есімдіктерге тәуелдік жалғау жалғанғанда түбір соңындағы – Л - дыбысының орнына – Н - дыбысы жазылады. Бұл, сол, ол есімдіктері ауызекі тілде бұ, со, о қолданылатыны да ескертіледі)
ІІІ. Ойтолғаныс (Жаңа сабақ) «Өздік есімдігі»
Мұғалім: Өлеңдегі түсірілген сөздерді орнына қойыңдар:
Өзім – тәңірі табынамын ... (өзіме)
Сөзім – құран, бағынамын ...! (сөзіме)
Бұзушы да, түзуші де ..., (өзіммін)
Енді, ескілік, келдің өлер ... ! (кезіңе)
Мағжан Жұмабаев.
- Есімдіктер өте ерте заманда пайда болған сөздер қатарына жатады. Есімдіктің жеті түрі бар. Олар: жіктеу, сұрау, сілтеу, өздік, жалпылау, белгісіздік, болымсыздық. Бүгінгі танысатынымыз өздік есімдігі. Өздік есімдігі бір ғана сөз арқылы жасалады. Ол - «өзі» сөзі, өздік есімдігі мағынасы жағынан адамның өзіне тән нәрсені білдіреді. Көбіне түбір мағынада қолдана бермей, тәуелдеулі, септеулі, жіктеулі, көптеулі түрінде қолданылады. Мысалы:
Жақтары ---------------------- Тәуелдеулі түрі ------------- Тәуелдеулі түрінде жіктелуі
І - жақ -------------------------- Менің өз - ім ---------------- Мен өзім - мін
ІІ - жақ ------------------------- Сенің өз - ің ------------------ Сен өзің - сің
ІІ - жақ(сыпайы түрі) ------ Сіздің өз - іңіз --------------- Сіз өзіңіз - сіз
ІІІ - жақ ------------------------ Оның өз - і ------------------- Ол өз - і
Септіктер ---------------- Жекеше түрі -------------- Көпше түрі
Атау септігі -------------- Өзім ------------------------- Өздерің
Ілік септігі --------------- Өзім - нің ------------------ Өздерің - нің
Барыс септігі ----------- Өзім - е --------------------- Өздерің - е
Табыс септігі ----------- Өзім - ді -------------------- Өздерің - ді
Жатыс септігі ----------- Өзім - де ------------------ Өздерің - де
Шығыс септігі ---------- Өзім - нен ----------------- Өздерің - нен
Көмектес септігі ------- Өзім - мен ---------------- Өздерің - мен
Оқушылардың санасында жаңа тақырыпты бекіту үшін өздік есімдіктің тәуелдеу, жіктеу, септеу үлгілері интерактивті тақта арқылы көрсетілді. Оқушыларға тақырып толық түсіндірілген соң, өздік есімдігі дегеніміз нені білдіреді, анықтамасы қалай айтылады, кім жауап береді?- деген сұрақтар қойылып, тақырып пысықталады.
«Өздік есімдігі - деп, белгілі бір нәрсені, қимылдың, адамның өзіне тән екендігін білдіретін есімдік түрін айтамыз»
Достарыңызбен бөлісу: |