс болған азаматты да хал актілерінде тіркеу керек. Айта кететін жайт, азаматтың денсаулығы және психикалық жағдайы оның құқық қабілеттілігіне әсер етпейді.

Азаматтардың әрекет қабілеттілігі дегеніміз — азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі болып табылады.

Азаматтардың әрекет қабілеттілігі — азаматтың құқық қабілеттілігінен ерекшеленеді. Азаматтың құқық қабілеттілігі оның, дүниеге келген сәтінен бұл дүниеден озғанынша бірге болады. Азаматтың әрекет қабілеттілігі үшін оның, өз еркімен мүлікті иеленіп, оған билік ету немесе өзіне міндеттеме алуға тілек білдіруі қажет. Сондықтан да азаматтың құқық қабілеттілігі оның жасы мен психикалық жағдайына қатысты келеді. Ол өзіне азаматтық құқықпен міндеттілікті алу үшін қалыпты әрі толысқан психикада болуы тиіс. Нәтижесінде құқық қабілеттілігі барлардың бәрі бірдей әрекет қабілеттілігіне ие емес, бір сөзбен айтқанда, азаматта құқық қабілеттілік болғанымен, әрекет қабілеттілігі белгілі бір уақыт арасында болмауы мүмкін.

Азаматтық кодекстің 17-бабына сәйкес әрекет қабілеттілігі кәмелетке толғанда, яғни 18 жасқа толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады.

Бұл арада ескеретін мынадай бір жағдай бар: Азаматтық кодекстін 17-бабы 2-тармағына сәйкес, заң құжаттарында 18 жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады. Қазақстанда «Неке және отбасы туралы» Заң бойынша некеге тұруға 18 жастан бастап рұқсат етіледі. Егер дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін тіркеу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін («Неке және отбасы туралы» Заң, 10-бап).

Әдебиеттерде азаматтардың әрекет қабілеттілігі толықішінара (толық емес) және шектеулі болып бөлінеді. Онық өзі азаматтың әрекет қабілеттілігіне байланысты жүзеге асады. Жаңа туған бала толығынан құқық қабілеттілігі бола тұрса да, өзі әрекет жасап қайсыбір құқыққа ие болуға немесе өзіне міндеттер алуға қабілетсіз екендігі түсінікті нәрсе. Саналы әрекет жасау қабілеті кісінің өскендігіне (жасына) байланысты. Сондықтан әрекет жасау жасы толған адамдарда ғана болады.

18 жасқа толғандар ғана ер жеткен деп саналады (АК-тің, 17-бабы, 1-тармағы). Осы жасқа толған соң адам азаматтық құлсық айналымының толық құқылы қатысушысы болып қана қоймай, ол саяси құкықтар мен міндеттерге де ие болады.

Толық емес немесе ішінара әрекет қабілеттілігі бойынша, азамат өзінің әрекеті арқылы кез келген құқықтық әрекетті жасай алмайды, былайша айтқанда, заңда тікелей көрсетілген бірқатарына ғана ие.

Ішінара (толық емес) әрекет қабілеттілігі әдетте, жасы кәмелетке толмағандарға тән, ал берілетін әрекет ауқымы олардың жасына байланысты. Заң мұндай тұлғаларды екі топқа бөледі: а) жасы кәмелетке толмаған 14 пен 18 жас аралығындағылар; б) жасы кәмелетке толмаған 14 жасқа дейінгі жас балалар.

14 пен 18 жас аралығындағылардың әрекет қабілеттілігі мейлінше ауқымды, олар заңда көрсетілген шекте әртүрлі мәмілелер жасай береді. Ондай мәмілелерді екі түрге бөлуге болады:

— өздерінің заңды өкілдерінің, яғни ата-аналары мен асырап алушылардың, корғаншылары келісімінсіз-ақ өз бетімен жасаған мәмілелер; — ата-анасының (асырап алушының, қамкоршысының) рұқсат берген жазбаша хаты негізінде жасалатын мәміле.

14 пен 18 жас аралығындағы жасы кәмелетке толмағандар заңды өкілдерінің келісімінсіз мыналарды істеуге:

1)    өзінің жалақысына, стипендиясы мен басқа кірістеріне билік етуге;

2)    интеллектуалдық меншік құқығы бар объектілеріне билік етуге;

3)    ұсақ тұрмыстық мәмілелер жасауға;

4)  банкке салым салуға және өзінің салымына, оның ішінде өзінің атына салынған салымдарға иелік етуге құқылы.

14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар басқалай мәмілелерді, яғни мәмілелерді ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының келісімімен жасайды. Мұндай келісімнің нысаны заңдарда кәмелетке толмағандар жасайтын мәміле үшін белгіленген нысанға сай келуге тиіс (АК-тің 22-бабы, 1-тармағы).

Мәміленің аталған екі түрі бойынша жауапкершілікті, заңды өкілдерінің келісімі талап етілсін не етілмесін, жасы кәмелетке толмағандардың өздері көтереді.

Жасы кәмелетке толмағандар (14 жастан 18 жасқа дейінгі) келтірілген зиянды өтеуге оның жеткілікті мүлкі немесе табысы болмаған реттерде зиянның тиісті бөлігін, оның ата-аналары (асырап алушы адамдар) немесе қамқоршысы өтеуге тиісті. Олардың бұл міндеті зиян келтірушінің жасы толғаннан кейін, сондай-ақ келтірген зиянды өтеуге оның жеткілікті мүлкі немесе еңбек табысы жасы толғанға дейін пайда болған ретте жойылады.

14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін мәмілелерді, егер заңда өзгеше көзделмесе, ата-анасы, асырап алушылары мен қорғаншылары жасай береді (АК-тің 23-бабы). Сонымен қатар, Азаматтық кодекс белгілі бір мәмілелерді жасөспірімдердің өзі-ақ жасай беретіндігін де жоққа шығармайды. АК-тің 23-бабы 2-тармағына сәйкес, олар өздерінің жасына лайықты жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы. Мысалы, оған ойыншықтарды, балаларға арналған кітаптарды сатып алуды жатқызуға болады. Жас балалар аталған мәмілелерді жасағанымен, әрекет қабілеттілігі жоқ  деп танылады. Сондықтан да жеке жауапкершілікті мойнына алмайды, бұған келтірілген залал мәселесі де қатысты. Олардың әрекетіне ата-анасы, асырап алушылары мен қорғаншылары жауап береді, ата-анасының (асырап алушының, қамқоршысының) рұқсат берген жазбаша хаты негізінде жасалатын мәміле



Бекіту сұрақтары

1.Құқық қабілеттілігін шектеу дегеніміз?

2. Әрекет қабілеттілігі жоқ  деп кімдер танылады?

3. Әрекет қабілеттілігі толық, ішінара (толық емес) және шектеулі болып бөлінуі туралы түсінік беру

4. Әрекет қабілеттілік пен құқық қабілеттіліктің айырмашылығы?

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: § 4 лекцияны толықтыру

Сабақ жоспары



Тобы






















Мерзімі























Оқытушы: Серікбаева Рахат Айдарбаевна

Пәні Құқық негіздері

Жалпы тақырып Құқықтың негізгі салалары



Сабақ типі лекция

Сабақ мақсаты:

Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау

Тәрбиелік Оқушыларды білім алуға, құштарлыққа, іскерлікке, байқампаздық

қа, талғампаздыққа тәрбиелеу.

Дамыту Оқушылардың есте сақтау, тез ойлау, дұрыс және толық жауап беру

қабілетін, білімін дамыту.

Көрнекілігі ҚР мемлекеттік атрибуты, оқулықтар.

Пән аралық байланыс ҚР Конституциясы

Сабақ жүрісі

І. Ұйымдастыру моменті

1)Амандасу;

2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;

3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;



ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

Қайталау сұрақтары:

1.Құқық қабілеттілігін шектеу дегеніміз?

2. Әрекет қабілеттілігі жоқ  деп кімдер танылады?

3. Әрекет қабілеттілігі толық, ішінара (толық емес) және шектеулі болып бөлінуі туралы түсінік беру

4. Әрекет қабілеттілік пен құқық қабілеттіліктің айырмашылығы?
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Құқық жүйесі – бұл объективті қамтамасыз етілген қоғамдық қатынастар жүйесі, құқықтың ішкі құрылымы, онда бірлікте және келісілімділікте көрінетін, мемлекетте әрекет ететін құқықтық нормалар және құқықтың бөлінуіндегі салыстырмалы еркіндіктегі бөлігі – нормалар, институттар және құқық салалары.
Құқық жүйесінің негізгі формалары:
• объективтілігі (құқық саяси партиялардың еркімен қалыптаспайды, қоғамдық қатынастардың заңды даму процесінде тұжырымдалады.
• қоғамдағы бар қатынастардың деңгейін, құқықтық мәдениетті көрсетеді;
• құқық жүйесі – бұл көпжақты құқықтық құбылыс, өзінің көлеміне және мазмұнына қарай бірдей емес, бірақ органикалық қарым-қатынастағы құрамдық элементтерді қосып алушы (құқық нормалары, институттар және құқық салалары);
• құқық жүйесі бірлігімен және өзін құрайтын нормалардың қарым-қатынасымен сипатталады;
• басқа және күрделі жүйелердің бір бөлігі болып табылады: ұлттық құқық жүйесінің және халықаралық құқық жүйесінің.
Құқық жүйесінің элементтері – бұл нормалар, салалар және құқық институттары. Өз жағынан, жекеленген құқық салалары сала бөліктерінен тұруы мүмкін, ал кейбір институттар кей кезде, күрделі және көлемді конструкциялар болып, солай айтылатын субинституттарды көрсетеді. Құқық саласы – бұл жекешеленген заңды норомалардың жиынтығы, сапалы біркелкі қоғамдық қатынастарды реттейді.
Барлық құқық салаларының бір-бірімен айырмашылығы пәні мен құқықтық реттеу әдісіне байланысты болады.
Құқықтық реттеу пәні қоғамдық қатынастардың біртекті топтағы құқыпен реттелетін қоғамдық қатынастар ретінде көрінеді. Құқықтық қатынастар ықпал ететін қоғамдық қатынастар аясы әр түрлі және бір-бірінен өзгеше (мүліктік, басқарылатын, т.б.). Құқықтық реттеу пәнінің белгісіне сай, құқық салаларын отызға бөліп көрсетуге болады.
Құқықтық реттеу әдісіне жалпылама тәртіппен – бұл заңды жол (не әдістердің жиынтығы), яғни белгілі қоғамдық қатынастарға әр түрлі әдістермен ықпал етеді; императивті – билік ұйғарымы (тыйым салу нормалары): қылмыстық, әкімшілік, қаржы құқығы; диспозитивті – субъектілі, заң қалпында тәртіп жолын таңдауға мүмкіндік береді (азаматтық құқық).

Бекіту сұрақтары

1.Құқықтық реттеу әдісі дегеніміз?

2.Құқық жүйесінің элементтері.

3.Құқық салаларының бір-бірімен айырмашылығы

4.Құқық жүйесінің негізгі формалары

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: § 4 лекцияны толықтыру

Сабақ жоспары



Тобы






















Мерзімі























Оқытушы: Серікбаева Рахат Айдарбаевна

Пәні Құқық негіздері

Жалпы тақырып Қазақстан Республикасының сот жүйесі



Сабақ типі дәстүрлі сабақ

Сабақ мақсаты:

Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау

Тәрбиелік Оқушыларды білім алуға, құштарлыққа, іскерлікке, байқампаздық

қа, талғампаздыққа тәрбиелеу.

Дамыту Оқушылардың есте сақтау, тез ойлау, дұрыс және толық жауап беру

қабілетін, білімін дамыту.

Көрнекілігі ҚР мемлекеттік атрибуты, оқулықтар.

Пән аралық байланыс ҚР Конституциясы



Сабақ жүрісі

І. Ұйымдастыру моменті

1)Амандасу;

2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;

3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;



ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

Қайталау сұрақтары:

1.Құқықтық реттеу әдісі дегеніміз?

2.Құқық жүйесінің элементтері.

3.Құқық салаларының бір-бірімен айырмашылығы

4.Құқық жүйесінің негізгі формалары

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Сот жүйесiмен Қазақстанның барлық соттарының жиынтығын түсiну керек. Қазақстан Республикасының сот жүйесiн Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және Қазақстан Республикасының Конституциясына және Конституциялық заңға сәйкес құрылатын жергiлiктi соттар құрайды.
 

Қазақстанның Жоғарғы Соты азаматтық, қылмыстық және өзге де iстер жөнiндегi жоғары сот органы болып табылады, соттардың қызметіне бақылау жүргізеді және сот тәжірибесінің мәселелерi бойынша түсiнiк береді.

Жоғарғы Соттың құрылымы– Жоғарғы Сот Төрағадан, алқа төрағаларынан және судьялардан тұрады.
Жоғарғы Сот Төрағасы, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот алқа төрағалары және судьялары Қазақстан Республикасы Президентiнің ұсынуы арқасында Сенатпен сайланады. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары, төрағалар және  судьялар  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасымен келiсiлген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентiмен сайланады.

Сот шешімдері бақылау тәртібімен Жоғарғы Соттың:  азаматтық  және әкімшілік істер жөніндегі бақылау сот алқасымен, қылмыстық iстер жөнiндегi бақылау сот алқасымен қаралады. Заңда қарастырылған жағдайларда – жалпы отырыстарда қаралады.

Жергiлiктi соттарға облыстық және оларға теңестiрiлген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары, мамандандырылған сот - Қазақстан Республикасының Әскери соты, мамандандырылған қаржылық соттар және басқалар);

аудандық және оларға теңестiрiлген соттар (қалалық, ауданаралық, мамандандырылған сот - гарнизонның әскери соты және басқалар). Қазақстан Республикасында мамандандырылған (әскери, экономикалық, әкімшілік, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және басқа) соттар құрылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасында арнайы соттар құрылуы мүмкін (әскери, қаржы, экономикалық, әкімшілік, кәмелетке толмаған жасөспірімдер істері бойынша) жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет