Сабақ түрі тәрбие сағаты Әдісі: баяндау, сұрақ жауап, шығармашылық



Дата17.06.2018
өлшемі23,78 Kb.
#42943
түріСабақ
    Бұл бет үшін навигация:
  • Кітап
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Кітап – ақылшы досың»
Мақсаты: оқушыларға оқулықтың шығу тарихынан қысқаша мағлұмат беру, қазіргі заманғы кітап түптеу, баспа орындарымен, кітапханалармен сырттай саяхат жасау арқылы оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын дамыту; оқулықты құрметтей білуге, кітапты ұқыпты ұстауға баулу; оқушының білімдік танымын өмірмен байланыстыра отырып арттыру; кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру

Сабақ түрі — тәрбие сағаты

Әдісі: баяндау, сұрақ – жауап, шығармашылық

Көрнекілігі: кітаптар көрмесі, ұлағатты сөздер, нақыл сөздер, ақпараттық технология (слайдтар),видео репортаж, әсемдеу заттары

 

Сабақ барысы:



  1. Кіріспе

  2. Әдеби – музыкалық монтаж

  3. Сахналық қойылым

  4. Сырттай саяхат (видео репортаж)

  5. Кездесу

  6. Қорытынды

 

Кітап — адам өмірінің таусылмас қазынасы мен дүниенің айнасы, ғылым — білімнің көзі, өнер мен тәрбие құралы, өмір күресінің ең мықты қаруы болатынақылшы досың. (2-слайд)

 

Мұғалім:



Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін «Кітап – ақылшы досың» атты тәрбие сағатын тамашалауға келіп отырсыздар.

Балалар, бұл жол басы даналыққа,

Келіңдер, оқып байқап қаралық та.

Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,

Соларды көре тұра қалалық па?

Даналық – өшпес жарық, кетпес байлық,

Жүріңдер іздеп, тауып алалық та! (3 – слайд)

Кітап – адам баласының ақыл – ойынан туған рухани байлықты сақтап қалатын, оны ұрпақтан – ұрпаққа жеткізіп отыратын құрал. Кітап – араб сөзі. Ол қазақша «жазу», «жазба» деген мағынаны білдіреді. (4-слайд)

1 — жүргізуші:

Адамның досы – кітап, өмір кілті,

Тең келмес оған жиған дүние-мүлкі,

Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,

Асыл ой қазынасы, өмір көркі.

2- жүргізуші:

Тұрады басын құрап әріп неден,

Басталған білім басы Әліппеден.

Қарасақ шалқар теңіз, түпсіз мұхит,

Оқысақ, кітап сырын ашып терең.

1- жүргізуші: Кітап алғаш саз балшыққа үшкір ағашпен жазылып, күнге кептіріліп жүрді. Кейін Мысыр елінде балшық орнына папирус өсімдігі пайдаланылды да, кітап қолжазба түрінде тарады. (5, 6 слайдтар)

 

2 – жүргізуші:



1041- 48 жылдары Қытайда Би Шэн тұңғыш рет кітап басып шығарды.

Кітап басу — қолжазбаны дайын кітап етіп шығаратын полиграфиялық өндіріс процесстерінің жиынтығы. Кітап басу негізін әріп теру және оны қажетті бетке көшіру процестері құрайды.

 

1 – жүргізуші:



Еуропада кітап басу ісі 15 ғасырдың 40 жылдарында неміс өнертапқышы И. Гутенбург баспа станогін ойлап тапқаннан кейін қолға алынды. 1461 жылы Бамбургте баспаханашы А. Пфистер ағаштан жасалған шрифтімен суретті кітап шығарды. Алғашқы кітап басу станогі өздеріңіз көріп отырғандай түрде болған. (7-слайд)

 

1 – жүргізуші:



Ресейде «Апостол» атты тұңғыш кітапты 1554 жылы И.Федоров пен П. Мстиславец басып шығарды. Алдарыңызда осы алғашқы орыс кітабының нұсқасын көріп отырсыздар. (8-слайд)

 

2- жүргізуші:



Қазақ даласында мектеп салған, қазақ балаларына арнап «Әліппе» жазған кім деп ойлайсыңдар? (көрерменге қойылатын сұрақ).

Жауабы: Ы. Алтырсарин.

Тұңғыш қазақша кітаптар 1800 жылы шығарыла бастады.

 

1 – жүргізуші:



Кітапты оқымайды сыйламаған,

Білімге жанын жанып кинамаған.

Өсірген кімнің болсын ой-өрісін,

Сол кітап сырын аышп терең.

 

2-жүргізуші:



Түлекті тәрбиелер кітап – мектеп,

Өседі сол кітаптан бұрақ көктеп.

Молайтып ақылыңды сан еселеп,

Береді білім нәрін кітап көптеп.

 

1- жүргізуші:



Музыкалық өнер: Досанова Гүлбанудың орындауында «Айнамкөл» әні. Қабыл алыңыздар.

3 – оқушы:

1477 жылы флоренциялық баспаханашы Ли Лоренцо мәтін мен суреттерді бір қалыпқа құрастырып кітап басып шығарды.

4 – оқушы:

16-18 ғасырларда баспа станогінің қолмен атқарылатын жұмыстары механикаландырылып, оның ағаш қалыптары металмен ауыстырылды.

5 – оқушы:

1814 жылы неміс өнертапқышы Ф. Кениг машинка ойлап тапты, сол машинканың арқасында жаңаша басылымда Таймс газетін басып шығарды.

6 – оқушы:

19 ғасырдың аяғында өндіріске теру және брошюралап түптеу машиналары қосылды. 1867 жылы алғаш автоматты теру машинасы жасалынды.

7 – оқушы:

20 ғасырдың орталарында кітап басуда электроника техникасы кеңінен қолданыла бастады.

 

8 – оқушы:



Кітап!

Сен адамзаттың жақын досы!

Келмейді сені оқымай көңіл хошы,

Ел мұңы, көңіл сыры, ақын жыры,

Басылған таңба болып өзіңдей осы.

Кітап!

Сөйлесіп өзіңменен тіл қатады,

Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады.

Жеткізіп өткендердің өсиетін,

Шешіліп кейде достай сырласады.

Кітап!

Ақылдың сөнбейтұғын шамшырағы,

Білімнің сарқылмайтын бал бұлағы.

Ашқанда-ақ өткен күннен беттеріңді,

Келер күн көз алдымда кеп тұрады.

2 – жүргізуші:

Көрініс. «Кітаптың киесі».

Автор: Әсет кітап оқымайтын. Тек ойыншықтармен ойнап, компьютерде отыратын. Кітаптарын жыртып – жыртып, лақтырып тастайтын. Ол таңертең тұрып, анасының кітап арқылы жасаған түрлі – түрлі дәмі тіл үйіретін тағамдарын жеп болып, ойынға кететін. Осылайша алтындай уақытын босқа өткізетін.

Кешкі уақыт болды. Ол әлі компьютер алдында. Әсет «шіркін, менің түсіме періште келсе екен. Ол арманымды орындайтын болса, кітап жоқ болсын дер едім. Кітап деген немене. Әшейін-ақ зат, оқитын түгі жоқ.» деп ойланып отырып, сол күйінде ұйқыға кетеді.

 

Кенет түсіне періште келеді. Ол Әсеттен:



  • Саламатсың ба, балақай! – дейді жай үнмен. Әсет ұйқылы – ояу көзін ашып:

  • О – о – о, періште! Сәлеметсің бе?, — деді таңырқаған үнмен.

  • Жағдайың қалай?

  • Жақсы.

  • Әсетжан, мен сенің бір ғана арманыңды орындаймын. Өзіңнің қиялыңды айта ғой. Тек жақсылап ойлан.

  • Менің арманым – кітап жоқ болсын.

  • Ай, балақай, сен жақсылап ойландың ба? Ойыңды өзгерпеймісің?

  • Жоқ, өзгертпеймін. Менің жалғыз арманым – осы.

  • Жарайды, балақай, бірақ кейін өкініп қалма.

Автор: Таң атты. Әсет ұйқыдан тұрып, жуынып келіп, үстелге отырады. Алдына анасы үнемі тамақ әзірлеп қоятын. Бірақ бүгін тамақ жоқ. Неге?

Әсет: Мама, мама! Тамақ қайда?

Мамасы: кітап болмаса, тамақ қайдан болсын?

Автор: Әсет біраз ойланып тұрып, басын төмен салбыратып, мұны

ұмытқандай болып, бөлмесіне кетеді. Бөлмеге келіп ойыншық ойнайын десе ойыншық жоқ. Қайда кетті?

Әсет анасынан: Мама, мама, менің ойыншықтарым қайда?

Мамасы: кітап болмаса, ойыншық қайдан болсын?

Автор: Әсет бұған да көніп, енді компьютер ойнайын десе, компьютер істемейді. Неліктен?

Әсет: Мама, мама. Компьютер неге істемейді?

Мамасы: кітап болмаса компьютер қайдан істесін?

Автор: Әсет өзінің қылығына қатты өкінеді.

Әсет: «Шіркін тағы періште түсіме енсе, мен өмірде кітап болсын дер едім. Әттең, мен өз қолымда болған мүмкіндіктен айрылдым. Кітап қадірін мен неге ертерек ұқпадым екен?» — деп қатты өкінеді.

Автор: Кітап арқылы әр адам әлемдегі бар нәрсені біле алады. Кітап – білім бұлағы. Кітап – асыл мұра, дара тұлға.

 

 



9 – оқушы:

20 ғасырдың соңында техникада пайда болған жоғары баспа машиналары Қазақстанда офсеттік және цифрды баспаның кең өріс алуына ықпал жасады. Офсеттік құрал дегеніміз компьютермен теру, фото теру автоматтары. Осының негізінде Қазақстанда қазіргі заман талабына сай бірнеше типографиялар іске қосылды.

Қазір Қазақстанда 200-ден астам типография кітап басу ісімен айналысады. (9 – слайд)

 

10 – оқушы:



Кітап графикасы – графиканың бір түрі. Кітап графикасына кітапты иллюстрациялау мен құрылымын үйлестіру, яғни мұқаба, ішкі беті – титул және кітаптың басқы беттері мен соңғы беттерін безендіру жатады. Графикалық безендіру мітіндік материалдарды толықтырып, кітап құрылымының макетін құрайды. Кітап графикасы Қазақстанда 1920-30 жылдары қалыптаса бастады. (10 – слайд)

 

1 – жүргізуші:



«Кітап туралы» өлеңді оқитын біздің сыныптың жас қаламгер ақыны Әбілхан Инабат пен Жансейтова Марал.

 

«Кітап туралы»



Ол арқылы біз үйрендік оқуды,

Ақылды да тәрбиелі болуды.

Ол арқылы үйренеміз осыны,

Үйренеміз білімді де болуды.

Үйренеміз түрлі-түрлі өнерді,

Сен арқылы әлем үнге бөленді.

Мүмкін біз боламыз да шеберлі,

Оқи берсек, түрлі жырлар, өлеңді.

Кейбіреулер оқымайды, «білемін» деп,

Ақшаменен оқимын да жүремін деп.

Алдында компьютердің күнде отырып,

Ақша арқылы бір нәрсені ілемін деп.

Бұл ойларың қате болар ей, балалар!

Кітапты оқымасаң обал болар.

Оны біз оқымасақ бар ынтамен,

Дамымас ешбір елде көп қалалар.

 

Жансейтова Марал.



Кітап туралы.

Кітап – ол білімнің бастауы,

Ол білімнің қоштауы.

Кітап бес әріптен құралған,

Сиқырлы арман.

Өнер, өсиет, байлыққа толып атқан,

Кітап дүниедегі сыйлы зат,

Бағала оны болашақ.

Ол бізге ежелден келе жатқан аманат.

Ақын жандар жыр – дастанды жазады

Бар мұрасын кейінгі ұрпаққа тапсырып,

Қайтпас ауқыт

Қолдамын татып,

Босқа өткізбе еркелеп,

Білім – деген бағасыз,

Қадірін білмес санасыз,

Білген жан – көсем,

Сөйлесе шешен.

Берік «Кітапханадағы ой»

Кітапхана – бар білімнің ордасы,

Ала білсең таусылмайтын қазынасы.

Оқу, білім сәуле құйса санаңа,

Өміріңе аз емес қой пайдасы.

«Ақыл азбас, білім тозбас кен», — дейді,

Іздемесең – бақыт өзі келмейді.

Білім жолын таба білсең ерінбей,

Ол жаққан от өмір бойы сөнбейді.

 

2 – жүргізуші:



Қаламыздағы кейбір кітапханаларға сырттай саяхат жасап көрейік. (видеомонтаж 10-15 минут).

 

1 — жүргізуші:



Құрметті оқушылар, енді өзіміздің мектептің кітапхана қызметімен, ондағы болатын іс-шаралармен, кітапхананың жаңа қорларымен біздер мен сіздерді осы кітапхана меңгерушісі Айсұлу апайларымыз таныстырып өтеді. Сол кісіге сөз кезегін берейік.

 

2 — жүргізуші:



Жайнатып жанымызды,

Келтіріп сәнімізді

Арнайық бас қосқанда

Тамаша әнімізді, — деп келесі музыкалық сәлемдемені Айсұлу апайға арнаймыз.

 

1 – жүргізуші:



Оқы талмай, түй санаңа, оқырман,

Сыр құяды, нұр құяды бойыңа.

Таза ұстап, кітап оқы қастерлеп,

Бар білімді егеді ол миыңа.

 

2- жүргізуші:



Есіңде болсын! (11 — слайд)

  • Кітабыңды құрметте.

  • Кітапты оқығанда ойға сақтауға, өмірге пайдалануға әдеттен.

  • Кітапты ұқыпты, таза ұста.

  • Кітап беттерінің бұрыштарын бүктеме.

  • Кітап беттерін жыртпа.

  • Кітапқа сурет салма, жазба.

  • Тамақ ішіп отырып кітап оқыма.

  • Кітап арасына қалам салма.

  • Кітапты жоғалтып алма.

 

Кітап — қымбат дос. Ол сенің айыбыңды ашпайды, сырыңды сыртқа шашпайды. Саған әр уақытта үндемей көмектеседі. Әрдайым айтқаныңа мкөнеді, айдауыңа жүреді, ақы сұрамайды, бірақ сен де кітапқа қайырымды бол. Оны сүй! Кітаптан үйренген жақсылығыңды жұртқа үйрет! Кітап – көп ақылдың құйылған көлі, олртақ мүлік, халық қазщынасы, сарқылмас білім бұлағы.

Мұғалім:

Балалар, біздің ата-бабаларымыз «Кітап – көп ақылдың құйылған көлі», «Кітап – білім бұлағы», «Кітап – ғажап дос» деп бекер айтпаған. Кітап – шебер ұстаз, тілсіз мұғалім. Кітап – адал пейіл, асыл дос. Барлық білімді кітаптан аламыз. Кітап бізді қайырымдылыққа, адалдыққа, әділдікке үйретеді.

Осымен, «Кітап – ақылшы досың» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Сау болыңыздар. (12-слайд).
Каталог: uploads -> doc -> 0a70
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0a70 -> Сабақ тақырыбы Сағат Зертханалық сарамандық жұмыстар Кіріспе


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет