Жоңғар хандығы 1635 жылы Батур хонтайшының басшылығымен құрылған. Билеушісінің титулы – қонтайшы. «Жоңғар» - атауы 13ғ. Шыңғысхан әскерінің сол қанатын құраған атауынан шыққан. 18ғ Қазақ хандығына қауіп төндірген ел Жоңғария.
Жоңғар хандығы 1635 жылы Батур хонтайшының басшылығымен құрылған. Билеушісінің титулы – қонтайшы. «Жоңғар» - атауы 13ғ. Шыңғысхан әскерінің сол қанатын құраған атауынан шыққан. 18ғ Қазақ хандығына қауіп төндірген ел Жоңғария.
1718 жылы Аякөз өзені жағасындағы шайқаста Әбілқайыр мен Қайып сұлтандардың соғыс әрекетін бірігіп жүргізбеуі салдарынан қазақ жасағы жеңіліс тапты. Бірікпеудің ең негізгі себебі- сұлтандар арасындағы таққа талас.
1723 жылы қазақ жерін «Ақ мешін» жұты қамтыды. 1723-1727 жж қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды» жылдары деген атпен қалды. 1723 жылы Қытай императоры Кансидің өлімінен кейін, қарым-қатынасты ретке келтіріп, барлық күшін Қазақстанға бұруға мүмкіндік туды. Осы жылдардан «Елім-ай» әні қалған. Қатты ойрандалған – Жетісу өңірі. 1724-1725жж Түркістан, Ташкент қалаларын басып алды. Қазақтың үш жүзінің біріккен қимылдары 1726 жылы басталды.
Ордабасы тауында қазақ жасақтары бас қосып, Әбілқайыр бас қолбасшы, оның көмекшісі болып Бөгенбай тағайындалды. Қазақ жасақтары жүздік негізде ұйымдастырылды.
1730 жылы Балқаш көлінің оңтүстігінде, Аңырақай түбінде (қалмақтардың аңырап-боздауы) Әбілқайырдың басшылығымен үш жүз әскері қалмақтарға соққы берді. Кей деректерде 1729 жыл деп те беріледі.
Қалдан-Серен 1741-1742жж Орта жүз бен Кіші жүзге ұйымдастырған жорығы бұрынғы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадан» кем түспейтін шапқыншылық жасады. 1742 жылғы 2 қыркүйекте И.Н. Неплюев Қалдан-Серенге қазақтарға қысым жасауды тоқтатуды талап етті.
1745 жылы Қалдан-Серен қайтыс болды. 1755 жылы ішкі талас Жоңғарияны әлсіретті. Жоңғар тағына таласушылардың бірі Әмірсананы Қытай императоры Цянь-Лун қолдап, 1755 жылы Жоңғарияға қарсы қойды. Кейін алданғанын білген Әмірсана Абылай мен Әбілмәмбеттен қолдау іздеген. 1756-1758 жж қытай жорығы нәтижесінде Жоңғария дербес мемлекет ретінде өмір сүруден қалды. 1761 жылы жоңғар жерінде империялық әкімшілік бірлік – Шыңжаң (Жаңа шекара) құрылды.