Сабақ түрлеріне байланысты сағаттарды бөлу Р\с тақырыптар аты



бет10/53
Дата23.05.2024
өлшемі0,69 Mb.
#202828
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   53
Байланысты:
КОНФЛИКТОЛОГИЯ ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ

Әдебиеттер


Негізгі
*1. Анцупов А.Я., Шипилов А.И. Конфликтология: Учебник для вузов. М., 1996.
*2.Андреев В.И.Конфликтология: искусство спора, ведение переговоров и разрешение конфликтов –Казань 1992
*3 Основы конфликтологии: Учебное пособие / Под. ред. В.Н.Кудрявцена. М., 1997.
*4.Скотт Дж.Г.Конфликты: Пути их преодоления Киев, 1991
Қосымша
*3. Гришина Н.В. Психология межличностного конфликта: Дис... д-ра психол. Наук. СПб., 1995.
4. Дмитриев А., Кудрявцев В., Кудрявцев С. Введение в общую теорию конфликтов. М., 1993.
*5. Ламанов И.А. Межличностные конфликты и способы их конструктивного разрешения: Дис...канд. психол. наук. М., 1998.
*6. Майерс Д. Социальная психология. СПб., 1997.
7. Олейник А.Н. Основы конфликтологии. М., 1992.
8. Сулеимова Т.С. Социальная робота и конструктивное разрешение конфликтов. М., 1996.
9. Съедин С.И. Основы управления. М., 1996.
10. Фишер Р., Юри У. Путь к согласию или переговары без поражения. М., 1990.
1. Дәріс. Конфликтологияның басқа пәндер арасында алатын орны.Конфликт ұғымы.
Мақсаты: ЖОО студенттеріне конфликт ұғымы және конфликтологияның өзге пәндермен пәнаралық байланыстар туралы теориялық білім беру.
Жоспары:
1.Конфликтология және оның өзге пәндермен байланысы.
2. Конфликт психологиясының тарихы конфликтологияның бір саласы ретінде
3. Конфликтінің мәні туралы қазіргі таңдағы көзқарастар

1. ХХI ғасыр адамзатты альтернатива алдына қоюы мүмкін; ол не конфликтология ғасыры болады, не цивилизация тарихындағы соңғы ғасыр болады. ХХ ғасырдағы конфликтілер адамдардың опат болуының негізгі себебі болады.Екі дүниежүзілік соғыс, 200-ден астам ірі маштапты соғыстар , жергілікті әскери конфликтілер, тотолитарлық режимдер территориялары, билік үшін қарулы күрестер, өзін-өзі өлтіру –конфликтілердің барлық осы түрлері нң жуық бағалау бойынша жүзжылдықта 300 млн-ға дейін адам өмірін қиып кетті.


Ұйымдардағы конфликтілер олардың іс-әрекетінің сапасына белгілі бір әсерін жиі тигізеді.Жанұядағы және өз-өзіңмен келісім әрбір адамның бақытты өмір сүруінің маңызды шарты ретінде көрінеді.Осының бәрі конфликтілердің жеке адам, жанұя, ұйым, мемлекет, қоғам және жалпы алғанда, адамзат өміріндегі шешуші рөлі жайлы айтады.
Конфликт проблемасына арналған алғашқы отандық жариялымдар ХХ ғасырдың 20-жылдардың басында пайда болды. Оларда конфликт проблемасы тұңғыш рет жеке өз бетінше ретінде бөлінеді, жұмыстың атауында «конфликт» ұғымының өзі пайда болады.Осы уақыттан бастап Ресейде жаңа ғылым- конфликтология қалыптаса бастады.Қазіргі кезде конфликт проблемасын зерттеумен айналасатын 11 ғылым анықталды.Оларға жататындар: психология, философия, әлеуметтану, әскери ғылымдар, өнертану, тарихи ғылымдар, математика, педагогика, саяси ғылымдар, заңтану және социобиология.
Жаңа ғылым – конфликтология әдеттегі 2-3 ғылымның жапсарында тумайды пайда болмайды.Конфликталогияның қалыптасу кезінде жоғарыда айтылған ғылымдар шеңберінде жиналған конфликт жайлы білімдер қолданылады.Әр түрлі ғылыми пәндердің соншалықты кең спектрін көрсететін көптеген ғалымдардың тұрақты қызығушылығын туғызатын басқа құбылысты атап көрсету қиын.
Конфликтологияда әскери ғылым еңбектері аз көрсетілген ал конфликт (алғашқы жариялым) проблемасына байланысты алғашқы жариялым 1988ж пайда болды. Өнертанудың талдауы конфликтінің «жанама» көрінісін, Яғни конфликтілі құбылыстардың мәдениет пен өнер туындыларындағы сипаттамаларын зерттеуді ұйғарады. Тарихшылар әдетте мемлекетаралық конфликтілердің, сондай-ақ үлкен әлеуметтік топтар арасындағы конфликтілердің пайда болу және дамуының фактологиялық аспектісін зерттейді.Конфликтіні математикалық зерттеулер параметрлер мен айнымалыларды қатаң формализациялау шарттарын сақтау кезінде оппоненттердің конфликтіні өзара әрекеттесулерінің математикалық модельдерін жасауға бағытталған.Педагогтар талдауының обьектісі негізінен білім беру саласындағы конфликтілер мен жанұялық конфликтілер болып табылады.Конфликтілерді саяси талдау соңғы он жылда қарқынды жүріп келе жатыр.Бұл кеңестіктен кейінгі кеңестікте социум конфликтілігінің өсуімен және тұтас саясаттанудың буырқанды дамуымен байланысты.
Заңтанушылар конфликтілерді зерттеуге бірінші болып кірісті және бүгінде конфликтологияның саласы –заң конфликтологиясы белсенді дамып келе жатыр.Конфликтіні зерттеуші ғылыми салалар арасынан психология жетекші орын алады.Психологтардан алынған білім конфликтологияның теориялық сондай-ақ, практикалық бөлімдерінің негізін құрайды.
Сонымен, конфликтология –түрлі деңгейдегі; ішкітұлғалық, әлеуметтік (тұлғааралық, топаралық, мемлекетаралық), зооконфликтілер –конфликтілерді ғылыми зерттеудің пәнаралық саласы.Конфликт ретінде өз кезегіңде жақтардың өзараәрекеттесу процесінде пайда болатын маңызды қайшылықтарды шешудің анағұрлым шиеленіскен тәсілі түсініледі.
Конфликтологиялық зерттеулердің сапасы көп жағдайда аталмыш құбылысты зерттейтін 11ғылымның пәнаралық байланыстарының сипатына тәуелді.Дәл осы пәнаралық зерттеулердіңнәтижесінде конфликтілердің пайда болу даму және аяқталуының жекелеген емес, жалпы заңдылықтарын анықтауға болады.Конфликтіні зерттеу кезінде
Социобиологияны қоспағанда барлық басқа ғылымдар өкілдерінің еңбектерін қолданатын философтар мен әлеуметтанушыларда біршама кең пәнаралық байланыстар бар.Бүгінгі күнде социобиологтар мен математиктер өз ғылымдарында бар білімдерге сүйене отырып толығымен жеке жұмыс істейді.
Сондықтан да қазіргі кезде маңызды міндет конфликтологтардағы пәнаралық байланыстар мен пәншілік өзара әрекеттесулерді күшейту болып табылады.Конфликтология салаларының интеграциясы барлық жекелеген конфликтологиялық ғылымдардың теңдігі принципінің негізінде жүзеге асуы тиіс.Сонымен бірге қазіргі кезде психология обьективті түрде жүйеқұрушы ғылым рөлін атқарады.Бұл мыналармен анықталады:біріншіден, психология конфликтілердің барлық түрін зерттейтін жалғыз ғылым болып табылады;екіншіден,психологияның обьектісі – барлық деңгейдегі конфликтілердің орталық звеносы болып табылатын шынайы адам; үшіншіден, психологтар конфликтілерді зерттеу көмегі бойынша жетекші орын алады; төртіншіден, тек психологияда 1922 жылы (конфликтологиялық қалыптасу проблемасы) білімдердің көрсетілген салаларының ұштасуы негізінде конфликтологияның қалыптасу проблемасы қойылды, ал кейін зерттелді.
Қазіргі күнгі әр түрлі ғылымдар конфликтігін зерттеуде түрінше алға басты және білімдердің пәнаралық саласы – конфликтологияның қалыптасуына өз үлестерін қосты.Нақты ғылымда конфликт проблемасын толық пайдаланудың салыстырмалы дәрежедегі обьективті критершілерінің бірі аталмыс проблемаға байланысты публикациялардың жалпы саны бола алады.Психология конфликтілерді зерттетенін ғылымдар арасында лидер болып табылады.Конфликт проблемасына байланысты публикациялардың жалпы санының 20,4 % -ін психологтардың үлесіне тиеді.Бұл кез келген әлеуметтік және ішкі тұлғаның конфликтілердің пайда болу, даму және аяқталуында адамның үнемі анықтаушы себепті рөл атқаратындығымен байланысты.Конфликт психологиядан басқа бұл феноменді зерттеуге саясаттану мен әлеуметтану айтарлықтай үлес қосты.Осы үш ғылымның өкілдері конфликтіні зерттетенің ғылымдарда бар публикациялардың жалпы санының 58% -ін дайындады.
2.Отандық конфликт психологияның тарихы жалпы алғанда, конфликтологияның қалыптасу тарихымен тығыз байланысты.Сондықтан да конфликт психологиясы өз дамуында конфликтология жүріп өткен периодтар мен этаптардан өтті.
1-кезең- 1924 жылға дейін.Бұл кезеңнің ішінде конфликтологиялық идеялар адамдардың шынайы конфликтілердегі мінез-құлық принциптерін, ережелері мен тәсілдерін практикалық біледі ретінде туындайды және дамиды.Сондай-ақ конфликтология мүдделері сферасына кіретін күштеу және күштемеу проблемасы өнер мен мәдениетте өз көрінісін табады.Алғашқы тастарға салынған суреттерде-ақ адам қатысқан түрлі конфликтілер бейнеленген.Осы периодта конфликтілер туралы алғашқы ғылыми білімдерде жинақтала бастайды.Конфликт психология, философия және кейбір басқа ғылымдар шнңберінде знрттеледі, бірақ жеке құбылыс ретінде бөлініп шықпайды.Біздің отандастар арасында конфликт проблемасын зерттеуде белгілі жазушы, зұлымдыққа күшпен қарсы шықпау теориясының авторы Л.Н.Толстой көрнекті орын алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет