Тақырыбы: «Ел болашағы – білімді ұрпақ» Мақсаты



Дата06.03.2020
өлшемі54,5 Kb.
#59664
Байланысты:
сайыс

Тақырыбы: «Ел болашағы – білімді ұрпақ»

Мақсаты: Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, алған білімдерін тереңдетіп, шығармашылық қабілеттерін дамыту, есептеу дағдыларын жетілдіру.

Әдісі: Білім сайысы

Құрал-жабдықтар: Тапсырмалар жазылған карточкалар, геометриялық фигуралар, бағалау бетшесі


Жүргізуші:

Құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі «Математика – дүниенің кілті» тақырыбындағы математика пән бірлестігінің апталығы аясында өткелі отырған «Ел болашағы – білімді ұрпақ» атты білім сайысына қош келдіңіздер! Бүгінгі шарамызда сіздер математиканың қызықты құпияларымен танысып, өз білімдеріңізді кеңейте аласыздар. Тапсырмалардың көбі сіздердің тапқырылықтарыңды, ұшқыр ойларыңды қажет ететін болады. Ендеше, баршаңызға сәттілік!


Алдымен оқушылар топтарға бөлінеді:

Сайыс 5 айналымнан тұрады:



  1. Сергіту

  2. «Қызықты сұрақтар» капитандар сайысы

  3. «Геометрия әлемі»

  4. «Графиктер»

  5. «Анаграмма»

Ендеше жүйрік топты анықтайтын әділқазылар алқасын таныстыруға рұқсат етіңіздер:

1.

2.



3.


  1. Сергіту

Жүргізуші: (әр дұрыс жауап-5 балл)

Ішінде сандары бар мақал-мәтелдерді атаңыздар. - Бір бас жақсы – ал екеу одан да жақсырақ. Көбірек айтқан топ жеңімпаз атанады.

- Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын.

- Жеті рет өлшеп, бір рет кес.

-Жеті атасын білмеген ұл –жетесіз.

- Жігітке жеті өнер де аз.

- Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.

- Елуінде-ер дана, елу жылда – ел жаңа.

- Жеті қырлы, бір сырлы.


  1. «Қызықты сұрақтар» капитандар сайысы


Жүргізуші:

Құрметті топ басшылары әр қайсысыңыз 5 сұраққа жауап берулерінің керек. Сұрақтар шапшаңдыққа беріледі.



1-топ басшысына:

Сұрақтар:

1.Екі қолда 10 саусақ. Он қолда неше саусақ?



Жауабы: 50

2.Жұмыртқа суда 5 минут піседі. 6 жұмыртқа неше минутта піседі?



Жауабы: 5 минут

3.Жер серігі жерді 100 минутта айналады ал келесі айналымды 1 сағат 40 минутта жасайды. Бұны қалай түсінеміз?



Жауабы: 1 сағ 40 минут=100 минут.

4.Балықтың салмағы 8 кг. плюс өз салмағының жартысына тең. Балықтың салмағы қанша?



Жауабы: 12 кг.
5.Арманда 10 қой болыпты. 9-нан басқасы барлығы жоғалып кетіпті. Арманда қанша қой қалды?

Жауабы: 9 қой
2-топ басшысына:

1.Екі адам жағаға келді. Жағада тек бір адамға арналған қайық бар еді. Екеуі бір қайыққа симаса да, екеуі де судың келесі бетіне өтті, бұны қалай түсіндіресіз?



Жауабы: Екеуі қарама-қарсы жағаға келген екен

2.Үш жылқы 30 км жүгіріп өтті. Әр қайсысы қанша км жүгірді?



Жауабы: 30 км.

3.Дәрігер 3 екпе тағайындады. Әр жарты сағат сайын салынады.

Врач прописал 3 укола. Через полчаса на укол. Барлық екпе неше сағатта салынып болады?

Жауабы: 1 сағаттан кейін

4.Екі әке мен екі ұлы 3 апельсин сатып алды. Әрқайсысына бір-брден тиді. Бұл қалай болғаны?



Жауабы: атасы-баласы-немересі

5.Жанұяда 7 ағасы бар, әр қайсысында бір-бір қарындасы бар. Жанұяда қанша баласы бар?



Жауабы: 8 баласы бар
3-топ басшысына:

1.Ағашты 12 бөлікке бөлу үшін неше жерден кеседі?



Жауабы: 11

2.Құс аулаушы 5 торғайды аулап алды, жолшыбай 5 оқушыны кездестірді. Әр қайсысына бір торғайдан берді. Бірақ біреуі тордың ішінде қалды. Бұл қалай болғаны?



Жауабы: Соңғысын торымен бірге беріп жіберген.

3.Бөлмеде 4 бұрыш бар. Әр бұрышында бір мысықтан отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысықтан отыр. Бөлмеде қанша мысық бар?



Жауабы: 4 мысық

4. Профессор сағат кешкі 8-де ұйықтап, сағатты сағат 9-ға қояды. Профессор қанша уақыт ұйықтайды?



Жауабы: 1 сағат

5. Сіз ұшақтың пилотысыз. Ұшақ Лондоннан Парижге ұшып барады. Ұшу биіктігі 8 мың метр, далада ауа-райы -40 градусты көрсетіп тұр, ал ұшақтың орташа жылдамдығы 900 км/сағ. Ұшқыштың жасы нешеде?



Жауабы: Топ басшысының жасы
3. «Геометрия әлемі»
Алдарыңызда 4 геометриялық фигура берілген.

1.Қай төртбұрыш ерекше қасиеті бойынша артық болып есептеледі?

Ж: Трапеция.

(қалғандарының қабырғалары қоқ-қостан параллель)

2.Қай фигураның қасиеттері көп?

Ж: Квадрат

3.«Орта сызығын тап» деген тапсырма қай фигураға қатысты



Ж: Трапеция

4.Грек тілінен аударғанда «үстел» деген мағынаны білдіретін фигураның атауы?


Ж.: Трапеция
4. «Графиктер»

1.Берілген функциялардың графиктері жазықтықтың І мен ІІ бөлігінде орналасқаны дұрыс па?



№1 №2 №3

Ж: №2. (№2 функцияның графигі 3 пен 4 жартыжазықтықтарда жатыр)
Көрермендерге тапсырма:

Командалар ойланғанша көрермендерге тапсырма беріледі.



Сұрақтар:

1.Лифт 1 қатардан 3 қатарға 6 секундта көтеріледі. 1 қатардан 5 қатарға неше секундта көтеріледі?



Ж: 12 секунд.

2.Менің әкем 31 жаста болғанда, мен 8 жаста болдым, ал қазір әкемнің жасы меннен 2 есе үлкен. Мен қаншадамын?



Ж: Мен 23 жастамын.

3.Ұшқыштар аспанда көбінесе қандай санды бейнелейді?



Ж: 8

4.Бұзық балаларды жазалау үшін қолданылатын геометриялық фигура?



Ж: бұрыш
5. Анаграмма

Топтарға «АРИФМЕТИКА» сөзі беріледі. 2 минут уақыт беріледі.


Мүмкін болатын сөздер:
Акр Камера Кит Мера Мир Рама Риф Тик Ферма

Ар Кара Кифара Мерка Миф Рама Рифма Тир Фирма

Арка Карат Крем Метка Мрак Река Тара Тиф Фрак

Арфа Карта Мак Метр Рак Ритм Тариф Фа

Икра Катер Марка Метрика Ракета Ритмика Тема Фара
Сайысымызды қорытындылау үшін сөз әділқазылар алқасына беріледі.
Жүргізуші:

Осымен біздің сайысымыз өз мәресіне жетті. Жеңімпаз топтарды құттықтаймыз.

С.Сейфуллин атындағы орта мектеп

Ашық сабақ

Тақырыбы:


«Квадрат теңдеулерді шешу»

8 «ә» сынып




Өткізген: математика пәні мұғалімі

Ұ.Бисенғалиева




2019-2020 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет