Сабақ түрі : Білімді нақтылау



Дата03.03.2022
өлшемі26,17 Kb.
#134142
түріСабақ
Байланысты:
апудан мен перим



Сабақ тақырыбы :Тік төртбұрыштың ауданы,периметрі - тақырыбы бойынша есептер шығару
Мақсаты: Тік төртбұрыштың ауданының формуласын есептер шығаруда қолдана білуге
үйрету, алған білімдерін нақтылау.
Міндеті: 1) Тіктөртбұрыштың анықтамасын нақты математикалық тілмен сипаттау;
2) Сыбайлас қабырғалар деген түсінік қалыптастыру;
3) Аудан табуға арналған есептерді шығару.
Күтілетін нәтиже: Тіктөртбұрыштың анықтамасын,аудан мен периметрін формуласын
және сол формулаларды пайдаланып түрлі есептер шығара алады.
Сабақ түрі: Білімді нақтылау.
Сабақ әдісі: мини- диалог, ауызша жаттығулар, кестемен жұмыс, есептер шығару, шығармашылық тапсырма.
Сабақ көрнекілігі: кестелер, тең бүйірлі үшбұрыш моделі,презентация
Ата анамен байланыс: Фотоотчет,хабарлама
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Өткенді саралау:
а) Мини- диалог ретінде:
- Біз қандай тақырыпты өтіп жатырмыз?
- Ендеше бүгінгі сабағымыздың мақсаты не деп ойлайсыздар?
Сұрақтар қою:
- Жазық фигура дегеніміз не?
- Жазық фигураның қасиеттері?
- Тік төртбұрыштың ауданы? (Әр бала осы сұрақтар төңірегінде өз ойларын ортаға салады.)
1) Ауызша жаттығулар орындау:
Бос орынды толтыр:
Тең фигуралардың _________________ да тең болады.

  1. Сәйкестікті тап:

Оның сыбайлас қабырғаларының көбейтіндісіне тең тік төртбұрыштың ауданы оның қабырғаларының ауданы оның көбейтіндісіне тең




  1. Тіктөртбұрыштың ауданын есептеуге арналған формуланы анықта:

а) S = 2 (a+ b) b) S = ab c) S = 2ab d) S =



  1. Тік төртбұрыш берілген. Бос орынды толтыр:

а қабырғасы

b қабырғасы

Периметр, Р

Аудан, S

3

2



5


24



9


72

  1. Тең фигуралардың аудандарының бірі 15 см2- қа тең. Екінші фигураның ауданын тап.

  2. Фигура аудандары 20 см2- қа және 8 см2- қа тең болатындай екі бөлікке бөлінген. Фигураның барлық ауданы неге тең?

  3. Қабырғасы 8 см- ге тең болатын квадраттың ауданын тап.

  4. Қабырғалары 12 см және 2 см-ге тең болатын тік төртбұрыштың ауданын тап.

  5. Ауданы 48 см2 – ге тең, ал қабырғаларының бірі 12 см. Тік төртбұрыштың екінші қабырғасын тап.

ІІІ. Есептер шығару. Орындарында өздігінен орындап, тақтада тексереді.
1)Тік төртбұрыштың ауданы 34,02 см2, ал бір қабырғасы 5,4 см-ге тең екінші қабырғасын тап.
2)Тік төртбұрыштың периметрі 80 см, ал қабырғаларының қатынасы 2: 3- ке қатынасындай. Тік төртбұрыштың ауданын тап
3) Тік төртбұрыштың ауданы 98 см2- қа тең, ал оның бір қабырғасы екіншісінен екі есе үлкен. Тік төртбұрыштың периметрін тап.
4)Тік төртбұрыштың периметрі 28 см, ауданы 48 см2. Тік төртбұрыштың қабырғаларын тап.
IV. Сабақты қорытындылау: Шығармашылық тапсырма:
1. “Құрылысшы”- шығармашылық ойыны.
Құрылыстық өндіріс – қазір ірі өлшемді детальдар мен блоктардан зәулім- зәулім ғимараттарды жинақтап құрастыратын механикаландырылған құрылыс. Осы құрылыс жүріп жатқан ғимараттың есік, терезелерін орнатуда, еден төсеуде, ғимараттың қабырғаларын тұрғызуда бізге геометрия көмекке келеді. Енді қазір білімімізді өндіріспен байласын қарастыра отырып тапсырмалар орындап көрейік.

Тапсырма: Берілген тең бүйірлі үшбұрыштардан:

  1. Ауданы 16 см2 болатын квадратты құрастыр.

  2. Ауданы 32 см2 – қа тең болатын тік төртбұрышты құрастыр.

  3. Ауданы 64 см2 – қа тең болатын квадратты құрастыр

3. Бағалау.
4. Үй тапсырмасын беру:

  1. Тік төртбұрыштың бір қабырғасы екінші қабырғасынан 3 есе үлкен. Ауданы 27 см2- қа тең. Тік төртбұрыштың үлкен қабырғасына салынған квадраттың ауданын тап.

  2. Тік төртбұрыштың қабырғаларына салынған квадраттардың аудандары сәйкесінше 81 см2 және 169 см2- қа тең. Тік төртбұрыштың периметрін тап.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет