Сабақ түрі: жаңа білімді меңгерту. Көрнекілігі: суреттер, тест, тірек-сызбалар, «Көмірсулар,нәруыздар,майлар» атты сызба



Дата10.06.2017
өлшемі135,1 Kb.
#18706
түріСабақ
Тақырыбы: АУЫЗ ҚУЫСЫНДА АСТЫҢ ҚОРЫТЫЛУЫ.

Мақсаттары:

-ауыз қуысындағы астың қорытылуын, ас қорыту жүйесіндегі азықтық заттардың өзгеріске ұшырау маңызын түсіндіру;

-талдау,ойлау,салыстыру,қорытындылау, мүшелердің құрылысы мен қызметінің байланысты екенін түйіндей білу қабілеттерін дамыту;

-cанитарлық-гигиеналық дағдыға,саламатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.



Сабақ түрі: жаңа білімді меңгерту.

Көрнекілігі: суреттер, тест, тірек-сызбалар, «Көмірсулар,нәруыздар,майлар» атты сызба.

Сабақ жоспары: І.Ұйымдастыру кезеңі.

-Сыныптағы оқушыларды түгендеу.Сабаққа назар аударту мақсатымен тараудың атауын,сабақтың мақсаттарын айтып өту, тамақтанудың маңызын еске түсіру.

- Сабақтың эпиграфымен таныстыру: «КІМ КӨП ШАЙНАЙДЫ, СОЛ ҰЗАҚ ЖАСАЙДЫ»

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

А) Сұрақ- жауап тәсілін қолдану.

1.Ас қорыту жүйесі қандай мүшелерден құрылған?

2.Ас қорытуға қандай бездер қатысады?

3.Қоректік заттар деген не? Атапөтіңдер.

4.Адам ағзасына тәулікте қанша су қажет?

5.Адам организмінде өзгеріссіз сіңірілетін зат?

6.Нәруыздың тәуліктік мөлшері қандай?

7. Көмірсулардың тәуліктік мөлшері қандай?

8.Жұтқыншақ ұзындығы қандай?

9.Асқазан сыйымдылығы қандай?

10.Ащы ішек ұзындығы қандай?

Ә) Тест шешу.

1.қоректік заттар құрамында қандай органикалықзаттар бар:

а\нәруыздар,көмірсулар б\майлар,витаминдер в\су,минералды тұздар

2.Адам денесінде судың мөлшері:

а\20-25% ә\40-45% б\60-65%

3.Адам организмінде өзгеріссіз сіңірілетін заттар:

а\нәруыздар,көмірсулар ә\су б\минералды тұздар

4. Нәруыздың тәуліктік мөлшері:

а\80-90 гр. ә\100 гр. б\400-500 гр.

5.Адамның ас қорыту жолдарының ұзындығы:

а\3-5 м. ә\8-10 м. б\15-18 м.

6.Дәм сезу рецепторлары қайда орналасқан:

а\жұмсақ таңдайда ә\ұрттың сілемейлі қабығында б\тілде

7\Ас қорыту және тыныс алу жолдары қай жерде қиылысады:

а\ауыз қуысында ә\ жұтқыншақта б\ өңеште

8\Ас қорыту жолдарында асқазаннан кейін не орналасады:

а\аш ішек ә\тоқ ішек б\ұлтабар

9.Тоқ ішектің бөлімдерін атаңдар:

а\ас ішек,жиек ішек,тік ішек ә\соқыр ішек,тік ішек,ұлтабар б\соқыр ішек

10.Ас ішек бөлімдерін атаңдар:

а\ұлтабар,аш ішек,мықын ішек ә\соқыр ішек, жиек ішек,тік ішек

б\ұлтабар, тік ішек



Б) Берілген суреттегі ас қорыту мүшелерін атап жазыңдар.



ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

1.ШАЙНАУДЫҢ МАҢЫЗЫН ТҮСІНДІРУ-тағамды механикалық өндеу:ұнтақтау,майдалау.сілекеймен дымқылдату,ас түйіртпегін қалыптастыру.Бұл рефлексті әрекет.Адамның шайнау аппараты жануарларғақарағанда нашар дамыған, себебі адам аспаздық өндіруден өткен тағамды қабылдайды.

2.ТІСТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫН ЖӘНЕ МАҢЫЗЫН ТҮСІНДІРУ.

а\Тістер көмегімен адам тағамды майдалайды.Адамда 32 тіс болады.Пішіні мен қызметіне қарай күрек тіс. Азу тіс, ит тіс деп аталады.Екі жақ сүйектерінде орналасқан тістердің формуласын қарастырайық.





3 үлкен азу тіс,2кіші азу тіс,1ит тіс,2күрек тіс

2күрек тіс,1 ит тіс,2кішіазу тіс,3 үлкен азу тіс


3 үлкен азу тіс,2кіші азу тіс,1ит тіс,2күрек тіс

2күрек тіс,1 ит тіс,2кішіазу тіс,3 үлкен азу тіс


ә\ Тістің құрылысын түсіндіру.110-шы суретті қарастыру.

б\Сүт тістер туралы айтып өту.

в\Жақсы шайнаудың маңызын түсіндіру.

3.СІЛЕКЕЙ БЕЗДЕРІ сілекей түзеді. Сілекей өзектер арқылы ауыз қуысына ағады. Адамда 3 жұп сілекей бездері бар: 2 шықшыт,2 жақ асты, 2 тіл асты.

а\ 111-ші суретті қарастыру.

ә\ 112-ші суретті қарастыру.Сілекей бездерінің іс-әрекетін зерттеу әдістері.

4.ТІЛ-сілемейлі қабықпен жабылған, тамырлары мен жүйкелері көп,қозғалмалы бұлшық етті мүше.Шайнау үдерісінде асты қозғалтады, сөйлеу және дәм сезу мүшесі болып табылады.Тіл мен ерін тағам сапасын анықтауға және оны жұтқыншаққа жылжытуға көмектеседі.

IV.Бекіту сәті.

Кластер толықтыру: «Ауыз қуысында ас...»



V.Қорытындылау.

а\ «Ойланып,жауап беріңдер» тапсырмасымен жұмыс (169-шы бет).



ә\ «Сәйкестігін көрсетіңдер» кестесімен жұмыс.

VI.Үй тапсырмасы:

& 46,ас туралы мақал-мәтелдер жазып келу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет