Сабақ типі дәріс Сабақ мақсаты: Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау Тәрбиелік



бет5/8
Дата18.02.2017
өлшемі1,52 Mb.
#10233
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

Бекіту сұрақтары

1.ҚР жоғарғы сотына түсінік

2.Арнайы және төтенше соттар

3.Жергілікті соттарға түсінік

4.Жоғарғы соттың құрылымы

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: § 5 лекцияны толықтыру

Сабақ жоспары



Тобы






















Мерзімі























Оқытушы: Серікбаева Рахат Айдарбаевна

Пәні Құқық негіздері

Жалпы тақырып Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары



Сабақ типі аралас сабақ

Сабақ мақсаты:

Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау

Тәрбиелік Оқушыларды білім алуға, құштарлыққа, іскерлікке, байқампаздық

қа, талғампаздыққа тәрбиелеу.

Дамыту Оқушылардың есте сақтау, тез ойлау, дұрыс және толық жауап беру

қабілетін, білімін дамыту.

Көрнекілігі ҚР мемлекеттік атрибуты, оқулықтар.

Пән аралық байланыс ҚР Конституциясы



Сабақ жүрісі

І. Ұйымдастыру моменті

1)Амандасу;

2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;

3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;



ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

Қайталау сұрақтары:

1.ҚР жоғарғы сотына түсінік

2.Арнайы және төтенше соттар

3.Жергілікті соттарға түсінік

4.Жоғарғы соттың құрылымы
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Кез келген мемлекет өмірдің барлық қоғамдық салаларында, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарда қатаң тәртіп пен сақтықты орнатуға мүдделі. Онсыз қоғамның бірқалапты дамуы, экономиканың,мәдениеттің, игіліктің көтерілуі және халықтың қауіпсіздігінің артуы мүмкін емес. Сондықтан мемлекет азаматтардың, олардың бірлестіктерінің, шаруашылық ұйымдардының, мемлекеттік органдарының, олардың лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілігін белгіңлейді. Мемлекет өзі қабылдаған заңдарды барлық адамдардың қатаң сақтауын, заңдардың талаптаорын бұзушылардың заңмен жауапқа тартылуын әрдайым қадағалап отырады. Мемлекеттің мұндай қызметі, яғни заңдар талаптарынан ауытқуларға жол бермеу үшін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде, шаруашылық және қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың қызметіндегі белгіленген тәртіпті сақтау – бақылау және қадағалау қызметі деп аталады. Құқықты қорғау қызметі, негізі, үш нысанда жүзеге асырылады: а) құқық бұзушылықтан сақтандыру жөніндегі әр алуан шаралар жүргізу жолымен; ә) заңды істерді қарау және шешу жолымен; б) құқық бұзушыларды заңмен жауапқа тарту жолымен. Мемлекеттің құқықтық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін құқықтары мен міндеттері арнаулы заңдармен реттелініп әр түрлі органдар құрылады. Қазақстан Республикасында қандай құқық қорғау органдары құрылған: Оған мыналар жатады: полиция органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, прокуратура, әділет министрлігі, әр алуан мемлекеттік инспекциялар (өрт, санитарлық, қаржы және т.б., сот органдары,адвокатура, нотариаттар, кедендік органдар, ішкі және шекара әскерлері, Президент күзетінің қызметі және т.б. Құқық қорғау органдары, негізінен, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Прокуратураның және Әділет министрлігінің құрамында әрекет етеді. Полиция органдарының қызметі. Полиция – Ішкі істер министрлігінің құқықтық қорғау органдары жүйесінде басшылық орын алады, оған құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау және болдырмау жөніндегі жұмыстардың анағұрлым көп көлемі жүктелген. Сондықтан ПМ жүйесінде толып жатқан полициялық органдар құрылған. Олар: 1) қылмысты істер полициясы, ол қылмыстарды болдырмау және ашумен айналысады; 2) патруль полициясы – көшелер мен елді мекендерде, басқа да қоғамдық орындарды қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастыруды; 3) жол полициясы – жол қозғалысы ережелерін сақтауды және оның қауіпсіздігін қадағалайды; 4) әкімшілік полициясы, оның міндеті - әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу; 5) полицияның арнайы отрядтары – күзетілген маңызды объектілерде құқықтық тәртіпті қаитамасыз етуге бағытталған және т.б. Заң бойынша – полиция қылмыстар, әкімшілік бұзулар туралы өтініштерді, хабарлауларды қабылдауға және тіркеуге, қылмыстардан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуге, қылмыс жасаған адамдарды іздестіруге; қару сатып алуға, алып жүруге және сақтауға рұқсат беруге; кәмелетке толмағандардың панасыздығы мен құқық бұзуларын анықтауға; шетелдік азаматтардың Қазақстан аумағында болуы кезінде ережелерді сақтауға бақылауды жүзеге асыруға және т.б. міндетті. Заң полицияға: құқық бұзулар жасағаны жөнінде сезікті азаматтардың құжаттарын тексеруге; әкімшілік құқық бұзулар туралы хаттамалар жасауға; заңда көрсетілген жағдайларда азаматтарды ұстауға және қамауға алуға; бас бостандықтарынан айыру орындарынан босаған адамдар тұрғысында бақылауды жүзеге асыруға; қылмыс жасаған адамдардың ізіне түсу кезінде азаматтардың тұрғын үйлерінде ұйымдар орналасқан бөлмелерге кіруге, оларды тексеруге және т.б. құқық береді. Қазақстанның полициясы басқа еларалық келісімдер негізінде басқа елдердің полициясымен өзара әрекеттестікте жұмыс істейді. Қазақстан өз аумағында қылмыс жасаған адамдарды іздестіруге, ұстауға және ҚР-на беруге көмектесетін халықаралық полиция ұйымының – Интерполдың мүшесі болып табылады. ПМ-нің полициялық органдарынан басқа Қаржы пллициясы агенттігінің жүйесінде қаржы полициясы, ал қарулы күштерде - әскери полиция жұмыс істейді. Қаржы полициясының құқықтары төмендідей: салықтарды төлемеуге байланысты құқық бұзуларды анықтау және болдырмау; салықтар төлеуден жалтаратын адамдарды іздестіруді жүзеге асыру; салықтық құқық бұзушылық пен мемлекеттітке келтірілген залалдарды өтеу жөнінде шаралар қолдану; салық қызметі органдарындағы жемқорлық фактілерінің алдын алу, анықтау; алдын ала тергеу, анықтау жүргізу; өзінің құқық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, азаматтардан қажетті ақпаратты сұрату және алу. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметі. Құқық тәртібін қорғауға ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің органдары үлкен рөл атқарады. ҰҚК-нің басшылығымен облыстар мен қалаларда құрылған аумақтық органдарға жұмыс істейді. ҰҚК жүйесінде барлау бөлімшелері («Барлау» қызметі) бар: мемлекеттік құпияларды сақтауды қамтамасыз етуге арналған үкіметтік мекемелерді байланыс пен ақпараттың арнайы түрлерімен жабдықтайтын орган және басқа құрылымдар жұмыс істейді. ҰҚК органдары тікелей ҚР-ның ПРезидентіне бағындырылған. ҰҚК органдарының басты міндеті ҚР қауіпсіздігіне қатер төндіретін шетелдік мемлекеттердің арнаулы қызметтері мен жекелеген адамдарының барлау және дұшпандық қызметімен күрес болып табылады. Бұл күрес заңға сәйкес жария, сондай-ақ жария емес құралдар мен әдістерді қолдану жолымен жүргізіледі. ҰҚК органдарының қызметіндегі басқа маңызды бағыт – лаңкестікпен, заңсыз қару айналымымен, нашақорлықпен, жемқорлықпен, контрабандамен, пара алумен, басқа да ауыр қылмыстармен күресу болып табылады. Лаңкестікпен күресу – 2001 жылы 11 қыркүйекте Нью-Йорктегі және 2002 жылы қазанда Мәскеудегі театр орталығына жасалған шабуылдан кейін ерекше міндетке айналды. Сондықтан ҚР-ның ҰҚК-ті лаңкестікпен күресу жөніндегі өз қызметін басқа мемлекеттердің мемлекеттік қауіпсіздік органдарымен өзара әрекеттесуі арқылы жүзеге асырады. ҰҚК органдарына зор құқықтар берілген. Дәлірек айтқанда, олар, мысалы, мақсаттары ҚР-дағы конституциялық құрылысты күшпен өзгерту болып табылатын, лаңкестік, экономикалық контрабандаға, жемқорлық, қылмысты топтардың беделін түсіруге бағытталған қылмыстың ерекше қауіпті түрлері бойынша анықтау және алдын алазерттеу жүргізеді. Прокуратура органдарының қызметі. ҚР-ның құқық органдары арасында прокуратура айрықша орын алады. Оның қызметі көп қырлы және көптеген бағыттарда жүзеге асырылады. Прокуратураның міндеттері ҚР Конституциямен және «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» арнаулы заңмен белгіленген. Прокуратураның басты міндеті барлық мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпорындардың, мекемелердің және олардың лауазымды адамдарының Заңдарды, Президенттің жарлықтарын, басқа құқықтық нормативтік актілерді мүлтіксіз және біркелкі қолдануына жоғарыдан қадағалауды жүзеге асыру болып табылады. Прокурорлық қадағалаудың мақсаты – Республиканың бүкіл аумағында біртұтас және берік заңдылықты қамтамасыз ету, заңнамалардың талаптарын бұзу фактілерін анықтау және кінәлілерді жауапқа тарту. Прокуратура өз қызметін мемлекет атынан жүзеге асырады. Ол өз қызметін ҚР Президентіне тікелей есеп беретін тек қана Бас прокурорға бағына отырып, басқа мемлекеттік органдарға тәуелсіз атқарады. Прокуратураға кең өкілдіктер берілген. Мысалы, ол мыналарды қадағалауды жүзеге асырады. а) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығын сақтауды; ә) полициялық органдардың тергеулер мен анықтаулар кезіндегі заңдылығын; б) азаматтарды әкімшілік жауапқа тартудың заңдылығын; в) сот белгілеген жазаларды орындау мен азаматтық істер бойынша сот шешімдерін орындау заңдылығын; г) сот органдарының үкімдерінің, шешімдерінің заңдылығын. Өздерінің қадағалау қызметтерін прокуратура әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырады. Мысалы, мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың кез келген заңсыз шешімдері мен қаулыларына наразылық білдіру; қылмысты зерттеу кезінде заңсыз әрекеттерге жол бермеуді бақылау және т.б. жолмен. Қылмыс фактісін анықтағанда прокуратура қылмыстық іс қозғайды, оны сотқа жібереді және мемлекеттік айыптаушы ретінде көрінеді. Сонымен бірге прокурордың сезіктіні қамауға алуға, тінту жүргізуге рұқсат беруге, заңнамалар талаптарын бұзуға әкелуі мүмкін, жұмыстағы кемшіліктерді жоюға лауазымды адамдарға міндетті болатын жазбаша нұсқаулар беруге құқы бар. Республикада құқық қорғау қызметін тиімді жүзеге асыру үшін барлық құқық қорғаушы органдардың келісіп жұмыс істеуін қамтамасыз етудің, қылмыспен күрес жағдайында жүйелі талдау жасаудың, елде құқық қорғау жұмысын жақсартудың себептерін анықтау мен шараларын жасаудың зор маңызы бар. Мұндай міндет заңмен прокуратураға да жүктелген. Бұл прокуратураның Қазақстан Республикасындағы Заңдылықтың жай-күйі үшін мемлекет алдында үлкен жауапкершілігі барын дәлелдейді. Құқық қорғау органдары мемлекеттің басым құрылымдарына жатады. Оларға қару қолдануға дейін үлкен өкілдіктер берілген. Сондықтан олар міндеттері, қызметтері, қызметініңтүрлері мен әдеттері белгіленген ҚР Конституциясының қағидаттары мен нормаларына сәйкес қатаң жұмыс істеуге міндетті. Республикада олардың қызметіне қатысты болатын ІІм, ҰҚК, прокуратура органдары, әділет органдары, сот жүйесі, адвокатура, нотариат туралы Заң дар мен басқа заңдар қабылдаған және олар жұмыс істейді. Барлық құқық органдары төмендегі қағидаттар негізінде жұмыс істеуге міндетті: 1) заңдылық; 2) адамның құқықтары мен бостандықтарын басым қамтамасыз ету; 3) барлығының заң алдындағы теңдігі; 4) құқық қорғау органдары қызметкерлерінің этикалық нормаларын сақтау; 5) құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне саяси партияларда болуға тыйым салу. Бұл жөніндегі ҚР Конституциясының 23-бабында тура айтылған: «Әскери қызметшілер, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялар партияларда, кәсіптік одақтарда болмауға, қандай да бір саяси партияны қолдап сөйлемеуге тиіс». Құқық қорғау органдары қызметінің барлық аталған қағидаттары олардың саяси күреске тартылмауына, халықтың алдында жоғары беделі болуына, республикада қатаң заңдылық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі өздерінің жауапты қызметтерін тәуелсіз орындауға, халыққа адал қызмет етуге, сондай-ақ қоғамдық және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Бекіту сұрақтары

1.Құқық қорғау органдарының салалары

2. Мемлекеттік органдардың қызметі

3.ҰҚК қысқаша сипаттама

4.Полиция органдарының қызметі

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: § 6 лекцияны толықтыру

Сабақ жоспары



Тобы






















Мерзімі























Оқытушы: Серікбаева Рахат Айдарбаевна

Пәні Құқық негіздері

Жалпы тақырып Азаматтық құқық



Сабақ типі лекция

Сабақ мақсаты:

Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау

Тәрбиелік Оқушыларды білім алуға, құштарлыққа, іскерлікке, байқампаздық

қа, талғампаздыққа тәрбиелеу.

Дамыту Оқушылардың есте сақтау, тез ойлау, дұрыс және толық жауап беру

қабілетін, білімін дамыту.

Көрнекілігі ҚР мемлекеттік атрибуты, оқулықтар.

Пән аралық байланыс ҚР Конституциясы



Сабақ жүрісі

І. Ұйымдастыру моменті

1)Амандасу;

2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;

3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;



ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

Қайталау сұрақтары:

1.Жеке тұлға дегеніміз.

2.ҚР Азаматтық құқығы бойынша жеке тұлға.

3.Азаматтың міндеттері

4.Азаматтық құқық қабілеттілік
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Құқық дегеніміз мемлекетте қолданылатын барлық құқықтық нормалардың: құқықтық ғұрыптардың, әділеттілік үлгілердің, мемлекеттің құқықтық ережелерінің жиынтығы болып табылады. Құқықта заңдар ерекше орын алады. Мемлекеттік өкімет билігінің жоғарғы органдары қабылдаған нормативтік актілер заң деп есептелінелді. Заң ең жоғарғы юрисдикциялық күш болып табылады. Мұның мәнісі – мемлекеттік органдар қабылдаған нормативтік актілер заңда негізделуге және заңға қайшы келмеуге тиіс деген сөз.
     Заңдар адамның құқықтық дәрежесін анықтайды. Құқық тек заңдардан ғана тұрмайды. Құқық дегеніміз – белгілі бір мемлекетте қабылданған және қолданылып жүрген барлық құқықтық нормалардың белгілі нормативтік құқықтық актілерді де көрсетеледі. Конституцияда, заңдарда мемлекеттік органдарға нормативтік құқықтық актілер қабылдау жөнінде өкілдік беріледі. Президент – нормативтік жарлықтар, Үкімет – нормативтік қаулылар, Министрліктер – нормативтік буйрықтар, жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік шешімдер т.б. қабылдайды.
     Сөйтіп құқық туралы сөз қозғалғанда, нақты мемлекеттегі қолданылып жүрген нормативтік актілердің барлығы еске алынады. Мұның өзі – объективтік мағынадағы, яғни дербес біртұтас құбылыс ретінде өмір сүреді деген мағынадағы құқық. Құқықты субъектілердің (адамдардың) өз игілігі үшін мемлекет тарапынан кепілдік берілген белгілі бір қимыл-әрекеттерді істеу жөніндегі заңдық мүмкіндігі ретінде қолданылады. Мысалы, өмір сүру құқығы, денсаулығын сақтау құқығы, білім алу құқығы т.т.
     Құқықтың алғашқы элементі – құқық нормасы. Құқық нормасы дегеніміз – мінез-құлық, тәртіп ережесі, тіршілік процесіндегі тәртіп  пен мінез-құлық, ережелерінің үлгісі. Ал мінез-құлық дегеніміз – жеке алып қарағандағы әрбір адам емес, тұтас адамдар ұжымына да тән жағдай. Жеке адаи ғана емес, бірнеше адамнан құрылған ұжымдар да бір-бірімен қатынасқа келеді. Демек, құқық нормаларымен реттелетін қатынастарға түсе отырып, адамдар, олардың ұйымдары өздерінің мінез-құлқымен сол нормаларды бұзбайтын болуға тиіс.
     Құқықтық нормалардың жиынтығы ретіндегі құқық, қоғам тіршілігінде маңызды рөл атқара отырып, өмірдің қай саласында болса да адамдар арасындағы қарым-қатынастарда тәртіп болуына бағытталады. Адамдар бір-бірімен экономикалық қатынаста, яғни материалдық игіліктерді өндіру жөніндегі қатынастарда болады. Мысалы, заводтарда, фабрикаларда нормативтік құқық актілері аоқылы белгілі бір реттілік, еңбек тәртібі орнатылады. Материалдық игіліктерді бөлу мәселесінде де экономикалық қатынастар пайда болады. Қызметкерлер өздерінің еңбегі үшін сияпат ақы алуға тиіс. Бұл да тиісті нормативтік актілермен реттеледі. Адамдар бір-бірімен неше түрлі шарттық қатынастарға түсіп жатады. Олардың арасындағы сату-сатып алу, айырбас, жоралғы, қарыз т.б. әрекеттер құқық нормаларының шеңберінде ғана хатталуға тиіс.
     Құқық қоғамның саяси өмірінде маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік органдардың құрылымы, оларды жасақтау тәсілдері (сайлау, тағайындау
, олардың билік аясы (өкілеттілігі), іс-әрекеттерінің түрлері мен әдістері т.т. құқықтық нормалар арқылы анықталады.
     Қоғамдық тәртіп (демократиялық немесе халыққа қарсы бағытталған) тек қана құқықтық актілер арқылы орнатылады, оны тәртіп органдары қамтамасыз етеді. Азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне қатынасу үшін пайдаланатын саяси құқықтары мен бостандықтары тек қана нақ осы құқықтық актілер арқылы белгіленеді.
     Құқық қоғамның әлеуметтік өмірінде де зор рөл атқарады. Құқықтық нормалар білім алудың, денсаулық сақтаудың, отбасын құрып, оны нығайтудың т.б. қажеттіктердің заңдық шарттарын белгілейді.
     Сөйтіп, құқық дегеніміз адамдардың өміріне қалыпты жағдайлар туғызуға, қоғамның барлық бағыттарда дамуын заңдық жағынан қамтамасыз етуге тиісті мемлекеттік қуатты құрал болып табылады. Құқық тек жұртты жазалау үшін, оларға күштеу шараларын қолдану т.с. үшін қажет деп ойлау дұрыс емес. Азаматтар өздеріне берілген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланғанда, құқық нормаларының талаптарын орындағанда, мемлекеттік органдар құқық нормаларының талаптарын бұзған адамдарға шара қолданып, тиісінше жазалап отырғанда, құқық нақты іс жүзіне асқан болып табылады.


Бекіту сұрақтары

1.Заңның анықтайтын дәрежесі

2. Құқықтың алғашқы элементі

3.Құқықтың әлеуметтік өмірде алатын орны

4.Мінез-құлық дегеніміз

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: § 5 лекцияны толықтыру

Сабақ жоспары



Оқытушы: Серікбаева Рахат Айдарбаевна

Пәні Конституциялық құқық

Жалпы тақырып Саяси құқықтар мен бостандықтар



Сабақ типі лекция

Сабақ мақсаты:

Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау

Тәрбиелік Оқушыларды білім алуға, құштарлыққа, іскерлікке, байқампаздық

қа, талғампаздыққа тәрбиелеу.

Дамыту Оқушылардың есте сақтау, тез ойлау, дұрыс және толық жауап беру

қабілетін, білімін дамыту.

Көрнекілігі ҚР мемлекеттік атрибуты, оқулықтар.

Пән аралық байланыс ҚР Конституциясы

Сабақ жүрісі

І. Ұйымдастыру моменті 2 мин

ІІ. Өтілген тақырыпты қайталау 25 мин

Қайталау сұрақтары

1.Жеке құқықтар мен бостандықтар адамға қай кезде беріледі?

2.Жеке құқықтар санатына нелер жатады?

3.Конституциялық құқықта нелерге тыйым салынады?








Жеке тапсырмалар карточкалар, тест сұрақтары



Карточка


ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру



Саяси құқықтар мен бостандықтар мемлекеттік билікті жүзеге асыру процесінде қоғамдық қатынастар жүйесіндегі азаматтың құқықтық жағдайын белгілейді. Бұл ретте саяси құқықтар мен бостандықтардың табиғи сипаты ҚР биліктің бірден-бір бастауы Қазақстан халқы болып табылады деген қағидадан келіп шығады. Азаматтарға кең ауқымды саяси құқықтар мен бостандықтар берілген.Саяси құқықтардың ең маңыздысы азаматтардың белсенді және бәсең сайлау құқығынан тұратын сайлаушылық құқық субъектісі болып табылады.Саяси құқықтар қатарына азаматтардық мемлекет ісін басқаруға қатысу құқығы жатады (33-б. 1-т.). Азаматтар бұл құқықты әрқилы жүзеге асырады. Ең алдымен олар оны тікелей, басқаша айтқанда республикалық референдумға, мемлекеттік маңызы бар мәселелер бойынша жалпыхалықтық дауыс беруге, сайлауға қатысу жолымен жүзеге асырады. Сонымен бірге мемлекет ісін басқаруға қатысу құқығы өкілді органдардың қызметінен де өз орнын табады: азаматтар сайлаушылар ретінде өз депутаттарына ықпал ете алады.Азаматтардың белсенділігін танытудың, қоғам мүдделері-не ынтасын арттырудың бір құралы олардың мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына тікелей өзі жүгінуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтініштер жолдауға құқығы барлығы болып табылады.Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке кіруге тең құқығы бар (33-б. 4-т.). Конституцияда мемлекеттік қызметші лауазымына кандидатқа қойылатын талаптар лауазымдық міндеттердің сипатына ғана байланысты болады және заңмен белгіленеді деп атап көрсетілген. Мемлекеттік қызметтен өту Республика заңдылықтарымен реттеліп отырады. Мемлекеттік қызметшінің жасы Конституцияға сәйкес алпыс жастан, ал ерекше жағдайларда алпыс бес жастан аспауы керек.
Бекіту сұрақтары

Саяси құқықтар мен бостандықтардың табиғи сипаты ҚР биліктің бірден-бір бастауы не болып табылады?

Мемлекеттік қызметтен өту қалай реттеліп отырады?

Мемлекеттік қызметшінің жасы Конституцияға сәйкес неше жастан аспауы керек?



Үйге тапсырма



Лекцияны толықтыру






Сабақ жоспары

Тобы






















Мерзімі























Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет