«Спорт – денсаулық кепілі» эстафеталық сайыс
Мақсаты: Оқушылардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау сезімдерін дамыту, денсаулық туралы білімдерін, салауатты өмір салтын ұстануларын және өмірге деген көзқарасын қалыптастыру. Оқушылардың сабақтан тыс уақытын тиімді өткізу.
Сабақ түрі:эстафеталық сайыс
Керекті құрал- жабдықтар: доп,шар,қап, лента, теннис ракеткасы, маска т,б
Сабақ барысы:
І. Кіріспе
II. Көңілді әуенмен бой сергіту жаттығулары
III. Сайыс шартын түсіндіру
1- сайыс: Таныстыру(топтың аты,ұраны,эмблемасы);
2- сайыс: «Кенгуру» - тығыздалған доппен секіру;
3- сайыс: «Қояндар» - екі аяқпен алға жылжып секіру;
4- сайыс: «Баскетбол ойыны» - допты қаққылап жүргізу;
5 - сайыс: «Хоккей» - таяқшамен кіші допты жүргізу;
6 -сайыс: «Волейбол» - үрленген шарды бастан асырып жүргізу;
7 -сайыс: «Оймен ойналатын ойындар»
IY. Би «Гүлдер»
Y. Қорытынды
Жүрісі:
І. Кіріспе: Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар және команда мүшелері! Бүгінгі біздің өткізгелі отырған денсаулық сақтау және оны күте білу, спортпен айналысу туралышарамызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші:
Денсаулық - ол шыныққан
Барлық дене мүшесі.
Денсаулық - ол тыныққан,
Жүйке – тамыр жүйесі.
Денсаулық - ол күлуің,
Көңіл күйің жадырай
Денсаулық - ол жүруің
Ешбір жерің ауырмай-демекші,
Бүгінгі «Спорт - денсаулық кепілі»атты эстафеталық сайысына қош келдіңіздер!
Өмір өзен ағып жатқан талассыз,
Осы сайыста керекмықтыжарылыс,
Болмасаегерденсаулығыңсолкезде,
Қаларсыздаржолортада, шарасыз!– дей отыра ортаға «Спорт» және «Денсаулық» атты «Қарлығаш» тобынан құралған екі команданы ортаға шақырамыз. Сайысты бастамас бұрын бой сергіту жаттығуларын жасайық.II. Көңілді әуен ойнайды.Бой сергіту жаттығулары
Жүргізуші:
Ал қанекей, бір- бірімізді қостаймыз,
Бүгінгі жарысымызды бастаймыз,
«Жеңіске жетеміз» деп,
Жалынды ұран тастаймыз.
1сайыс:Таныстыруымызды бастайық(сайыскерлер топ атын, ұранымен таныстырып, орындарына тұрады). Бірінші «Спорт»командасы бастасын.
Топтың аты: «Спорт»
Біздің ұран:
Спорт – көркі өмірдің,
Спорт – досың, серігің.
Жаттығып шымыр боламыз,
Шынығып, өсіп толамыз!
Екінші команданы ортаға щақырайық.
Топтың аты: «Денсаулық»
Біздің ұран:
Үміттерді ақтаймыз,
Денсаулықты сақтаймыз.
Салауатты өмір салтын қолдаймыз,
Сіздерге сәлем жолдаймыз!
2 сайыс: «Кенгуру» деп аталады. Шарты: тығыздалған доппен секіру;
3 сайыс:Мақал – мәтелдің жалғасын тап;
1- команда:
1. Бірінші байлық - ... (денсаулық)
2. Екінші байлық- ... (ақжаулық)
3.Үшінші байлық -... (он саулық)
4. Денің сау болса, (жарлымын деме)
Жолдасың көп болса, (жалғызбын деме)
2 - команда:
1. Денсаулық - ... (зор байлық)
2. Ауырып ем іздегенше -... (ауырмайтын жол ізде)
3. Шынықсаң - ... (шымыр боласың)
4. Тазалық -...(саулық негізі)
Саулық -... (байлық негізі)
3 сайыс: «Қояндар» - екі аяқпен алға жылжып секіру;
4сайыс: «Баскетбол ойыны» - допты қаққылап жүргізу;
5 сайыс:Ойын «Лентаны алып қаш». Шарты: лентаны бір топ екінші топтан алып қашады.
Жүргізуші: Келесі кезектіі биге берейік. Би «Гүлдер». Құрметті оқушылар! Бұл «денсаулықтың гүлі» деп есептеңдер. Сендерге Махаббаттың символы - Гүл сияқты түзу, сымбатты, әдемі, нәзік, көздің жауын алатындай көрікті, тәртіпті болып өсіңдер! деген тілектеміз.
Би: «Гүлдер» Екі команданың оқушыларыөнерлерін көрсетеді.
Жүргізуші:
6сайыс: «Волейбол» - үрленген шарды бастан асырып жүргізу;
7 сайыс:«Ойменойналатынойындар»депаталады. Бұлсайыстаәркомандағалогикалықсұрақтарқойылады.
1 - команда: Жұмбақбай атай бір табақ алманы немерелеріне береді. Оларға екеуден берсе,біреуіне жетпей қалды, Жұмбақбай атайдың неше немересі бар, табақтағы алма нешеу?
Жауабы:3 немересі,4 алма
2 - команда: Бір топ торғай ұшып келіп ағаштың бұтағына қонады. Бұтақ басына бір торғайдан қонып еді, бір торғайға бұтақ жетпей қалады.Бір бұтаққа екі торғайдан қонып еді,бір бұтақ артық қалы. Сонда бұта нешеу, торғай нешеу?
Жауабы: торғай-4, бұтақ -3
Ақын да басқан кезде әр кез үнге,
Қалың жұрт құлақ түрер әр сөзіне,
Денсаулығың көп емес біреу ғана,
Сондықтан оны бағалайық бар кезінде.
Қорытынды
-Ал енді сайысымыз өз мәресіне келіп жетті. Сайысымыздың шарты бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды анықтап, марапаттау сөзі әділқазыларға беріледі (әділқазы алқасы сөз сөйлейді.)
Уа,халайық назар аудар денсаулыққа
Өмірде бақыттысың денің сауда.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да, -демекші денсаулықтарыңыз мықты болу үшін спортқа қатысыңыздар, үнемі жаттығу жасаңыздар демекпіз. Бүгінгі сайысты тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет. Баршаларыңызға денсаулық тілейміз.Осымен сайысымыз аяқталды. Бүгінгі жүргізген Дианаға және қатысқан оқушыларға рахмет айтайық.
Достарыңызбен бөлісу: |