Тақырып:Шешендік өнер Мақсаты:Оқушыларға шешендік өнер туралы мағлұматтарын тереңдетіп, оның жан – жақты тарихи екенін таныту. Оқушылардың танымдық ой – өрісін кеңейту сөздік қорларын молайту, өзіндік пікір айта білу қабілетін дамыту. Оқушыларды туған елін, жерін қадірлеуге, отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі:кіріктірілген Әдіс – тәсіл:баяндау, түсіндіру, аудару Көрнекіліктер:Шешен билердің портреті мен сөздері Пәнаралық байланыс:тарих, орыс тілі, әдебиет
Тақырып:Шешендік өнер Мақсаты:Оқушыларға шешендік өнер туралы мағлұматтарын тереңдетіп, оның жан – жақты тарихи екенін таныту. Оқушылардың танымдық ой – өрісін кеңейту сөздік қорларын молайту, өзіндік пікір айта білу қабілетін дамыту. Оқушыларды туған елін, жерін қадірлеуге, отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі:кіріктірілген Әдіс – тәсіл:баяндау, түсіндіру, аудару Көрнекіліктер:Шешен билердің портреті мен сөздері Пәнаралық байланыс:тарих, орыс тілі, әдебиет Сабақ барысы:Ұйымдастыру кезеңі а) Сәлемдесу ә ) Оқушыларды сабаққа дайындау б) Сөйлесім
Үй тапсырмасын тексеру - Балалар біз өткен сабақта, Теледидар, радио туралы мағлұматтар алған болатынбыз сол тақырып бойынша сұрақ – жауап білімімізді тексерейік, өткен сабаққа шолу жасайық. 1. Теледидар дегеніміз не?(ақпарат көзі) 2. Телевизор деген сөз латын тілінен қалай аударылады?(қашықтықтан көремін) 3. Республикамызда бұқаралық радио хабарлау қашан басталды?(1931ж) 4. Радио термині қашаннан бері қолданды?(20Ғ - 10 ж) 5. РАДИО латын сөзі нені білдіреді?(сәуле шығаратын дегенді білдіреді)
Жаңа сабақ: ( мақсатымен таныстыру ) Ой – қозғау. Балалар бүгінгі жаңа сабағымды бастамас бұрын мынандай сұрақтарға жауап беріңдер. 1. Балалар, қазақтың атақты адамдары дегенді қалай түсінеміз? Мысалы: (ақындар, жазушылар, батырлар, билер, хандар ) 2. Елбасы дегенді қалай түсінеміз? 3. Қазір біздің Тәуелсіз Қазақстанымызда Елбасы кім? 4. Ал бұрынғы заманда елді кімдер басқарған? (хандар, билер ) СӨЗДІКПЕН ЖҰМЫС Шешендік – красноречие Өнер – искусство Би - советник Әдет - заң – обычай Көнеден – от старца Көргенді – мудрый Ой – мысль Адамгершілік - человечество Инабаттылық - порядочный Ізгілік - доброе дело Ақылды - умный Туған жерді сүю - любить родину
- Ендеше кешегі Егемендік пен бірлік – Төле бидің толғауында, Қазыбек бидің қаз дауысында, Әйтеке бидің шешендігінде көрініс тапқан болатын. Біз оларды тарих сабағынан жақсы білеміз. 17 - 18 ғасырларда өмір сүрген би – хандарымыз яғни, Абылай хан, Төле би, Әйтеке би, Қаз дауысты Қазыбек би. - Ендеше бүгінгі сабағымыздың басты қонағы ретінде тарих пәнінің мұғалімі Ербол Зекеновичті шақырған болатынбыз сөз кезегі өзіңізде. ЖАҚСЫ, сонымен Шешендік сөз дегеніміз не? Шешендік сөз дегеніміз ол – белгілі бір оқиғаға байланысты, тапқырлықпен, көркем тілмен айтылған және оны жұртшылық қабылдайтын, елге тараған үлгілі ойлар мен тұжырымдар. Қазыбек би атамыз айтқандай: « Бір қолың ұрыста болса, екінші қолың арашашы болсын». Ашу – араз, ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос. Жауға сілтер қаруыңды жақыныңа сілтеме деген... Яғни: Атадан жақсы ұл туса, Елінің туы болады. Атадан жаман ұл туса Көшінің ең соңы болады.
Әйтеке би: Асқар тау, сенде бір мін бар – Асу бермейсің, Тасқын су, сенде бір мін бар – Өткел бермейсің, Билер, сендерде бір мін бар – Басқаға сөз бермейсің!
Ал енді Төле би бабамыз айтқандай, - Бір үйдің баласы болма, Көп үйдің санасы бол. Бір үйдің атасы болма, Бір елдің данасы бол. Халқыңа әділ бол. Жауыңа қатал бол. Досыңа адал бол. (Балаларға оқытып, дәптерлеріне жаздыру.) Жазба жұмысы(кітаппен жұмыс), (синтаксистік талдау). Шешендік өнер халықтық - демократиялық қоғамдарда ақыл – ойға, сөзге еркіндік бар жерде дамиды. Мақал - мәтелдер: 1. Ердің сыншысы болма, адамның сыншысы бол. 2. Оқу инемен құдық қазғандай 3. Көп сөз көмір, аз сөз алтын. 4. Өлімнен ұят күшті. 5. Атаңның баласы болма, елдің баласы бол. Осы мақал - мәтелдерді оқи отырып не алдық? Адамгершілік, инабаттылық, ізгілік, кішіпейілділік, ақылдылық, туған жерді сүю, мейрімділік.
Енді бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе НЕ БІЛДІК? НЕ ҮЙРЕНДІК? Қандай қазақ би – шешендерімен таныстық? Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би. Шешендік – билер жалпы қандай болуы керек? Яғни, қайраткер, дау, билік, дарынды, сауатты, ұтымды болулары керек. Бабаларымыз айтқандай «Бата менен ел көгерер, жаңбыр менен жер көгерер.» Сондықтан да оқушыларымыз дайындаған шағын көрініске назар аударайық. (Рөлдік ойын) БАТА - Ата, бата деген не? - Бата – ақ ниет, жақсы тілек, халқымыздың ежелгі мұрасы. - Ендеше ата маған батаңызды беріңіз. «Арыстандай болсын айбатың, Аюдай болсың қайратың, Гүлге толсын өңірің, Көңілді өтсін өмірің, Асқа толсын табағың, Ашық болсын қабағың!» - ӘУМИН! Үйге тапсырма:«Шешендік өнер» туралы шығарма жазу. БағалауҚазақ тілі. Сыныбы:11 Сабақ тақырыбы: Шешендік өнер
Жалпы мақсат: Шешендік сөз туралы түсінік бере отырып ,сабаққа деген қызығушылығын арттыру,негізгі мәселелерге көңіл бөлуге үйрету; ә) Сауаттылыққа баулу,алған білімі негізінде шығармашылық қабілетін дамыт б) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. АКТ-ны тиімді пайдалану Сілтеме: 1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 98-104 б. 2. Қазақ тілін оқыту әдістемесі 3. 11-сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы бет 4. Портал материалдары Оқу нәтижесі: Шешендік өнердің қыр сырын білуі,сөз мәдениетін ұғына білуі, АКТ пайдалана алуы Негізгі идеялар: Шешендік өнерге баулу Сабақта қолданылатын материалдар: интерактивті такта,флипчарт,оқулық, Оқыту әдістері: Жаңа әдістер: сұрақ- жауап, диалог. АКТ, СТО Бағалау Жеке, жұптық, топтық жұмыс
Түртіп алу,екі жақты күнделік, Дерек көздері: Шешендік өнер тақырыбына арналған материалдар: 1. Шешендік сөздер 2. Қазақ тілінен оқушы анықтамалығы 188 бет 3. Википедия ашық энциклопедиясы Тапсырмалар: сұрақтарға жауап беру, салыстыру, постер салу, дәптермен жұмыс,рефлексия жасау
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті: І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (3 мин) Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті «Қара жорға » биін билету арқылы сыныпта психоло-гиялық ахуалды қалыптастыру Ортаға шығып «Қара жорға» биін билеу арқылы көңіл күйлерін көтеру ІІ. ІО сыныпта өткенді қайталау Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті BLUB TREE-ді қолдана отырып ІО сыныпта не үйренгендерін білу қағаз бетіне түсіру және талдау ІІІ. Жаңа тақырып (10 мин) 8.38-8.48 Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Power Point таныстырылымы арқылы сабақты түсіндіру «Сөз мәдениеті және шешендік өнер» Сабақты мұқият тыңдап, есте сақтау Қызығушылықты ояту(10 мин) Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Диалогқа түсу /сыныпқа сұрақ қою/ Шешендік өнер дегеніміз не? Сөз мәдениеті дегенді қалай түсінеміз? Монолог,диалог,полилог деген ұғымдарды даралап көрсету. Оқулықтағы 2 жаттығуды дәптерге орындату «Шешеннің сөзі - шамшырақ» атты ойтолғау жаздыру Диалогқа түсіп,сұрақтарға жауап беру
Оқулықтағы жаттығуды орындау
Ойтолғау жазу IV.Қорытындылау (5 мин) Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бір біріне сұрақ қойдыру арқылы өздеріне бағалату Өзін-өзі критериалды бағалау V. Үйге тапсырма беру (2 мин) Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті «Шешен тіл шешер сан істі» тақырыбына шығарма жазып келу. Үй тапсырмасын білу, түртіп алу VI. Бағалау (5 мин) Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Формативті бағалау Өзін өзі бағалау VII. Рефлексия(3 м Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Екі жақты күнделік жүргізу Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын екі жақты күнделік арқылы жеткізу