Сабақтың барысы: І. «Өзіне тілігенді басқаларға тіле!» психологиялық ойсергек.
- класс ұжымымен амандасу, оқушылардың назарын сабаққа аудару - сабақтың мақсатымен таныстырып, күтілетін нәтижені анықтау.
ІІ. Мағынаны тану
Теориялық бөлімі.(Сұрақ - жауап әдісі) Интерактивті тақтада өткен тақырыптар бойынша пысықтау сұрақтары беріледі. - Балалар сөз таптары дегеніміз не? - Қазақ тілінде неше сөз табы бар? Оларды ата. - Есімдік дегеніміз не? Есімдіктің неше түрі бар. - Біз есімдіктің қандай түрлерімен таныстық? Оқушылар: Қазақ тілінде тоғыз сөз табы бар екенін, зат, сын, сан есімдермен танысқандарын, осы үш есім сөздердің орнына қолданылатын сөзді есімдік деп аталатынын, оның жеті түрі бар екенін айтып пысықтайды. Практикалық бөлімі. Сілтеу есімдіктерін қолдана отырып қалаған тақырыптарына жазған әңгімелерін оқып, сілтеу есімдігінің мағыналық, тұлғалық ерекшеліктеріне тоқталып өту. (Бұл, сол, ол сияқты сілтеу есімдіктеріне көптік, септік жалғаулары жалғанғанда, түбір соңындағы – Л - дыбысы түсіп қалады. Ал осы