Тәрбие сағаты
Саналы ұрпақ – ұлт болашағы
Тақырыбы: Саналы ұрпақ – ұлт болашағы.
Мақсаты: Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру; Жас ұрпақтың танымдық көзқарасын, ой-өрісін, дүние-танымын кеңейту, іскерлік қасиеттерін дамыту;
Логикалық ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, оқушылар бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру.
Сабақ түрі: танымдық
Барысы:
Мұғалім: Құрметті оқушылар! Бүгінгі өткізетін сабағымыз «Саналы ұрпақ – ұлт болашағы» тақырыбында.
Бүгінгі жастар – халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын, білімді жастарды анықтайтын, білімге қызығушылықтарын арттыратын сайысымызды бастаймыз.
Ақыл –тон аңдағанға тозбайтұғын
Білім – кен қанша болса азбайтұғын.
Қатарың оза шауап бара жатса
Арқаның ауруы не қозбайтұғын,- деп Тұрмағанбет Ізтілеуов айтқандай білім болу мектеп қабырғасынан басталады.
Оқысаң – озарсың,
Оқымасаң – тозарсың.
Білімдіні бала болса да, аға деп біл.
Адамның көркі киім емес, білімі.
Танымдық белсенділікті арттырып, өз пікірін тұжырымдап айтуға, еркін сссөйлеуге, өзіне сенімді болуға, өзгенің пікірін тыңдап, бір–бірін құрметтеуге үйренуіміз керек. Топтағы оқушылар түсінбегенін бір–бірінен сұрап, сөйлемеген оқушыны сабаққа қатыстыру, жұмыс істеу нәтижесінде өзінің және топтағылардың намысын қорғау, бірлесіп еңбек ету, шешім қабылдау сияқты құндылықтарымен бірге, күнделікті сабақтан хабардан болып отыруға тиіссіздер.
Сендер саналы, білімді азамат болып өсуі үшін өздеріңнің бірінші парыздарыңыз не деп ойлайсыңдар?
1. Білім алу.
2. Отанды сүю.
3. Ана тілін сүю, құрметтеу.
4. Ұлт жанды азамат болу.
5. Атамекенді, туған жерді сүю.
6. Денсаулығы мықты азамат болу.
- Өздерің айтқандай, туған жерін, ата мекенің, тілін, дінін сүйіп, жақсы білім алып, халқына адал қызмет еткен кімдерді білесіңдер ?
Отан намысын қорғаған Әлия, Мәншүк сынды әпкелерімізді, ел Тәуелсіздігі үшін жас жандарын пида еткен Қайрат, Ләззат, Сәбира, Ербол тағы басқа аға–апаларымызды білеміз.
2 . «Дарабоз» сұрақ - жауап
Білім күні қай күн?
2. Бес қаруды ата.
3. Еліміз Тәуелсіздік алған күн?
4. Жеті қазына ата
5. ҚР–ның рәміздерін ата.
6. Желтоқсан құрбандары кімдер?
7. ҚР–ның ата заңы қашан қабылданды?.
8. Елордамыз қалай аталады?
9. Нұр-сұлтанның туған күні?
Жұмбақ шешіп көрейік?!
1. Қабат – қабат қаптама, Ақылың болса аттама. (кітап – книга – book)
2. Жеті қазынаның бірі, Адамды қорғап жүретін досы (ит – собака – dog)
3. Жүз теңгең болғанша, Жүз .... болсын. (дос- друг – friend )
4. Тұмсығымен қозғалар. Соңынан аппақ із қалар. (бор –мел – chalk)
5. Тіс жоқ өзінде, сөзі бар ізінде. (қаламсап – ручка – pen)
6. Сағат сайын қағылады, тек мектептен табылады. (қоңырау – звонок – bell)
4. Сергіту сәті
«Атамекен» әнін орындау
Қорытынды.
Адам баласы тек білім арқылы дүниені таниды, табиғаттың құпия сырларын ашады, ғылымды дамытады, техниканы өрістетеді, қоғамды ілгері бастырады. Білім арқылы өткен тарихын таниды, одан тағылым алады, болашағын болжап, келешегін белгілейді. «Ақыл жастан, асыл тастан» деген сөзді халқымыз жас толқынның болашағына үміт күткендіктен айтқан болар. Сондықтан ел алдындағы, аға ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық.
Достарыңызбен бөлісу: |