Сабақ түрі бойынша аудиторлық сағат саны Сабақ түрі бойынша аудиторлық емес сағат саны Барлығы (с.)


Тақырып 7. Дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамы



бет12/17
Дата30.09.2023
өлшемі85,2 Kb.
#183130
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
4893170511434 Қазақстан биоалуантүрлілігі силлабус

Тақырып 7. Дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамы


Мақсаты: дәрілік өсімдіктердің денсаулыққа пайдалы құрамдас бөлігін зерттеудің маңызын қарастыру
Тапсырма: алғашқы және екінші биосинтез заттары. Өсімдіктегі табиғи қосылыстардың негізгі топтамасына қысқаша сипаттама. Дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамына кесте жасау.
Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау (қысқаша): Өсімдік организмі өзінің химиялық құрамы және атқаратын қызметі жағынан өте күрделі. Табиғатта тек өсімдіктер ғана органикалық емес заттардан органикалық заттар түзе алады, ал оларсыз адамдардың және жануарлардың тіршілік етуі мүмкін емес. Өсімдіктер таңқаларлық әртүрлі зат алмасу процесіне және көмірқішқіл газынан, судан және органикалық емес қосылыстардан алуан түрлі қосылыстарды синтездеуге қабілетті. Қорыта айтқанда барлық өсімдіктер судан және құрғақ заттардан тұрады, судың мөлшері жалпы салмағының 70 % шамасында болуы мүмкін. Су бұл орта, ал ол ортада барлық биохимиялық процесстер жүреді.

Тақырып 8. Құрамында алкалоидтар бар дәрілік өсімдіктер


Мақсаты: Құрамында алкалоидтар бар дәрілік өсімдіктердің өсімдік биоресурстарында алатын орнын анықтау
Тапсырма: 1. Өсімдіктер әлемінде және өсімдіктердегі алкалоидтардың таралуы. 2. Өсімдіктердің дамуындағы алкалоидтардың пайда болуының динамикасы. 3. Өсімдіктердегі алкалоидтардың болуына сыртқы орта факторларының әсері. 4. Өсімдіктердегі алкалоидтардың ролі.
Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау (қысқаша): Алкалоид дегеніміз - табиғи күрделі органикалық азотты зат. Әдебиеттегі мәліметтер бойынша, дүние жүзі флорасының 10% түрлерінің құрамында алкалоидтар болады. Профессор Соколов В.С. әдебиеттегі мәліметтерді жинақтап, қорытып құрамында алкалоидтары бар өсімдіктерді (папоротниктерден бастап Asteraceae-ға дейін) үш класқа бөлді: І класқа Соколов В.С. 20%-дан кем емес туыстарының өсімдіктері құрамында алкалоидтар бар тұқымдастарды жатқызады. Мұндай тұқымдастарды проф. Соколов В.С. құрамында алкалоидтары мол класс деп атауды ұсынды. ІІ класқа құрамында 10-20% туыстарында алкалоидтары бар тұқымдастарды жатқызуды ұсынды. Бұл класты құрамында алкалоидтар мөлшері орташа тұқымдастар деп атауды ұсынды. ІІІ класқа құрамындағы алкалоидтары бар туыстарының мөлшері 1- 10% болатын тұқымдастарды жатқызды. Мұндай тұқымдастар алкалоидтары аз деп аталады. 31 Құрамында алкалоидтар мөлшері көп туыстар және түрлер бар тұқымдастарға мыналар жатады: Equіsetaceae, Lycopodіaceae, Ranunculaceae, Berberіdaceae, Menіspermaceae, Papaveraceae, Fabaceae, Rutaceae, Cactaceae, Punіcaceae, Loganіaceae, Apocynaceae, Boragіnaceae, Solanaceae, Rubіaceae.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет