5-сынып
Тақырыбы: «Қызықты математика»;
Сабақ түрі: жарыс түріндегі танымдық сабақ;
Мақсаты: а) әртүрлі мазмұндағы қызықты есептерді шығара отырып, оқушының танымын дамыту, жылдам есептеуге формулалар мен ережелерді дұрыс қолдана білуге үйрету;
б) ойлау, сөйлеу, есептеу дағдысын дамыту;
в) әдептілікке, ұстамдылыққа, өз ойын дәлелдей білуге, өзгенің пікірін сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: карточкалар, ребустар, формулалар.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру
Қош келдіңдер, балалар!
Математикада «Қызық» деген алаң бар,
Сол алаңның сендерге әзірлеген сыйы бар,
Сый дегенім-сынамақ,
Сынға түсер өнерлі мен білімді!
Екі топқа бөлейін, өнеріңді көрейін,
Сенің атың-Зерделі, сенің атың-Талапты!
Ойын шартын түсіндің, енді қоям сұрақты,
Жауабын тапқан топқа «жұлдызша» беріп отырамын.
Көңілділер есебі
а) Ағашта саңырауқұлақ кепті,
Жаңбыр жауып оны жұмсартып кетті.
40-ы қызыл, 8-і сары, 20-сы жасыл еді.
Тиін мен тышқан 7-ін жеді,
Қалды екен нешеу, айта ғой енді?
(жауабы: 61 саңырауқұлақ)
б) Жайлы орын, маңай толы үйеңкі,
Батыр барыс алтыбақан құрыпты.
Кейіне қарай жиналыпты көршілер:
40 қасқыр, 6 аю, 5 түлкі,
Орын болмай, қайтты үйіне 4 кірпі.
Айтшы, аңдар саны қанша,
Болып қалмай тек күлкі.
(жауабы: 48 аң)
Қалжың есеп
а) Екі адам өзен жағасына келді. Жағалауда қайық тұр. Оған 1-ақ кісі сияды. Бірақ екі адам да келесі бетке өтті. Ол қалай?
б) Жүздің дәл ортасында не бар?
3. Ойшылдардың есебі
а) салыстыр: ((22)2)2) *(2 2) 6 ;
б) есепте: (-1)+(-1)2+(-1)3+(-1)4 ;
4. Тапқырлардың есебі
а) Үш бестіктің көмегімен 1-ді жаз / 2-ні жаз.
б) Теңдік орындалатындай таңбалар жаз:
3 2 1 = 2 / 1 2 3 4 5 = 2
5. Зеректің есебі Көмек
1) 2а+9 17 2) 7х ? 1 = х+4 4 сәуір
4а-5 ? 5х+3 = х+6 11 ?
6. Өжеттердің есебі
а) (3х + ?) (3х - ?) = ?-4у2;
б) а2 - ? = (а - 9) (а + 9);
7. Алғырлардың есебі
Жалғастыр: 1) 1 ? 9 + 2=11; 2) 112 =121;
12 ? 9 + 3=111; 1112= 12321;
123 ? 9 + 4=1111; 11112=1234321.
8. Сиқырлы есеп (тақтаға)
Пропорцияның негізгі қасиетін білесіңдер ғой? Иә.
Қазақ тіліндегі септіктерді еске түсіріңдерші
А, І, Т, Ж, Ш, К.
а) І- кімнің? Ненің?
Б-кімге? Х?
Х= = неге?
б) І- кімнің? Ненің?
К- кіммен? х?
Х= = немен?
9. Енді орыс тілінде осы орынды ма?
В. Кто? Что?
Р. Кого? Чего? Х= = чему?
Д. Кому? Х
Орынды қолдана білсең, математиканың берері мол!
10. Математикалық жаңылтпаштар
1) Жүріп бара жатып 1-ден 10-ға дейінгі сандарды орысша-қазақша кезек айтасың
Бір, два, үш, четыре, бес, шесть, жеті, восемь, тоғыз, десять.
2) 10-ан 1-ге дейін кері айтасың
11. Математикалық фокус
Бір N сан ойла, оған келесі санды қос, шыққан қосындыға 9-ды қос. Нәтижесін 2-ге бөл, бөліндіден ойлаған саныңды шегеріп таста.
Қанша қалғанын мен айтайын:
а+(а-1)+9
------------ -а=5
2
IV. Сабақты қорытындылау, оқушылардың пікірін сұрау.
V. Топтарды марапаттау, ынталандыру.
Достарыңызбен бөлісу: |