Тақырып: С.Сейфуллин өмірі мен шығармашылығы
Мақсаты:
Білімділік. Оқушылардың негізгі білімдерін ұштай отыра, С.Сейфуллин өмірі мен шығармашылығы жайлы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық. Өз ойларын жүйелі, дәлелді жеткізуге баулу.
Тәрбиелік. Адамгершілікке, туған жерін сүюге, құрметтеуге
тәрбиелеу.
Сабақ типі. Білімді жетілдіру
Сабақ түрі. Дәстүрлі
Сабақ әдісі. Сұрақ – жауап,
Сабақ формасы. Дара,
Сабақ мотивациясы
Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй жұмысын тексеру
ІІІ. Білімді жетілдіру
«Желсіз үзілмей келген жиырма жылдық ақын жолы – жеңіл жол емес. Күш-қуат, ой-сезім, істері нәр атаулының барлығын, қуаныш пен күйініш, қиналу мен тебірену араларында, жалындай жанып ортаға салаған жылдар. Бұл жолғ барлық жас қуаты, өмірлік бейнеті, жүрек қаны сарп етілген. Осы күйді, әсіресе, Сәкен басынан мол кешті».
Мұхтар Әуезов
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінң негізін салушылардың бірі – Сәкен Сейфуллин аз ғана ғұмырында өлмейтін мол мәдени мұра қалдырды.
Рефлексия Не білдім?
Не білгім келеді?
V Үй тапсырмасы Сыр сандық өлеңін оқу.
VI Бағалау.
Әдебиет
11 сынып
Тақырып: С.Сейфуллин «Сыр сандық» өлеңі
Мақсаты:
Білімділік. . С.Сейфуллин «Сыр сандық» өлеңін игерту. Тақырып, идеясын ашу.
Дамытушылық. Өз ойларын жүйелі, дәлелді жеткізуге баулу.
Тәрбиелік. Адамгершілікке, туған жерін сүюге, құрметтеуге
тәрбиелеу.
Сабақ типі. Білімді жетілдіру
Сабақ түрі. Дәстүрлі
Сабақ әдісі. Сұрақ – жауап,
Сабақ формасы. Дара,
Сабақ мотивациясы
Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй жұмысын тексеру
ІІІ. Білімді жетілдіру
Сәкен лирикасындағы жақсы үлгілердің біразын 1926 жылы Қызылордада басылып шыққан «Экспресс» жинағынан табамыз.
Сыр сандық
Өлеңді мәнерллеп оқу.
Шырқ айналар шіркін тауық,
Жемің болса қолыңда,
Қайдағысы сені тауып,
Топырлайды жолыңда.
Досыңмын деп ант береді,
Жем іздеген жанама,
Жем таусылса жалт береді,
Сенерлік дос санама.
Нағыз достар – бір-ақ қалып,
Шындап берік сүйіскен,
Бір-біріне сыр ақтарып,
Сыр түйінін түйіскен...
Тақырыбы: Адалдық пен арамдық, талант пен күншілдік, мансап пен ұждан, достық пен қастандықт жырлайды.
Идеясы: Жаман қасиеттерден аулақ болу, досқа адал болуды дәріптейді.
Талдау. Тіліне талдау.
Ақын қандай тақырыптарды көтерген?
Рефлексия Не білдім?
Не білгім келеді?
V Үй тапсырмасы «Көкшетау» поэмасын оқып келу.
VI Бағалау.
Әдебиет
11 сынып
Тақырып: С.Сейфуллин «Көкшетау» поэмасы
Мақсаты:
Білімділік. . С.Сейфуллин «Көкшетау» поэмасын игерту. Тақырып, идеясын ашу.
Дамытушылық. Өз ойларын жүйелі, дәлелді жеткізуге баулу.
Тәрбиелік. Адамгершілікке, туған жерін сүюге, құрметтеуге
тәрбиелеу.
Сабақ типі. Білімді жетілдіру
Сабақ түрі. Дәстүрлі
Сабақ әдісі. Сұрақ – жауап, Бітібаева технологиясы.
Сабақ формасы. Дара,
Сабақ мотивациясы
Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй жұмысын тексеру
ІІІ. Білімді жетілдіру
Орамал лақтыру ойыны арқылы поэма мазмұнын тексеру.
Көкшетау
Оқжетпес
Қалмақ қызы Жұмбақтас
Қарақұс пен кептер
Қарақұс, кептер, лашын
Бала кептер
Бала кептер мен сұңқар түнде ұшқан кептер
Кептер мен жапалақтар
Кептер мен лашын
Кептер мен бүркіт
Адақ бүркіт пен аққу, мерген
Адақ мерген
Қыз жұмбағы жұмбақтың шешуі ерік алған қыз бен ханның қолы
Қыз бен керкөжек
Идеясы: ақын зор гуманистік ой айтады, махаббат күші, ғашықтық қуаты, сүйген жарға деген құштарлық әділетсіздікті, қатыгездікті жеңеді деген поэтикалқ салтанат құрады.
Рефлексия Не білдім?
Не білгім келеді?
V Үй тапсырмасы үзінді жаттау.
VI Бағалау.
Әдебиет
11 сынып
Тақырып: Б. Майлин өмірі мен шығармашылығы
Мақсаты:
Білімділік. Оқушылардың негізгі білімдерін ұштай отыра Б.Майлин жайлы білімдерін кеңейту, Б.Майлин шығармаларын оқуға баулу.
Дамытушылық. Оқушылардың шығармашылық ізденіске баулу; Көркем мәтінмен жұмыс істей білу дағдысын жетілдіру.
Тәрбиелік. Ұлы ақынның еңбектерін оқи отырып, адамгершілік, адалдық, ізгілік, еңбекқор, ғылым, білімді жан-жақты меңгерген көкірегі ояу елін, жерін сүйетін азамат болуға тәрбиелеу. .
Сабақ типі. Жаңа сабақ.
Сабақ түрі. Дәстүрлі
Сабақ әдісі. Іздендіру.
Сабақ формасы. Дара,
Сабақ мотивациясы.
Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй жұмысын тексеру
ІІІ. Білімді жетілдіру
Қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы жаңа дәуірін бастаған «алыптар тобында» ірі ақын, іргелі прозаик және драматург Бейімбет Майлиннің орны өзгеше, бөлек.
Бейімбет жармағамбетұлы Майлин 1894 жылы бұрынғы Торғай облысы, Қосатнай уезі, Дамбар болысындағы Ақтөбе деген жерде туған. Екі жасында әкеден жетім қалған Бейімбет бір байдың сауыншысы боп жүрген анасының қолында тәрбиеленеді.
Ақындығы
«Жырлағаным – кедейдің жыры» оқып, мазмұндау.
«Мырқымбай» өлеңін оқу. Талдау.
Жиынтық кейіпкер екендігін дәлелдеу. Мырқымбай бейнесін сипаттап беріңдер.
? Майлин поэзиясының идеялық-тақырыптық негіздері қандай?
IV. Рефлексия Не білдім ?
Не білгім келеді?
V. Үй тапсырмасы «қара шелек» әңгімесін оқу..
VІ. Бағалау.
Әдебиет
11 сынып
Тақырып: Майлин - драматург
Мақсаты:
Білімділік. Оқушылардың негізгі білімдерін ұштай отыра Б.Майлин жайлы білімдерін кеңейту, Б.Майлин шығармаларын оқуға баулу.
Дамытушылық. Оқушылардың шығармашылық ізденіске баулу; Көркем мәтінмен жұмыс істей білу дағдысын жетілдіру.
Тәрбиелік. Ұлы ақынның еңбектерін оқи отырып, адамгершілік, адалдық, ізгілік, еңбекқор, ғылым, білімді жан-жақты меңгерген көкірегі ояу елін, жерін сүйетін азамат болуға тәрбиелеу. .
Сабақ типі. Жаңа сабақ.
Сабақ түрі. Дәстүрлі
Сабақ әдісі. Іздендіру.
Сабақ формасы. Дара,
Сабақ мотивациясы.
Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй жұмысын тексеру
ІІІ. Білімді жетілдіру
Жазушының 1960-1964 жылдарда қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан жарық көрген алты томдығына, «Шұға» мен «жалбырдан» басқа он бі пьеса енгізілген. Бұлардың әрқайсысының көлемі мен мазмұн тереңдігі, көтерген мәселесі мен жазылу тәсілі, соған сйкес жанрлық, сипаты да түрлі-түрлі.
«Неке қияр» пьесасын оқу, ой тұжырымдау.
IV. Рефлексия Не білдім ?
Не білгім келеді?
V. Үй тапсырмасы аяқтау.
VІ. Бағалау.
Әдебиет
11 сынып
Тақырып: І.Жансүгіров өмірі мен еңбегі
Мақсаты:
Білімділік. Оқушылардың негізгі білімдерін ұштай отыра І.Жансұгіров жайлы білімдерін кеңейту, І.Жансұгіров шығармаларын оқуға баулу.
Дамытушылық. Оқушылардың шығармашылық ізденіске баулу; Көркем мәтінмен жұмыс істей білу дағдысын жетілдіру.
Тәрбиелік. Ұлы ақынның еңбектерін оқи отырып, адамгершілік, адалдық, ізгілік, еңбекқор, ғылым, білімді жан-жақты меңгерген көкірегі ояу елін, жерін сүйетін азамат болуға тәрбиелеу. .
Сабақ типі. Жаңа сабақ.
Сабақ түрі. Дәстүрлі
Сабақ әдісі. Іздендіру.
Сабақ формасы. Дара,
Сабақ мотивациясы.
Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй жұмысын тексеру
ІІІ. Білімді жетілдіру
І.Жансүгіров 1894 жылы бұрынғы Қапал уезі, Ақсу болысында (бұрынғы Талдықорған облысы, Ақсу ауданы) туған. Хат танитын, шағатай тілдеріндегі кітаптарды жинайтын, аңыз-ертегілерді, батырлық жырларды, тарихи оқиғаларды, әңгіме+шежірелерді жақсы білетін, көкірегі ояу, көзі қарақты, әр түрлі өнерді ұстаған әңгімеші, домбырашы, ұста, көшелі Жансүгір анасынан ерте қалған Ілиясыты жетімсіретпей, еркелетіп, жақсы үлгі көрсетіп, тәрбиелеп өсіреді.
«Мен өзім тауды туып, тасында өстім»
«Үмітке мініп жүр көңіл» оқып, талдау.
1915-16 жылдарда жазылған Ілиястың алғашқы өлеңдерінде өз заманының көкейкесті әлеуметтік мәселелеріне үн қосу, дәуір қойып отырған ссұрақтарға жауап іздеу сарындары бар.
1917 жылы жазылған «Тілек» өлеңі Ілиясытың кезеңдегі тақырыптық-идеялық ізденістерінің көрнісі.
Сұрақ.
І.Жансүгіров поэзиясында ауыз әдебиеті дәстүрлері қандай орын алады?
Төңкеріске дейінгі өлеңдерінің тақырыптық, мазмұндық өрісі қандай деңгейде болды?
Жеке заттың поэтикалық бейнесін жасаудағы шеберлігін ақынның қай туындысынан байқауға болады?
IV. Рефлексия Не білдім ?
Не білгім келеді?
V. Үй тапсырмасы «Жер таппан жерге жетер Жетісуым» оқу.
VІ. Бағалау
Әдебиет
11 сынып
Тақырып: «Ағынды менің Ақсуым», «Гималай» өлеңдері
Білімділік. Ілияс поэзисындағы мөлдір арнаның бірі – табиғат лирикасы жйлы сөз қозғау, «Ағынды менің Ақсуым», «Гималай» өлеңдерін игерту.
Дамытушылық. Оқушылардың шығармашылық ізденіске баулу; Көркем мәтінмен жұмыс істей білу дағдысын жетілдіру.
Тәрбиелік. Ұлы ақынның еңбектерін оқи отырып, адамгершілік, адалдық, ізгілік, жан-жақты меңгерген көкірегі ояу елін, жерін сүйетін азамат болуға тәрбиелеу. .
Сабақ типі. Жаңа сабақ.
Сабақ түрі. Дәстүрлі
Сабақ әдісі. түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақ формасы. Дара,
Сабақ мотивациясы..
Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй жұмысын тексеру
ІІІ. Білімді жетілдіру
Ілияс поэзиясындағы мөлдір арнаның бірі – табиғат лирикасы. Туған жерін, елінің таутасын, өзен-көлін беріле сүиген патриот ақын қоршаған ортаның ғажап сұлулығынан өз шабытынан нәр алып, сан ауан бояуларды буырқанған ғажап суретер салды.
Ағынды менің Ақсуым,
Арқырап әлі ағасың,
Ақиланған ашумен,
Ақтарды асқар сабасын.
Тас тарпуын, шапшуын
Қарасаң қайран қаласың,
Жалғыз жазғы бір кеште
Жағаладым жағасын.
өлең не жайлы?
1929 жылы «Гималай» өлеңді оқу. Талдау.
7-8 дуынды қара өлең, кезекті ұйқастар араласып отыратын он тармақты он екі шумақтан тұратын өлең «Сұрау» және «Жауап» деген екі бөлімнен құралған.
Бірінші шумақта:
Ақшалап басын қар көміп,
Аспанның төсін арда еміп,
Анасындай алтын күн
Сел жіберіп бір жуып
Жел жіберіп бір желпіп,
әлсін-әлсін нұр сеуіп
есейген асқар Гималай,-
деп табиғаттың ғажап жаратылысы – алып таудың жалпы суреті жасалады да, соңғы жодарда қонтрастылық мағынадағы риторикалық сұрау қойылады.
Шығыс халықтарының ишарат бейнесі – Гималай образын жасау үшін аллегориялық мағынада ала отырпы, өлең тақырыбын дамыта келе, Шығыс елдерінің болашақ дамуына зор үміт, сеніммен қараған саяси лириканың үздік үлгісін тудрды.
IV. Рефлексия Не білдім ?
Не білгім келеді?
V. Үй тапсырмасы . . Ағынды менің Ақсуым» жаттау.
VІ. Бағалау
11 сынып
Әдебиет
Тақырып: Ботакөз – тарихи роман
Мақсаты:
Білімділік. С.Мұқановтың «Ботакөз» романы – тарихи роман екендігін, романдағы тартыс, күрес тақырыбын ашу, Ботакөз бейнесін сомдау.
Дамытушылық. Оқушылардың белсенді ойлау қызметтерін жандандырып, сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік. Оқушылардың адамдық, елжандылық қасиеттерін дамыту.
Сабақ типі Жаңа сабақ
Сабақ түрі. Дәстүрлі емес
Сабақ әдісі. Сұрақ-жауап, дәлелдеу.
Сабақ формасы. Дара, топпен.
Сабақ мотивациясы. Қима кеспелер.
Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Амандасу.
ІІ. Үй жұмысын тексеру
ІІІ. Білімді жетілдіру
Өткен сабақта біз С.Мұқановтың өмірі мен шығармашылығына тоқталған болатынбыз.
Сәбит Мұқанов – қазақ әдебиетінің аса көрнекті қайраткері.
Хронологиялық кестеге назар аударайық.
«Ботакөз» романы композициялық құрылысы жағынан үлкен үш бөліммнен тұрады.
Бірінші бөлім «Тұңғиықта»- ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ қауымын суреттеуге арналған, екінші бөлімі «Таң атарда» қазақ аулында бай мен кедей арасындағы наразылықтың үдей түсуі, әсіресе 1916 жыл оқиғасына байланысты, патшаның маусым жарлығы салдарынан ұлт-азаттық қозғалысының тууы сөз болады, үшінші бөлімі «күн күлімдегенде» - Қазан төңкерісі кезеңін, онан соңғы азамат соғысы жылдарын қамтиды.
Ботакөз романының мазмұнын сұрау.
1 тапсырма.
Қарама-қарсы топ романнан үзінді бойынша 3 сұрақтан дайындау.
С.Мұқанов «Ботакөз» романы
Карточкалар арқылы әр топ қай бағыт бойынша талдайтындығы анықталады.
№1. Тегі, түрі
№2. Тақырып, идеясы
№3. Кейіпкерлер жүйесі. Ботакөз бен Асқар бейнесі
№4. Кейіпкерлер жүйесі. Итбай мен Кулаков бейнесі
№5. Композициялық талдау
№6. Оқырман позициясы
Сабақта жаттығу жасау жадынама
1 кешен
1,2 кезең.
Ойтолғау
Оқу, білім мәселесі жүзеге қалай асты
Рефлексия не білдім?
Не білгім келеді?
Үй тапсырмасы . І деңгей. Роман құрылысын білу. .
ІІ деңгей. Романды көркемдік ерекшелігіне талдау.
ІІІ деңгей. Шығарма: «Ботакөз – тарихи роман»
Бағалау.
11 сынып
Әдебиет
Тақырып. «Абай жолы» эпопеясы
Мақсаты:
Білімділік. Мұхтар Әуезовтің эпикалық жанрдағы «Абай жолы» эпопеясы жайлы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық. Оқушылардың ой-өрісін, тыңдау, есте сақтау дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік. Романда көрініс табатын оқиғалардан жақсы үлгі-өнеге бойларына сіңіру.
Сабақ типі Жаңа сабақ
Сабақ түрі. Дәстүрлі .
Сабақ әдсі. Сұрақ-жауап, дәріс сабақ
Сабақ формасы. Дара
Сабақ мотивациясы.
Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Амандасу.
ІІ. Үй жұмысын тексеру
Өткен материалды қайталау.
ІІІ. Білімді жетілдіру
Мұхтар Әуезовке біртуар талант ретінде тән қасиет, бәрінен бұрын, таңқалғандай тұтастық дегенбіз. Ол әрі жазушы, әрі ғалым, әрі ұстаз және осында көп қырларының бірде біреуінде осалдық танытқан кісі емес. Халық аузындағы «сегіз қырлы, бір сырлы» деген мықтылықтың өзі осы-ақ шығар.
1950 жылы Мәскеуде басылып шыққан «Абай» романына алғы сөз ретінде Әуезов өзінің өмірбаяның жазды. Сонда автор: «Соңғы жиырма жылды қазақ әдебиетінің классигі Абай жайындағы романға арнадым»,-деді. Демек, ол өзінің бас кітабына отызыншы жылдардың басынан кірісе бастаған. Ал енді осы ұлы шығарманың туу тарихына қарасақ та, әлгі айтылған, Әуезов шығармашылығындағы таңғажайып тұтастықты көреміз.
«Абай жолы» - Әуезовтің бас кітабы.
Мәңгілік кітаптар тарихы да қызық: кітап авторына автор кітабына айналып кетеді. Ел есіне Толстой десе – «Соғыс пен бейбітшілік» түседі.
Сондай-ақ, Әуезов – «Абай», «Абай жолы»... Әуезов: «Абай» және «Абай жолы» романдарын жазу,-деген ол-менің күллі творчестволық тіршілігімдегі түбегейлі әрекетім.
«Абай» романының бірінші кітабы 1942 жылы, екнші кітабы 1947 жылы жарыққа шыққан.
«Абай» романын неше рет қайталап оқысам,-деді Ғабит Мүсірепов,-сонша, әрдайым жаңа бір ой, жаңа бір көркемдік, бұрын оқығанда байқалмай кеткен тереңдік табам».
«Абай жолының» бас кейіпкері – Абай. «Романның бірінші кітабында балғын жас шәкірт Абаймен жарысып ауылға қайтсақ, ақырғы кітабында алпысты алқымдатып қайтыс болған ел ағасы – ақын Абайдың жаназасына қатысамыз. Сонда елу жылдай өмірдің айғағы боламыз. Жарты ғасыр өмір!» (М.Қаратаев).
Тағы бір күрделі ерекшелік – осынау кең құлашты халықтық эпопея бастан-аяқ тартысқа, қарама-қарсы күштердің қым-қиғаш күресіне құрылған және осылардың бәрі диаектикалық қимыл-қозғалыс, өсу-өрбу, өрістеу үстінде көрсетілген.
Мысалы: бәрінен бұрын мұнда жеке адамдар арасындағы психологиялық шиеленістер, қарым-қатынастағы қайшылықтар, әлдінің әлсізге қиянаты, зорлығы, қаныпезерлікке ұласқан қаталдығы (Қодар мен Қамқа оқиғасы); одан өрбіген ру мен ру арасындағы кескілестер – жер дауы, жесір дауы, құн, барымта, алыс-жұлыс, айқастар; осылардың жалпы жұртқа тиген зардабы – түрлі сипаттағы қаналулар, кедейленулер, қаңғып-тнтіреулер, жұтқа ұшыраулар, жатақтардың пайда болуы, қазақ даласына орыс переселендерінің келуі, жарлы-жақыбайлардың өзара ынтымағы, олардың үстемдерге қарсылығы, бұл қарсылықтар үстінде көрінген жалаңтөстер, осы арқылы бірте-бірте ескі мен жаңаның ара жігі ажырап, күрестің жаңаша сипат алуы...Осылардың бәрі қара қылды қақ жарған әділдік пен ақиқат шеңбеінде, тағы да нақты және даму үстінде көрінуі, шын мәніндегі реалист суреткердің айта қалғандай дарын кұшіне, талант қуатына саяды.
«Абай жолы» (орманнан үзіеді) оқу.
І том. Жолда.
Рефлексия не білдім?
Не білгім келеді?
Үй тапсырмасы. Үзіндіні аяғына дейін оқу.
Бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |