Сабақ түрі: Танымдық сабақ Сабақ типі: Білім, білік, іскерлік қалыптастыру



Дата13.02.2017
өлшемі35,68 Kb.
#9252
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Натурал сандарға амалдар қолдану
Білімділік мақсаты: Көп таңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыра білу білік, дағды, іскерліктрін тиянақтау, жүйелеу.

Дамытушылық мақсаты: Есеп шығару, есептеу қабілеттерін арттыру;

Тәрбиелік мақсаты: Отан үшін жан аямай шайқасқан батырлардың ерлігін үлгі етіп, мақтаныш сезімдерін оятып, елін-жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу

Көрнекілігі: Флипчарт, тапсырмалар, топ аттары жазылған қима қағаз

Сабақ түрі: Танымдық сабақ

Сабақ типі: Білім, білік, іскерлік қалыптастыру

Әдіс-тәсілдері: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру Сыныпты үш топқа бөлу

І топТалғат Бигелдинов

ІІ топ – Сағадат Нұрмағамбетов

ІІІ топ – Рақымжан Қошқарбаев

ІІ. Балалар, бізге сабаққа көгершін қонаққа келді. Оның жақсы хабары бар екен. Қане жақсы хабарға не бересіздер?

Үй тапсырмасын интерактивті тақта арқылы тексеру. Оқушылардың дұрыс жауабы, жақсы хабар байғазысы болып есептеледі.

Дұрыс жауапты ашу арқылы қуанышты хабарды тақтадан оқып, сабақ ұраны етіп алу: «Желбіресін бейбітшілік жалауы,

Бұл бүгінгі жас ұрпақтың қалауы» - ендеше біздің бүгінгі сабағымыз Жеңістің 65 жылдық мерейтойына арналады.



ІІІ. Мұғалім: - Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945) ел басына төнген қаһарлы қатер миллиондаған кеңес адамдарын басқыншыларға қарсы күреске жұмылдырды. Қазақстан өзiнiң барлық мүмкiндiктерiн – адамдар, өндiрiстiк қуаттар, табиғат байлығы мен рухани қорын майдан талабына бағындырды.
І тапсырма: Көп таңбалы сандарды оқы, жаз, разрядтық қосылғыштарға жікте.

Соғыстың алдында әскери қызметте жүрген 178 000 қазақстандықты қоспағанда, соғыс жылдарында Қызыл Армия қатарына 1 196 164 қазақстандық шақырылды. Еңбек армиясы мен құрылыс бөлiмдерiне 700 000 адам шақырылды.



І топ: 178 000 = 100000+70000+8000

ІІ топ: 1 196 164 = 1 000 000+100 000+90 000+6 000+100+60+4

ІІІ топ: 700 000 = 700 000

ІI тапсырма: Есепте. «Кім жылдам?»

А) Асқан ерлiгi және соғыс өнерiндегi ғаламат жанқиярлығы үшiн Отанның ең жоғары мәртебесi – Кеңестер Одағының Батыры атағына 11 649 жауынгер, офицерлер мен генералдар ие болды. Олардың 11 149-ы – Қазақстандықтар емес. Мұның 402-сі Қазақстандық басқа ұлт өкілдері болса, неше қазақ Кеңестер Одағының Батыры атағына ие болды?

Шешуі: 11 649 – 11 149 – 402 = 98

Жауабы: 98 қазақ Кеңестер Одағының Батыры атағына ие болды


ә) 1941-1945 жылдардың аралығында колхозшылар мен совхоздардағы машина-трактор станциялары еңбеккерлерiнiң ерен еңбегiнiң нәтижесiнде майданға бiздiң елiмiзден 5 829 мың тонна нан, 734 мың тонна ет жiберiлдi. Барлығы неше центнер азық жіберілді?

Шешуі: 5 829 000 + 734 000 = 6 563 000 * 10 = 65 630 000 ц

Жауабы: 65 630 000 ц
Б) Ұлы Отан соғысы жылдары Кеңес Одағы 27 миллион адамынан айрылды, оның 26 937 000-ы басқа елдерден болса қанша Қазақстандық майдан даласынан оралмады?

Шешуі: 27 000 000 – 26 937 000= 63 000

Жауабы: 63 000 Қазақстандық майдан даласынан оралмады
ІІI тапсырма: Оқулықпен жұмыс 3 топ 2 баладан шығарып, көп таңбалы сандарды салыстыруды орындайды.

515318976 * 100131859

629815417 * 599931859

718419630 * 709987487

715318480 * 715418486

217648504 * 217648503

750000 * 749999

ІV тапсырма: Логикалық тапсырма. Дұрыс жауап табылса, топ атына сәйкес батырлардың ерлігі туралы мәліметпен танысады.
І топ: Наубайханада калашты минут сайын пісіріп, бір бет қағазға орайды. Тәулігіне қанша қағаз пайдаланылады?

А. 1440 В.1220 С.1460 Д. 1444


ІІ топ: Асан екі жүз жүздіктермен бірді қосады. Дұрыс жауабын көрсет ?

А. 201 В. 2001 С. 2001 Д. 1201


ІІІ топ: 3- таңбалы сандардың ең үлкені мен ең кішісінің қосындысы қаншаға тең?

А. 899 В. 1100 С. 1099 Д. 1110



V тапсырма: Проблемалық сұрақтар беріледі

1. Бейбітшілік болу үшін адамдар не істеу керек?



2. Соғыс бізге керек пе?

3. Сабағымыздың ұранының мағынасын түсіндір.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет