Сабақ түрі : ашық тәрбие сабағы, сыныпішілік сайыс Көрнекілігі: Карта, тапсырмалар



Дата29.11.2022
өлшемі15,3 Kb.
#160420
түріСабақ

Сабақ тақырыбы: Адал ұрпақ –елдің болашағы
Мақсаты:
Оқушылардың әр салада білімін кеңейту, шығармашылық ізденісін жетілдіру;
Топпен ұжымшылдықпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру;
Отан тарих-табиғатына құрметпен қарауға, еңбекқорлыққа, мақсат қоя білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: ашық тәрбие сабағы, сыныпішілік сайыс
Көрнекілігі: Карта, тапсырмалар
Әдіс-тәсілдері: СТО әдісі бойынша дайындалған тапсырмаларды топпен орындату

Сабақтың барысы
1. «Серігіңді тап» топқа бөліну
2. «Жұмбақтар әлемінде» жұмбақ шешу
3. «1001 мақал» мақалдар айтысы
4. «Шешендік сайыс»
5. «Егерде мен ...» жағдаятты сұрақтар
6. «Ғылымдар сыры»
7. «Кім көп біледі?»
8. қорытынды
1.«Серігіңді тап» - оқушылар мозаикалардың жалғасын тауып құрастыру арқылы 4 топқа бөлінеді.
1 топ – суреті «Жылқы»
2-топ – суреті «әтеш»
3-топ – суреті «Қоян»
4 топ – суреті «Барыс»
2.«Жұмбақтар әлемінде» жұмбақтар шешу
3.«1001 мақал» мақалдар айтысы
- ас, тағам туралы
- қонақ, қонақжайлылық туралы
- өтірік пен шындық туралы
- жаспен кәрілік туралы
4.«Шешендік сайыс»
Белгісі болса-жолдан жаңылмас,
Білімі болса- сөзден жаңылмас.
Махмұд Қашқари
Қыран құстың баласы
Ұшса келмес ұяға...
Асыл ердің баласы
Жауды көрсе шыдамай
Көзін салар қияға.
Махамбет Өтемісұлы
Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы.
Сонда да бар солардың таңдамасы.
Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы.
Сонда да бар солардың таңдамасы.
Абай Құнанбаев
Қызығыңды көп көрдім
Қарабастау, Құлансаз.
Күндерімді өткердім
Сенде жүріп ұзақ жаз.
Жамбыл Жабаев
5.«Егерде мен ...» жағдаятты сұрақтар
Егерде мен бестік баға алып келсем ...
Егерде мен сабаққа даярлықсыз келсем ...
Егерде мен досымның көңілін қалдырсам ...
Егерде мен сабаққа келмей қалсам ...
6.«Ғылымдар сыры»
Математика
Отбасында 7 ұл бар. Әрқайсының қарындасы бар. Отбасында неше бала бар? 8
Арнайы сұрақ
Жаңа сауылған жылы сүтті ұйытып, оны суы сарқылғанша қайнатады. Қайнауы жеткен соң, қызыл-сары түске айналады. Содан кейін оны дорбаға салып сүзеді, кептіреді. Бұл қандай ұлттық тағам? ірімшік
Логика
Түнгі сағат 11-де жауын жауып тұрса .24 сағаттан соң күн шығып тұруы мүмкін бе? Жауабы : Жоқ
7.«Кім көп біледі?»
1. Бала туылғанда жасалатын той
2. Қазіргі өмір талабына қойылатын үш тіл
3. Наурыз мерекесінің басты асы
4. Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы домбыра
5. Үш байлық деген не? Денсаулық, ақ жаулық, он саулық
6. 61 жас нешінші мүшел? 5
7. Үш арсызды ата? Ұйқы, күлкі, тамақ
8. Қорытынды
Осымен ойын сабағымыз өз мәресіне таяп қалды. Сайысымызды жинақ парағымен қорытындылайық. Оқушылар сендерге «Өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңгімізге сеніммен қарайтын азамат болыңыз» деген тілекпен «Адал ұрпақ» атты тәрбие сабағымызды аяқтаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет