Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: жұмбақтар, сызбалар,топшама т.б.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың назарың сабаққа аудару.
Балалар,бәріміз қасымызда отұрған досымыздың жақсы қасиеттерін ізгі сөздермен, көтеріңкі көңілмен ,күлімдеген көзбен жеткізейік: - Сен нағыз доссың; ең әдемі қызсың; мейірімдісің; өте ұқыпты баласың; адал доссың; қайырымдысың; әдептісің; өнерлісің; еңбекқорсың; ақкөңілсің және т.б.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.Оқушыларға карточка тарату.
1.Түбір дегеніміз не? Сөздің одаң әрі бөлінбейтін мағынасы бар бөлігің түбір дейміз: қала, орман.
2.Жұрнақ дегеніміз не? Сөздің түбіріне жалғанғанда, оның мағынасын өзгертетін қосымшаларды жұрнақ дейміз.
3.Жалғау дегеніміз не? Сөздің мағынасын өзгертпей, түбірге жалғанатын қосымшаны жалғау дейміз .
4.Туынды сөз деген не?Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөз туынды сөз дейміз