Сабақ типі Жаңа сабақ Сабақ түрі. Дәстүрлі. Сабақ әдісі. Сұрақ-жауап, Сабақ формасы. Дара


Тақырып: Әбділда Тәжібаев өмірі мен шығармашылығы Білімділік



бет2/3
Дата01.04.2018
өлшемі0,54 Mb.
#39990
түріСабақ
1   2   3

Тақырып: Әбділда Тәжібаев өмірі мен шығармашылығы

Білімділік. Негізігі білімдерін ұштай отыра, Ә.Тәжібаевтің өмірі мен шығармашылығы жайлы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық. Оқушының ой-өрісін, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп, байланыстырып сөйлеуді дамыту.

Тәрбиелік. Оқушыны ақын мұрасын қадірлеуге, ақынға деген сүйіспеншілігін арттыра отырып тәрбиелеу.
Сабақ типі. Жаңа сабақ.

Сабақ түрі. Дәстүрлі

Сабақ әдісі. түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақ формасы. Дара,

Сабақ мотивациясы..
Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй жұмысын тексеру

ІІІ. Білімді жетілдіру

Әбділда тудыран шығармаларың жиынын үш айқын салаға бөлуге болады. Оның біріншісі – ұсақ түрдегі сыршыл өлеңдер,. Екіншісі – поэмалар. Үшіншісі саласы – пьесалар болады.

Лирикалық қысқа шығармаларынан бұрын Әбділда жазып жүрген өлеңдерден басқаша шыққан жаңа өрнекті, сырлы, күйлі өлеңі «Сырдариядан» басталады деуге болады.

Жыл санап өне арттырып, жазушының мәдениетіне терең бойлап, қазақ поэзиясына қызықты жемістер беріп келген Әбдіда талантты, өзіндік стилі, өзгешелігі бар күшті ақынның бірі саналады.


Сыр жырлары.

І

Осы менің сырым неткен бақытты!



Тіпті босқа өткізбепті қарттықты,

өзі жастық құндағында жатыпты.


Сырым сенің, Сырым менің – сырласым,

Секілді едің бала күнгі құрдасым,

Ойнаушы едім ағысыңмен алысы,

Алып қашқан әпкешімнің сырғасын.


Сырым менің, Сырым менің – сырласым,

Алғам сенен сырдай терең жыр басын.

Ұшырғансың алатауға мені өзің,

Деп биіктен Әбділдашым шырқасын.


өлеңді мәнерлеп қу.

Мазмұнын ашу.

Туған жерге деген құрмет қалй беріледі.
өлеңнің тақырыбы:

идеясы:
6-7 бөлімдегі ойды ашыңдар.


IV. Рефлексия не білдім?

Не білгім келеді?
V. Үй тапсырмасы. Бір өлеңін жаттау. Реферат жазу.
VI. Бағалау

11 сынып

Әдебиет
Мазмұндама
Мақсаты: Оқушылардың тыңдаған мәтінді мазмұнына жақын, әдемі, сауатты жазуға баулы.

Орфографиялық заңдылықтарға, пунктуациялық нормаларға сай жазу.


Әкемнің әңгімесі
Әкем тоғыз жасымда дүние салды. Осы жасқа жеткенше, тізесіне отырғызып алып, Отырарды жанқиярлықпен қорғау жолында опат болған ер жүрек бабалары жайлы сан мәрте әңгімелегені жадымда нақ бір тасқа басылғандай жазылып қалыпты. Бәлкім, перзентінің көңіліндегі туған жерге деген олқылықты осымен толтырайын дегені шығар.

Кейде анамның: «Тым жас қой. Түсіне қояр ме екен№»-деген күмәнді қарсылығына:

- Жоқ, түсінуге тиіс. Түсінбесе өзіне қиын болады. Тамырын тереңге жібере алмаған дарақтың қашан да ғұмыры келте,-дер еді.

Жер қайысқан қолмен әлемді жаулап алуға ұмтылған Шыңғыс ханның әскері рта Азияның мұнарасы көк тіреген небір әсем шаһарларын бар жоғы бес, он бес күннің ішінде бағындырып жатты. Қарсы келгеннің бәрін ат әмірлері қақпасын өз қолдарымен ашып берісті. Ал Отырар алты ай бойы жауға алдыртпай, жанқиярлықпен қасқайып қарсы тұрады...

Шыңғыс хан «Отырарда еркек кіндік қалмасын» деген бұйрық береді. Қайсар рухты Қайырхан мен өз туған жеріне табан тірей алмаған, Отырардың қақпасын Шыңғыс хан әскерлеріне ашып берген сатықн жыгыттің трагедиясы маған ұстаздық қызмет атқарды. Осы әңгімесі үшін ғана әкем, әкем арқылы Отырар менің мақтанышыма айналды. Кейде көзімді жұмсам болды, тоғыз жасар мені алдына алып, Отырар жанкештілігі туралы әңгіме айтып отырған әкем елестейді. Сезіммен тәрбиелеу-тәрбие атаулының ұлысы.

Әкемнің жастай сүйегімесіңірген тәлімі, оған деген өзімнің де ерекше сезімім мен құрметім мені мүлде басқа арнаға алып шықан болар...

1992 жылы Отырар топырағында жерлестерімнің сұрауымен шығармашылық кешім өтетін болды. Қырық күн шілденің соңы. Аспан айналып жерге түсрдей қапырық. Орталықтан отыз шақырым қашықтықта, аудан шекарасы саналатын елсіз жерде үш мыңға тарта жерлестерім тосып алды. әкемнің көзін көрген қариялыр мен ақ жаулықты кейуаналардың құшағы бірінен соң бірі тартып алып, қапелімде босатар емес. Жергілікті ақындар кезекпе-кезек жыр арнап, иен дала мен биге бөленіп кетті. Үш әжей Отырар топырағын алтын жіппен әдіптеген ақ жібек матаға тұмар етіп орап:

- Құлыным, қайда жүрсең де, туған топырағыңның қасиеті желеп-жебеп жүрсін,-деп мойныма тақты.

Осы өмірімде туған халқымның талай сый-сияпатын көріп, өз елімнен тыс жерлердің де кейбір құрметі сыйлықтарын алған екенмін. Бірақ, ешқайсысы осы туған жер топырағы түйілген тұмардай тебірендірген емес.

(М.Шаханов.)


Жоспар

  1. Бабалар жайлы әңгіме.

  2. Туған жер туралы толғау.

  3. Отырар оқиғасы.

  4. Бір уыс топырақ.

Әдебиет


11 сынып

Тақырып: 1916 жылғы көтеріліс жайлы өлең-жыр үлгілері

Мақсаты:

Білімділік. 1916 жылғы көтеріліс жайлы жалпы шолу, сол жылдары жазылға өлең-жырларда талдау.

Дамытушылық. Өз ойларын жүйелі, дәлелді жеткізуге баулу.

Тәрбиелік. Елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ типі. Білімді жетілдіру

Сабақ түрі. Дәстүрлі

Сабақ әдісі. Сұрақ – жауап, дәлелдеу.

Сабақ формасы. Дара,

Пән аралық байланыс. Тарих.

Сабақ мотивациясы


Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй жұмысын тексеру

ІІІ. Білімді жетілдіру

1916 жылғы көтеріліске жалпы шолу.

1916 жылғы патша жарлығы.

1916 жылғы көтеріліс жайлы жырлаған ақындарымыздың бірі – Ж.Жабаев.


Жамбыл - өмірімен де, шығармашылығымен де екі ғасырды молынан қаусыра тұтастырып жатқан ұлы жырау.

Болашақ жырау бұрынғы Әулие –Ата жеріндегі Жамбыл тауының етегінде туған. Есімнің Жамбыл аталуы да содан

Ақын жыр, айтыстарының уыттылығы, адамдықты, әділдікті, батырлықты көксеген аңсары, кедейді жақтап, көкірегі азған кесепаттарды ызалы шенеуі сол күйік наладан бастау алып жатқанды.

Патша әмірі тарылды


Қызығыңды көп көрдім,

Қарабастау, Құлансыз.

Күндерімді өткердім,

Сенде жүріп ұзақ жаз.

Көкорайға жайылған,

Секілді едік үйрек, қаз.

Ештеңе жоқ уайымнан

Жүруші едік көңіл мәз.

Патша әмірі тарылды,

Оған қылар бар ма лаж?!

Ішке толған зарымды

Кімге айтармын қылып наз! ....




  1. Өлеңді мәнерлеп оқу.

  2. Мағынасын ашу.

  3. Тақырып, идеясы.

IV. Рефлексия Не білдім ?

Не білгім келеді?
V. Үй тапсырмасы «Зілді бұйрық» өлеңін оқу.
VІ. Бағалау.

Әдебиет


11 сынып

Тақырып: 1930-1960 жылдардағы әдебиет

Мақсаты:

Білімділік. 1930-1960 жылдардағы әдебиет жайлы жалпы шолу, сол жылдары жазылға өлең-жырларға талдау. Еліміздің тарихындағы ірі оқиғалар суреті. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы көрінісі жайлы түсінік беру.

Дамытушылық. Өз ойларын жүйелі, дәлелді жеткізуге баулу.

Тәрбиелік. Елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ типі. Білімді жетілдіру

Сабақ түрі. Дәстүрлі

Сабақ әдісі. Сұрақ – жауап, дәлелдеу.

Сабақ формасы. Дара,

Пән аралық байланыс. Тарих.

Сабақ мотивациясы


Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй жұмысын тексеру

ІІІ. Білімді жетілдіру
1930-1960 жылдардағы әдебиет
Кеңес дәуіріндегі қазақ Ұлы Отан соғысы

әдебиеті жылдарында

С.Сейфулин, Б.Майлин, Ж.Жабаев, с.Мқанов,

І.Жансүгіров

(жалпы шолу) Ғ.Мүсірепов

Ұы Отан соғысы жылдарындағы поэзия мен позаға тоқталу.

Соғыс кезіңдегі әдебиеттің сипаты

Поэзия, проза

Бейбітшілік тақырыбы

Тарихи тақырып (оқулықтан оқып, ауызша жеткізу.)


Әдебиет

11 сынып


Тақырып: Сыныптан тыс оқыған шығармаларды талдау.

Мақсаты:

Білімділік. Сыныптан тыс оқыған шығармаларды талдау. С.Торайғыровтың «Бір адамға» өлеңі, С.Дөнентаев өлеңдері

Дамытушылық. Өз ойларын жүйелі, дәлелді жеткізуге баулу.

Тәрбиелік. Елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ типі. Білімді жетілдіру

Сабақ түрі. Дәстүрлі

Сабақ әдісі. Сұрақ – жауап, дәлелдеу.

Сабақ формасы. Дара,


Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй жұмысын тексеру

ІІІ. Білімді жетілдіру

Бір үйде жиюлы екен қазына мал,

Көрсетті бәрін бізге ақсақал шал:

«Бұрынғы атамызға сыйға берген,

Біздерде мынадай бар, мынадай бар?..»
Ол рас аталарың шенге алыпты,

Арзан қып, қымбат емес, кемге алыпты.

Апыр-ай, қалай бұлдаған сатқандарын,

Оа, түйме, сылдырмақ теңге алыпты!


Суреттер және көрдім жүзі жарқын,

Ойладым: «Оңдырған-ау, баққан халқын».

Соншама құны толық бұлды түйме,

Артында қалдырмас па жақсы даңқын?...


Өлеңді мәнерлер оқу.

Мазмұнын ашу.

Құрылысына, тіліне талдау.

С.Дөнентаевтың шығармаларын оқу мысал жанрын талдау, үлгі-өнеге алу.


IV. Рефлексия Не білдім ?

Не білгім келеді?


V. Үй тапсырмасы Өлеңді жаттау.
VІ. Бағалау
Әдебиет

11 сынып



Тақырып: М.Дулатов өмірі мен шығармашылығы

Мақсаты:

Білімділік. Оқушылардың негізгі білімдерін ұштай отыра М.Дулатов жайлы білімдерін кеңейту, Міржақыр Дулатов шығармаларын оқуға баулу.

Дамытушылық. Оқушылардың шығармашылық ізденіске баулу; Көркем мәтінмен жұмыс істей білу дағдысын жетілдіру.

Тәрбиелік. Ұлы ақынның еңбектерін оқи отырып, адамгершілік, адалдық, ізгілік, еңбекқор, ғылым, білімді жан-жақты меңгерген көкірегі ояу елін, жерін сүйетін азамат болуға тәрбиелеу. .
Сабақ типі. Жаңа сабақ.

Сабақ түрі. Дәстүрлі

Сабақ әдісі. Іздендіру.

Сабақ формасы. Дара,

Сабақ мотивациясы.
Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй жұмысын тексеру

ІІІ. Білімді жетілдіру

М.Дулатов 1885 жылы 25қарашада бұрынғы Торғай облысының Жангелдин ауданында дүниеге келген.

Міржақып әуелі ауыл мектебінде оқыған. 1897 жылы Торғай қаласындағы орыс-қазақ мектебіне түсіп, 1902 жылы оны ойдағыдай бітіріп шғады. Алты-жеті жыл бойы ел ішінде, ауыл мектептернде бала оқытады. Мұғалым бола жүріп, өлең жазады.

1907 жылы Петербургт шыққан «Серке» газетінде Міржақыптың «Жастарға» деген өлеңінің басылу сырыда осында. 1909 жылы Уфа қаласында «Оян, қазақ» өлеңдер жинағы басылып шықты.


Қара құс һәм адам (айтыс)
Қара құс:

Жалғанға патша баланған,

Данышпан ізгі саналған,

Аллашыл әділ адамнан,

Қайдан шықты бұл мінез?!

Адам:


Тексеретін сен емес!

Ескеретн мен емес!

Саған адам тең емес,

Маңайымнан жоғал тез!

Қара құс:

Атам менің қара құс,

өзім қырғи бала құс.

Тояттармын болып тұс,

Жемтігіңе келдім кез.

Адам:


Айтқанымды кектесең,

Оқ жалынсын кетпесең!

Сырғыш қанат етпесем...

Адамға серт айтқан сөз!..


Оқып, талқылау.
Өмірі мен шығармашылығына байланысты хронологиялық кесте жасау.

IV. Рефлексия Не білдім ?

Не білгім келеді?
V. Үй тапсырмасы «Оян қазақ» жинағын оқу.
VІ. Бағалау

Әдебиет


11 сынып

Тақырып: М.Дулатов «Оян қазақ» өлеңдер жинағы

Мақсаты:

Білімділік. Оқушылардың негізгі білімдерін ұштай отыра М.Дулатов жайлы білімдерін кеңейту, «Оян қазақ» өлеңдер жинағы жайын түсіндіру.

Дамытушылық. Оқушылардың шығармашылық ізденіске баулу; Көркем мәтінмен жұмыс істей білу дағдысын жетілдіру.

Тәрбиелік. Ұлы ақынның еңбектерін оқи отырып, адамгершілік, адалдық, ізгілік, еңбекқор, ғылым, білімді жан-жақты меңгерген көкірегі ояу елін, жерін сүйетін азамат болуға тәрбиелеу. .
Сабақ типі. Жаңа сабақ.

Сабақ түрі. Дәстүрлі

Сабақ әдісі. Іздендіру.

Сабақ формасы. Дара,

Сабақ мотивациясы.
Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй жұмысын тексеру

ІІІ. Білімді жетілдіру

«Оян, қазақ» деген ұранда қандай ой жатыр. (ортаға салу)


Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,

өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп,

Азағым, енді жату жарамас-ты.


1909 жылы Уфа қалсында авторға бүкіл орта Азияда ғажап даңқ әкелген «Оян, қазақ!» атты өлең кітабы шығады. Кітап тәркіленіп, ақын қуғынға түсіп Омбы, Қызылжар жаққа кетуге мәжбүр болады.

Қазақ халқының бұрынғы һәм бүгінгі хәлі

Міржақып, неге отырсың қалам тартпай,

Бәйге алмас болғанменен жүйрік шаппай.

Шамаңды кәдәри хәл1 көрсетсеңші,

Байғұс-ау, оянсаңшы қарап жатпай.
Не файда бір орыннан қозғалмайтын,

Тазармас қарасу да жатқан ақпай.

Артықтан тағлым алып, кемге үйретпей,

Жүруің лайық па ғақыл таппай?


Сен неге бой көрсетпей жасқанасың?

Тастаса көзің көрсін халық ұнатпай.

Бұл шақта сөз базары көтеріңкі,

Сынаспай бақытыңды сен де баптай.


Бірде алып, бірде қалып жүрмес пе едің,

Сөзіңді біреу сөгіп, біреу мақтай.

Бой тежеп жүрексіну дұрыс емес,

Шашылған ризықты жүріп татпай.




  1. Мәнерлп оқу.

  2. Мағынасын ашу. (көтерген мәселесі)

«Елім-ай» өлеңін оқып, талдау.


Ем таба алмай дертіңе мен ертеден,

Сол бір қайғын өзегімді өртеген.

Тырп етпейсің бас көтеріп көрпеден,

Еңсең неге түсті мұнша елім-ай?...


өткен сағым, келер алдын бір мұнар,

қызылшылсың қызарғанға тым құмар.

Сақтан деген сөзді жан жоқ шын ұғар.

Жемге шапқан, қармақ құрса, елім-ай!


Тіліне, құрылысына талдау.
IV. Рефлексия Не білдім ?

Не білгім келеді?


V. Үй тапсырмасы «Елім-ай» өлеңін жаттау.

«бақытсыз Жамал» романды оқу.


VІ. Бағалау

Әдебиет


11 сынып

Тақырып: М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы

Мақсаты:

Білімділік. Оқушылардың негізгі білімдерін ұштай отыра М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романының тақырып, идеясые ашу.

Дамытушылық. Оқушылардың шығармашылық ізденіске баулу; Көркем мәтінмен жұмыс істей білу дағдысын жетілдіру.

Тәрбиелік. Ұлы ақынның еңбектерін оқи отырып, адамгершілік, адалдық, ізгілік, еңбекқор, ғылым, білімді жан-жақты меңгерген көкірегі ояу елін, жерін сүйетін азамат болуға тәрбиелеу. .
Сабақ типі. Жаңа сабақ.

Сабақ түрі. Дәстүрлі

Сабақ әдісі. Іздендіру. Салыстыру.

Сабақ формасы. Дара,

Сабақ мотивациясы.
Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй жұмысын тексеру

ІІІ. Білімді жетілдіру
Қазақ прозасында алғашқы жарық көрген роман «Бақытсыз Жамал» романы.
Романға шолу.

IV. Рефлексия Не білдім ?

Не білгім келеді?
V. Үй тапсырмасы

VІ. Бағалау




11 сынып

әдебиет

Тақырып: Мағжан Жұмабаев «Қорқыт» поэмасы

Мақсаты:

Білімділік. М.Жұмабаевтың поэмаларын оқып, талдау. көркемдік ерекшелігін табу.

Дамытушылық. Өз ойларын жүйелі, дәлелді жеткізуге баулу.

Тәрбиелік. Адамгершілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Сабақ типі. Білімді жетілдіру

Сабақ түрі. Дәстүрлі

Сабақ әдісі. Сұрақ – жауап,

Сабақ формасы. Дара,

Сабақ мотивациясы
Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй жұмысын тексеру

ІІІ. Білімді жетілдіру

Прозалық шығармалары «Ақ боз ат»

Поэмалары. Батыр Баян, «Ертегі», «Қорқыт», «Жүсіп хан», «Қойлыбайдың қобызы» т.б
Бүгінгі сабақта қарстыратынымыз «Қорқыт » поэмасы

Торп түрлерін қайталау (эпитет, теңеу, метафора, синекдоха, метонимия)


Алтайға жер жүзінде тау жоқ жеткен,

Алтайға бетегедей алтын біткен.

Бейіштей алтын алтай етегінде,

Ертеде алаш елі мекен еткен.


Ол күндер көз жетпейтін ерте күн ғой,

Ерте күн-ертегідей ерке күн ғой.

Өткен күн – ұстатпайтын сұлу сағым,

Жалғыз-ақ желден жүйрік жетеді ғой.


Өткен күн ертегімен таласқандай,

Уа, дүние, ол күндерде алаш қандай?

Ой-қырдан орғып-қарғып, еріккенде

Алтайда ойнақ салып жүрген аңдай.


IV Рефлексия Не білдім?

Не білгім келеді?

V Үй тапсырмасы оқып, мазмұндау.

VI Бағалау


Әдебиет

9 сынып


Тақырып: Жүсіпбек Аймауытовтің өмірі мен шығармашылығы

Мақсаты:

Білімділік. Жұсіпбек Аймауытовтің әңгіме, пьесаларын қарастыру, танысу. Тақырып, идеясын ашу.

Дамытушылық. Өз ойларын жүйелі, дәлелді жеткізуге баулу.

Тәрбиелік. Адамгершілікке, туған жерін сүюге, құрметтеуге

тәрбиелеу.


Сабақ типі. Білімді жетілдіру

Сабақ түрі. Дәстүрлі

Сабақ әдісі. Сұрақ – жауап,

Сабақ формасы. Дара,

Сабақ мотивациясы
Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй жұмысын тексеру

ІІІ. Білімді жетілдіру
Кесте толтыру.


Білемін

Білгім келеді

Білдім

Жазушы, ақын, драммтург, Әнші әңгімесі бар.








Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған. 15-16 жасында Павлодарға келіп, екі сыныпты орысша-қазақша мектепте оқиды.

1914-1918 жылдары сесейдегі мұғалімдер семинариясын оқып бітіреді. Семейде «Абай» журналын шығаруға қатысады.

Романдары. «Қартқожа» романы алғаш рет 1926 жылы Қызылордада басылады. «Ақбілек» романы 1927-1928 жылы журналда басылған.

Повесі мен әңгімелері. «Күнекейдің жазығы» повесі1928 жылы «Жаңа әдебиет» журналында басылған.

Пьесалары. «Мансапқорлар», «Шернияз»


Хорнологияллық кесте жасау.

Әнші әңгімесі талдау.

Ж.Аймауытов шығармалары Кеңестік дәуірде жарыққа шықпады. Бұған не себеп болды деп ойлайсыңдар?
Ж. Аймауытов қазақ прозасындағы ерекше қолтаңбасы қалған қаламгер. Не себептен Жүсіпбек шығармашылығы туралы ілтипатпен айтылады?
Кесте толықтыру.

Рефлексия Не білдім?

Не білгім келеді?

V Үй тапсырмасы Әңгімені аяқтау.


VI Бағалау.

Әдебиет

9 сынып
Тақырып: С.Торайғыровтың өмірі мен ақындық жолы

Мақсаты:

Білімділік. Оқушылардың негізгі білімдерін ұштай отыра, С.Торайғыров жайлы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық. Өз ойларын жүйелі, дәлелді жеткізуге баулу.

Тәрбиелік. Адамгершілікке, туған жерін сүюге, құрметтеуге

тәрбиелеу.


Сабақ типі. Білімді жетілдіру

Сабақ түрі. Дәстүрлі

Сабақ әдісі. Сұрақ – жауап,

Сабақ формасы. Дара,

Сабақ мотивациясы
Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй жұмысын тексеру

ІІІ. Білімді жетілдіру
Ақынның өмірі ұмтылыс пен ізденіске толы болды. С.Торайғыров 1893 жылы 28 қазанда Омбы уезінің, Шағырай болысында, Қарауыл Шабар аулында туған. әкесі Шоқпыт кедей, момын, ақкөңіл адам болған.

1911 жылы Сұлтанмахмұт бір қыс бойы Нұрғали деген мұғалімнен оқиды. (қазақ, татар). Сұлтанмахмұт оқудың мақсатын халыққа пайдалы қызмет ету міндетімен байланыстырады. «Талиптерге» атты өлеңінде ол замандастарына: «Ұйқы басқан миллатыңды көр, соларды оят, ілгері баста, ол үшін өнер-білім үйрен» деп ашық үгіт айтады.


Милаттың кел де бірі, ал жастары,

Қызмет қыл өткір қылыш, алмастары.

Бәріміз қуат қосып, бірге тартсақ,

Анық қой надандыта қалмастары,- деп қорытады.


1913 жылдың күзінде Сұлтанмахмұт Троицкіге қайтады. Онда келіп, «айқап» журналының редакциясына қызметке орналасады. Осы жылы жазған «Айт», «Бір адамға» деген өлеңдерінде Сұлтанмахмұт қоғамдық теңсіздікті бұрынғыдан да гөрі айқынырақ көрсетеді.
Бір үйде жиюлы екен қазына мал,

Көрсетті бәрін бізге ақсақал шал:

«Бұрынғы атамызға сыйға берген,

Біздерде мынадай бар, мынадай бар?..»


Ол рас аталарың шенге алыпты,

Арзан қып, қымбат емес, кемге алыпты.

Апыр-ай, қалай бұлдаған сатқандарын,

Оа, түйме, сылдырмақ теңге алыпты!


Суреттер және көрдім жүзі жарқын,

Ойладым: «Оңдырған-ау, баққан халқын».

Соншама құны толық бұлды түйме,

Артында қалдырмас па жақсы даңқын?...


Рефлексия Не білдім?

Не білгім келеді?

V Үй тапсырмасы Реферат жазу.


VI Бағалау.

Әдебиет

11 сынып



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет